Ғылыми стиль - стилъдің ғылым саласында қолданылатын түрі. Ғылым стилъге нақтылық, логикалық, мазмұн дәлелдігі қажет. Ғылыми стилъде сөйлемдегі сөздердің қалыпты орны, тіл нормасы қатаң сақталады. Ғылым стилъдегі еңбектерге монография, оқулық, мақала, диссертация, реферат, баяндама, тезистер, патенттер, т.б. жатады.
Ғылыми таным - танымның ең жоғарғы пішімі. Ғылыми таным рационалдық сипатының басымдылығымен ерекшеленетін өте күрделі құбылыс. Ол, негізінен, ұғымдар жүйесі, теориялар, заңдар сияқты басқа да ойлау процестерінің түрлері арқылы айқындалады. Әрине, мұнда сезімдік танымның рөлі де жоққа шығарылмайды, алайда ол ғылыми танымның теориялық ауқымында жанама, екінші рөл атқарады.
Ғылыми таным құбылыстар мен процестердің ішкі әмбебаптық байланыстары мен заңдылықтарын эмпириялық білім мен ақыл-ойға табан тіреп, рационалды түрге сараптау арқылы бейнелейді. Мұнда сараптау ұғымдар жүйесі, ой қорытындысы, заңдар, категориялар мен принциптер сияқты жоғары дәрежедегі асбстракциялар жүйесі арқылы іске асады. Ғылыми танымның ең маңызды міндеті - мейлінше ақиқатқа жету, оның мазмұнын жан-жақты ашу. Осы міндетті іске асыру үшін ғылыми танымның көптеген тәсілдері кеңінен пайдаланылады, оларға: абстракциялау, синтез, дедукция, абстрактылықтан нақтылыққа қарай өрлеу, тарихилық және логикалық әдістер жатады. Ғылыми танымның аңызды ерекшелігі ~ оның өзіне бағытталғандығы немесе ішкі ғылым рефлексия ретінде қалыптасуы; ягни ол тек таным процесінің өзін, оның пішімдері мен әдіс-тәсілдерін, ұғымда жүйесін зерттейді.
Ғылым логикасы - ғылыми танымның логикалық заңдылықтарын зерттейтін философия ғылымының саласы. Ғылым логикасы жалпы ғылымға, ғылыми танымға тән заңдылықтарды зерттейді. Философиялық зерттеудің арнайы нысаны ретіндегі ғылым логикасы жөнінде 20 ғасырдың 1-ширегінде позитившіл философиялық ағым өкілдері (Фреге, Рассел мен Витгенштейн) мәселе көтере бастады. 20 ғасырдың 30 жылдары Вена үйірмесіне қатысушылар, сондай-ақ К. Поппер, В.Дубислав Рейхенбах т.б. ғалымдар философияны формалды логика ретінде түсіндіріп, оның міндеті - ғылымның тіліне талдау жасау деген анықтама ұсынды. Әсіресе, Рейхенбахтың айтуынша, философтың қолынан келетіні ғылым нәтижелерін талдау, оларға мағына беру және дұрыстығын анықтау ғана.
Таным теориясы ғылымды талдау болады. Бұл тұжырым, әрине, философияның өзіндік проблематикасын жоққа шығарады. Бірақ бұдан ғылым логикалық талдаудың нысаны бола алмайды деген қорытынды шықпайды. Формалды логика дайын, қалыптасқан білімді қарастырады; білімнің жалпы ғылымга тән формалдық құрылымын, элементтерінің байланысын зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |