Дәріс сабақтарының конспектілері 1,2 ДӘріс негізгі жағдайлар. Таным мен шығармашылықтың методологиялық ғылыми негіздері



бет37/58
Дата19.05.2022
өлшемі0.7 Mb.
#457259
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58
Бақылау сұрақтары:

  1. Жалған ғылым түсінігін келтір

  2. Жалған ғылыми теорияның белгілерін түсіндір

  3. Көптеген теориялар мен гипотезалардың жалған ғылыми болып көріну себептерін келтір

  4. Жалған ғылым мен ғылымның маңызды талаптарын түсіндір



Лекция 25
Зерттеуде математикалық әдістерді қолдану. Аналитикалық әдістер.
Зерттеу нәтижелерінің статистикалық өңдеу әдістері. 


Зерттеуде математикалық әдістерді қолдану. Математикалық әдістермен тәжірибелік есептерді шешу есептердің математикалық құрылым жолымен жүзеге асады (яғни математикалық модельдерді игеру). Математикалық қорытындыларға анализ, математикалық модельдерден алынғандарға зерттеу кезінде әдістер таңдалады.
Есептердің математикалық құрылымы әдетте геометриялық көрініс, функция, теңдіктер жүйесі, сандар және т.б. сияқты түрде беріледі. Объектіні бейнелеу тоқтаусыз немесе дискретті, детерминирлік немесе статистикалық және басқа да математикалық формалар көмегімен берілуі мүмкін.
Математикалық модуль деп – зерттелуші объектіні, үрдісті, көріністі формула, функция, теңдік, теңдіктер жүйесі арқылы бейнелейтін математикалық қатынас жүйелерін атайды.
Математикалық модельдеудің бірінші этапына есептерді құру, зерттеу мақсатын және объектіні анықтау, объектіні жаттау және оларды басқару кезіндегі критерийлерді анықтау жатады.
Есептер дұрыс емес немесе толық емес құрылған болса, онда ол барлық келесі этаптардың қорытындысына кері әсерін тигізеді. Бұл этапта зерттелуші объектінің әсер ету облысының шекарасын құру өте маңызды рольді атқарады.
Объектінің әсер ету облысының шекрасы ішкі объектімен әсерлесуіне байланысты анықталынады.
Модельдеудің келесі этапына математикалық модельдің типін таңдау жатады. Математикалық модельдің типін таңдау барлық зерттеудің бағытын анықтайды. Әдетте олар бірнеше модельдер кезігімен құрылады. Зерттеуде олардың қорытындыларын салыстырып, ең жақсы қолайлысын алады.
Математикалық моделдер типін таңдау кезінде әздеу экспериментінің анализінен объект немесе үрдістің сызықты немесе сызықты еместігі, динамикалығы немесе статистикалығы, стационарлы немесе стационарлық еместігі сонымен қатар детерминирлілігін анықталынады.
Математикалық модельді таңдау үрдісі бірнеше бақылауды құрумен аяқталынады: бақылаулар түрлері, өлшеу, қатарлар, қатынас сипаттамалары, экстремальды жағдайлар, шекара жағдайы, математикалық жабылу, физикалық мәндері, модельдер тұрақтылығы.
Өлшеу бақылауы- ереже бойынша тек қана бірдей өлшемдер жиналып және теңелетін болса, жүзеге асады.
Қатарлар бақылауы- модельдерді кеңейтуге бағытталады. Мұнда мәндердің жиналуымен және аз мәнді қосылғыштар алынған кезде қатарлар анықталынады.
Қатынас сипаттамалар бақылауы- бір мәннің екінші мәнге өзгеру жылдамдығын және бағыттарды таңдау кезінде жүзеге асады. Математикалық модельден шығатын бағыт және жылдамдық есептің физикалық мәніне сәйкес болуы қажет.
Экстремальды жағдайлар бақылауы- есептерді шешу кезінде параметрлер модульдері нольге немесе шексіздікке жақындаған кезде қолданылады.
Шекара жағдайының бақылауы- есеп мәнінен шыққан, математикалық модельдердің шекара жағдайымен сәйкестігін тексеру жатады. Бұл жағдайда шекара жағдайы функцияны құру кезінде қойылғаны және бұл функция бұл жағдайда қанағаттандыратындығы тексеріледі.
Математикалық жабылу бақылауы- математикалық модельдің бірдей шешім берген кезінде тексеріледі.
Физикалық мәндер бақылауы- матиматикалық модельдерді құру кезінде, аралық байланыс физикалық құрылымын тексеру жатады.
Модельдер тұрақтылық бақылауы- шешімнің өзгерісіне әкелмейтін объектінің белгілі бір аралықтағы мәндері тексеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет