Дәріс сабақтарының конспектілері 1,2 ДӘріс негізгі жағдайлар. Таным мен шығармашылықтың методологиялық ғылыми негіздері


Өнертабысына берілген мәлімдеменің экспертизасы



бет34/58
Дата19.05.2022
өлшемі0.7 Mb.
#457259
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   58
Өнертабысына берілген мәлімдеменің экспертизасы.

Мемлекеттік институт КАЗПАТЕНТ – ке түскен мәлімдемелер міндетті түрде экспертизадан өтуі керек. КАЗПАТЕНТ институтында тіркелген өнертабысы мәлімдемелері екі кезеңнен өтеді: алғашқы және патенттік.


Алғашқы экспертиза - өнертабысы туралы түскен мәлімдеменің қойылған талаптарға лайықтығын бір айдың ішінде тексеруі керек. Алғашқы экспертизаның нәтижесі бойынша мәлімдемені әрі қарай талқылауғғ-а қабылдауға бола ма, не болмай ма деген шешім шығарылуы керек. Егер мәлімдеме бойынша оң шешім шығарылмаса, оның қабылданбау себебін көрсетіп, екі айдан кешікпей толықтырылып немес өзгертіліп қайтадан тапсырылуы керек.
Патенттік экспертиза – мәлімдеменің патенттік қабілетін алты ай ішінде тексеріп, шешім шығарады. Патенттік экспертизаның негізгі мақсаты мәлімдеме материалдарын мұқият зерттеп, жаңалықтың бар, жоғын тексеріп, қорытынды шығарып, оларды өндірісте пайдалану мүмкіндігін анықтау.
Мемлекеттік ғылыми-техникалық экспертизаның патент беру туралы шешімі негізінде КАЗПАТЕНТ өнертабысын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнертабу реестріне енгізеді, КАЗПАТЕНТ-тің ресми бюллетеніне кіргізеді, өнертабысының анықтамасын баспадан шығарып, патент береді.


Лицензияларды сату және сатып алу.

Бұйым сатуға қарағанда лицензия сату Халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына, ғылыми-техникалық жетістіктермен алмасуға, ғылыми-техникалық прогресстің өсуіне көп әсер етеді.


Лицензияның екі түрі болады:

    1. Жай лицензия – сатып алушыға бұйым шығарып, оны сатуға құқық беру және мұндай құқықты өзінде де сақтап қалу.

    2. Айрықша лицензия – бұйым шығаруға құқықты тек сатып алушыға ғана беру, бұйымдарды шартта көрсетілген көлемде ғана сату.

Лицензияның мүмкін талаптары:
а) тек бұйым шығаруы немесе бұйым шығаруы мен сатуы; б) шек қойылған территорияда ғана пайдалану; в) шығарылатын бұйым көлемін шектеу: г) лицензияны шектеу немесе шарт мезгілін бекіту (20 жылдан көп болмауы керек).
Лицензиялық келісімдер шарты:

  1. Сатушы өнертабысы немесе «ноу-хау» құжаттарын тапсыруға және өндірісті жөнге салуға міндетті;

  2. Сатып алушы лиензия үшін лицензиялық ақы төлеуге және лицензияны іске асыруға міндетті.

Лицензия сатқанда ақыны бірден толық төлеуге де болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет