Дәріс сабақтарының конспектілері 1,2 ДӘріс негізгі жағдайлар. Таным мен шығармашылықтың методологиялық ғылыми негіздері



бет25/58
Дата19.05.2022
өлшемі0.7 Mb.
#457259
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58
Алдын- ала экономикалық тиімділікті ғылыми зерттеу тақырыптарын негіздеу мен оны жұмыс жоспарына енгізуді орнатады. Оны осы саланың өндіріс топтарына зертеу нəтижелерін жобаланған көлемді ескере отырып жобалы, іріленген көрсеткіштерін есептейді.
Күтілетін экономикалық эффекті ҒЗЖ орындау процесінде есептеп шығады. Оны шартты түрде белгілі мерзімге жатқызады. Күтілетін экономия - алдын ала экономиямен салыстырғанда біршама дəл экономикалық критерий, дегенмен бірқатар жағдайларда ол жобалы көрсеткіш себебі енгізу көлемін жобалап анықтауға болады. Күтілетін эффект тек бір жыл ғана емес, біршама ұзақ мерзімге санайды. Шамамен мұндай мерзім 10 айдан, яғни жаңа материалдар үшін, 5 жылға дейін жобалар, құралдар, технологиялық процестерге 5 жыл беріледі.
Нақты экономикалық эффект ғылыми талдауды өндіріске енгізгеннен кейін бір жылдан соң анықталады. Оны ғылыми зерттеуге жұмсаған шығынмен есептейді. Ғылыми зерттеудің экономикалық тиімділіктерінің біршама нақты критерилері енгізуден нақты экономия болып табылады.


Бақылау сұрақтары:
1. Ғылыми зерттеудің тиімділігінің негізгі түрлері.
2. Ілеспелі жəне аралық ғылыми тиімділікті көтеру нəтижелері.
3. Ғылыми зерттеу тиімділігін анықтаудың сапалық жəне сандық критерилері.
4. Ғылыми жұмысшылардың жұмысының тиімділігі.
5. Ғылыми зерттеуді енгізудің экономикалық тиімділік түрлері.
19 ДӘРІС.
Ғылыми жұмыстардың нәтижелерін
рәсімдеу және ақпарат беру

Ғылыми жұмыстардың нәтижелерін рәсімдеу және ұсыну. Алынған нәтижелердің әдеби рәсімдері ғылыми зерттеудің логикалық аяқталуы болып табылады. Қорытынды мен жалпылама қалыптасқаннан кейін дәлелдеу ойластырылып және көркемдеу дайын болғаннан кейін, нәтижелер есеп беру, баяндама, мақала және т.б. түрінде рәсімделеді.


Шығармашылық еңбек нәтижесінің әдеби рәсімдеуі шығармашылық ашықтығын, жүйелігін және материал берісіндегі кезектілігін көздейді.
Тексттің құрылымдық құрамы. Тексті абзацқа, яғни азат жолдан басталатын бөлімдерге бөлу керек. Жазылудың мәні мұндай бөлудің критерийі болып табылады-әр абзац құрамында мағына немесе бірнеше сөйлем бар өзіндік мәнін қамтиды. Қайталау болмау керек, бірінші пікір бітпей келесі пікірге өту болмау керек. Қолжазбада ұзақ фразалар, кіріспе сөздер мен фразалар жіберілмейді, мүмкіндігінше қысқа және нақты сөйлемдер қажет.
Баяндама бейтарап болу керек, құрамында сыны бар, автордың атына жағымсыз болса да, әдебиетте қойылған сұрақ бойынша пайда болған пікірлерді бағалау. Ал егер бәстестік пікір пайда болса, ол туралы алдын- ала келісіп алу керек. Тексте автор өзіне аздау сілтеу жасаған жөн, ал егер бұл керек болып тұрса автор үшінші жақтан мәнер қолдану керек: автор сөйтіп ойлайды, біздің пікірімізше және т.б.
Мәтінді сандармен, сөз дәйектермен, сәндеулермен күрделендірудің қажеті жоқ, өйткені бұл оқырманның назарын алаңдатады және мазмұнын түсінуге қиындатады. Дегенмен де, мұндай материалдан мүлдем бас тартудың қажеті жоқ, себебі оқырмандар соған қарап зерттеу барысында алынған нәтижелерін тексере алады. Бүкіл көмекші материалдарды қосымша түрінде келтірген жөн.
Қолжазбадағы сөздәйектелген орындардың ақпарат көзіне дәл сілтемесі болуы керек.
Стандартқа сәйкес шартты белгілер мен рұқсат етілген сөздердің қысқартылуы қадағалануы тиіс. Былай жазуға болмайды, мысалы: 10 тонна немесе 10 тн немесе 10 т., тек қана былай 10 т (нүктесіз). Бұл стандарттар мен қысқартылған сөздер туралы мәліметтер анықтамалық басылымдарда, энциклопедияларда, сөздіктерде бар. Егер стандартты емес қысқартылған сөздер қолданылса, бөлек қысқарту кестемін беріп және есеп берудің басына орналастырған жөн.
Ғылыми есеп беруді, баяндаманы, мақаланы жазғанда келесі жалпы мазмұндама жобасын ұстану жөн:
Алдымен аты ойластырылады (жұмыстың атауы қысқа, анық, жұмыстың мазмұнына жауап беретін болуы тиіс, себебі бұл бойынша ғылыми жұмыс пәннің каталогы бойынша жіктеледі). Жұмыстың аталуы мұқаба бетке жазылады, онда атау септігінде автордың (авторлардың) толық аты, әкесінің аты, тегі және жұмысты жазған кездегі атқаратын қызметі, ұсынған жұмыстың қай қалада және мекемеде жасалуы, рәсімделген жылы, басқарушының тегі, шені және атағы жазылады.
Тарауды (мазмұнын) қысқаша түрде оқырман алдына ашу керек жұмыс мазмұнын негізгі бөлімдерді, тарауларды және басқа да қолжазба жіктелу мен белгілеу жолымен. Қолжазбадағы жалпы құрылымдағы мазмұнын орны не басында, не соңында болуы мүмкін.
Кейде ғылыми жұмысты рәсімдеген кезде оған алғысөз беру қажеті туады. Онда ғылыми жұмыстың пайда болуына сыртқы әсерлер айтылады: ол не себептен пайда болды, жұмыс қашан және қай жерде жасалды, осы жұмысқа ықпалын тигізген ұйымдар мен адамдар тізімі айтылады.
Қысқаша кіріспеде автор оқырманды қиындықтармен таныстырады, зерттеудің негізгі сұрағын нақтылайды. Мұндай кіріспеде проблеманың мәні анықталады, оның өзектілігі, автордың ғылыми жұмысты жазғанда мақсаты мен тапсырмасы, осы сәттегі мәселенің ахуалы.
Кіріспеден кейін қарастырылған сұрақ бойынша қысқаша әдеби шолу беріледі. Сонымен бірге маңызды әдебиетті маңыздысыздан ажыратуға мән бөлу керек.
Жұмыстың негізгі мазмұнына материалдар, әдістер, тәжірибелік мәндер, жалпылау және зерттеудің нәтижесі кіреді. Текстте қолданылатын сөз бен сөз тіркестеріне үлкен көңіл бөлу керек, олардың екімағыналылығын жібермеу.
Қайта енгізілген терминдер мен түсініктерді кеңінен айқындау керек. Кең қолданылатын және арнайы терминдерді және түсініктерді ашып жазудың қажеті жоқ, себебі ғылыми жұмыс дайын оқырманға, мамандарға арналған.
Сандық материал, егер ол бар болса, қарап шығуға оңай болатын түрде ұсынылады (кесте, диаграмма, график түрінде) айрықша дәлдікпен қадағаланады, себебі қате сандар қате нәтижеге әкеліп соғады. Егер де кез-келген сандық материалды жеткілікті ашықтылығы және қысқалығымен тексттің өзінде баяндауға болса, онда оны кестелік түрге келтірудің қажеті жоқ.
Сонымен қатар барлық жолда бірдей санмен көрсетілетін мәндерді енгізудің қажеті жоқ (оны текстте жазу ыңғайлы). Текстке қосылған әр кестенің тақырыбы және нөмірі болуы тиіс. Әсіресе кестенің тақырыбының бағанасына көңіл аударылуы тиіс. Кестеде кем дегенде төрт сұрақтың жауабы болуы керек: не, қашан, қайда, қайдан.
Тұжырымдар жұмыста баяндалған материалға сай жауап беру керек. Тұжырымдар жауаптың соңында қысқаша келтірілген және нөмірленген қысқаша тезис түрінде жазылады. Кейде оларды біріктілген, бірақ шекті сығылған баяндама түрінде беріледі және принципті сақтайды: қорытындыда жекеден жалпы және маңызды түріне өту керек.
Қорытындыда ғылыми зерттеудің жағдайы келтіріледі, нәтиже беріледі, автордың берілген жағдайлары көрсетіледі, сонымен қатар рұқсат қажет ететін сұрақтар қарастырылады. Қорытындыда ешқашан тұжырым қайталанбау керек. Әдетте олар шамалы болып келеді, бірақ ақпарат бойынша көлемді болады.
Жақсы жазылған қорытынды мына көрсеткіштермен сипатталады, осы қорытындыны оқыған адам берілген бағыт бойынша зерттеулермен таныс берілген жұмыстың сапалық түрін өз алдына елестете алады.
Жұмыстың соңында қолданылатын әдебиеттер тізімі келтіріледі. Сөз дәйектелген әдебиет көзі, егер олар аз немесе біреуі қолданылса, онда оларды текстте көрсетуге болады, ал егер олар көп және көп рет қайталанса, онда текстте тізім нөмірін көрсету керек берілген әдебиет көзінің тізімі бойынша, жұмыстың соңында көрсету. Барлық көздер библиографияда қабылданған түрде жазылуы және нөмірленуі керек. Жиі әдебиеттер тізімін берілген жұмыс бойынша сілтеме тәртібінде құрастырады.
Ғылыми еңбектерде жұмыс соңында қосымша беру қажеттілігі туады, оған қосымша кестелер, графиктер, қосымша тексттер және т.б. материалдар кіреді. Көп жағдайда жұмыс тексті бойынша реферат немесе аннотация дайындау керек.
Аннотация-бұл есеп берудің немесе басқа мөр туындыларының қысқаша сипаттамасы, мазмұны, бағыты, пішіні және басқа қасиеттерінен көзқарасы.
Реферат - біріншілік құжаттың немесе оның бөліктерінің қысқаша баяндамасының мазмұны, негізгі нақты мәліметтер мен тұжырымдар.
Жариялауға арналған барлық жұмыстар алдын- ала пікірден өтеді. Пікір - бұл әдетте қысқаша мақала, құрамында еңбектің талдауы мен сын бағадан тұрады. Әр пікірде рецензияланатын мақаланың тақырыбы болуы керек, негізгі сұрақтарды қысқаша атап өтуі, рецензияланатын жұмыстың негізгі жетістіктері мен ақауларын көрсету. Рецензиның соңында резюме келтіріледі, онда шығарманың өзектілігі бағаланады, оның теориялық және практиаклық мәні, дәлелдеу мен тұжырымдардың дұрыстылығының жалпы бағасы беріледі.
Рецензияларды ақпараттық (қарастырылатын жұмыстың мазмұнын қысқаша шолу) және сындық (автордың позициясын ғылыми анализге ұшырату, автормен қолданылатын материалды нақтылау, ал кейде толықтыру).
Қолданбалы және техникалық ғылым аумағында орындалған ғылыми зерттеу жұмыстарының құрамында жаңа конструкция болып келетін нәтижелер, материал, технологиялық процес және т.б. бар. Осыған байланысты ғылыми зерттеулердің барлық нәтижелерін өнер тапқыш затына талдау қажет, егер ондай табылса онда мұндай ойлап табушылыққа арыз түрінде рәсімдеу керек.
Ғылыми жұмыстың нәтижелерін ауызша ұсыну. Ғылыми құжаттың басым бөлігін мамандар ауызша ұсынудан алады-докладтар және жиналыс үстінде өткен хабарландыруларда, семинарларда, симпозиумдарда, конференцияларда және жеке кездесу кезіндегі сұхбатта және т.б. Жиналыс - бұл бір ғылыми бағыттағы мамандар мен ғалымдардың коллективті байланыс түрі.
Коллоквиум - әр түрлі саладағы ғалымдардың пікір алмасудың коллективті кездесуінің формасы. Бар болғандар бейтарап дискуссия қатысуышы болып табылады. Коллоквиумдарда ресми түрде баяндаушылар тағайындалмайды.
Симпозиум алдын- ала дайындалып қойған баяндамамен және экспромтпен сөз айтудың жартылай ресми сұхбаттың түрі.
Конференция – ақпарат алмасудың ең көп тараған түрі. Қатысушылардың бір бөлігі-баяндамашылар, олар жаңа ғылыми идеялар туралы, теориялық және эксперименттік жұмыстардың нәтижесі туралы, өндірістік тәжірибе туралы хабарлап, сұрақтарға жауап береді. Ал екіншісі – басым бөлігі ақпаратты қабылдайтын тыңдармандар. Тыңдармандар дауға қатысып, сұрақ қоя алады.
Съездер мен конгрестер ұлттық және халықаралық сипаты бар сұхбаттың жоғары, маңызды түрі. Бұл жерде берілген бір ғылым және техника саласында немесе басқа да ғылым стратегияы іс жүзіне асады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет