Өнертабудың халықаралық жіктемесі.
Патент құжаттама мен іздеген материалдардан хабардар болу үшін 1954 жылы Өнертабудың Халықаралық жіктемесі жасалды (ӨХЖ). 1958 жылдан бастап ӨХЖ жинағы шыға бастады. КСРО-да МКИ 1970 жылдан бастап пайдаланыла бастады.
ӨХЖ негізгі сегіз бөлімнен тұрады: А – адамның өмір қажетін қанағаттандыру; В- түрлі технологиялық процестер; С- химия және металлургия; Д- текстиль, қағаз; Е- құрылыс, тау-кен жұмысы; Ғ- қолданбалы механика, жарық және жылу, қозғалтқыштар, сораптар, қару және оқ дәрі, қопару жұмыстары; Ġ – техникалық физика; Н- электр. Әр бөлімде 115 класс, 607 класс тармағы бар. Әр класс тармағы бөлшектелген рубрика, топ және топ тармақтарына бөлінеді.
Патенттік – лицензиялық іздеу. Патентке мәлімдеме дайындау.
Патенттік мағлұматтың негізгі құрамы-патенттік құжаттама. Патенттік құжаттамаға алдымен Патенттік Ведомстволардың ресми басылымдары жатады. Бұл басылымдарда авторлық куәлік пен патент жазылатын өнертабыстың мазмұны, ашылған жаңалықтардың мазмұны, ресми патенттік бюллетендер, жаңалықтар мен өнертабыс туралы алғашқы жазылған мәлімдемелер жазылады. Негізгі құжат болып оқырмандар тобына түсінікті етіліп жазылған бірінші жазылған бірінші материал - өнертабысын суреттеп, баяндап жазған мәлімдеме. Басқа мағлұматтарға қарағанда патенттік мәлімдеменің бірқатар артықшылығы бар.
Жаңа машинаның жобасы мен конструкциясын жасаған кезде конструктор да өнертапқыштар өтетін кезеңдерден өтеді.
Техникалық шешімді өнертабысы деп табу үшін ол өнертабысыныа қойылатын талаптарға сай болса, оны тиісті тәртіп бойынша дайындап, мемлекеттік КАЗПАТЕНТ институтына мәлімдеме беру керек.
Егер мәлімдемелер бір күнде түскен болса, онда мәлімдеме бергендер бірлескен авторлар (соавторы) деп бекітіледі.
Мәлімдеме Патен заңының 3-бабына сәйкес дайындалады. Ереже бойынша өнертабысы мәлімдемесінің құрамында мынадай құжаттар болуы керек:
патент беру туралы арыз;
өнертабысын жүзеге асыратындай етіп жазылған анықтама;
өнертабысының мәнін толық түсіндіретін және анықтамаға негізделген формула;
сызбалар мен өнертабысының мәнін түсіндіретін басқа да материалдар;
реферат.
Достарыңызбен бөлісу: |