Эмпирикалық деңгейдің әдісі: қадағалау, салыстыру, есеп, өлшеу, анкеталық сұрау, әңгімелесу, тесттер, сынау және қателер әдісі.
Тәжірибелі – теориялық деңгей әдісі: тәжірибе, анализ және синтез, индукция және дедукция, модельдеу, гипететикалық , тарихи және логикалық әдістер.
Теориялық деңгей әдісі: абстрактеу, идеалдау, формалау, анализ және синтез, индукция және дедукция, аксиоматика, жалпылау және т.б.
Методикалық ғылыми – техникалық шығармашылық және теория элементтері.
Шығармашылық- ойлаудың жоғары формасы, белгіліден шығады. Шығармашылықтың негізгі проблемасы- мотивациялық құрылым болып табылады.
Мотивация - сезіну қажеттілігімен байланысты. Қажеттілік үшке бөлінеді: биологиялық, әлеуметтік және идеалды (таным).
Биологиялық қажеттілік - күнделікті тіршілік аясы. Күшті үнемдеу әдісі- жалқаулыққа ұласады.
Әлеуметтік қажеттілік - материалдық сыйға, қоғамдағы құрметке ұмтылу.
Идеалды қажеттілік - жан-жақты ақпарат алудағы қажеттілік.
Шығармашылықтың негізі болып ойлау әдісі - көзге елестету жатады.
Көзге елестету үш түрге бөлінеді:
- логикалық;
- критикалық;
- шығармашылық.
Бақылау сұрақтары:
1. Зерттеудің жалпығылыми әдістері?
2. Эмпирикалық деңгей әдістері.
3. Кез келген шығармашылықтың соңғы нәтижесі не болады ?
4. Шығармашылық мотивтері.
5 ДӘРІС
Ғылыми зерттеудің бағытын таңдау.
Ғылыми-зерттеуге қойылатын негізгі талаптар.
Ғылыми зерттеудің бағытын таңдау. Ғылыми зерттеудің мақсаты – процесс пен құбылысты, нысанды шынайы, жан-жақты зерттеу; олардың құрылысын, байланысын басқа зерттеу ғылымдарының принциптерімен, таным әдістерімен байланыстыру, адамға пайдалы өнімдерді алу және өндіріске енгізу.
Кез-келген ғылыми зерттеудің нысаны мен пәні болады. Нысан - ғылыми зерттеулердің материалды және идеалды системасы болып келеді.
Пәні - системаның құрылысы, системаның ішкі және сыртқы заңдылықтарының үйлесуі, даму заңдылықтары, әртүрлі қасиеттері, сапасы және т.б.
Ғылыми зерттеулер үш түрге бөлінеді:
1) Фундаменталдық зерттеулер - табиғаттың жаңа заңдылықтары мен өзгерістерін ашу және оқу мақсаты қоғамның ғылыми білімін кеңіту.
Практикада болатын жағдайларды қолдану мүмкіндіктерін ұсыну. Мұндай зерттеулер белгілі мен белгісіздің шекарасында жүреді. Сондықтан нақтылы зерттеу емес.
2) Қолданбалық зерттеулер - табиғи заңдылықтарды қолдану жолдарын табу және адамзат тіршілігіне сол заңдылықтарды қолдану.
3) Мақсатты-фундаменталды білімді алғанда, соны ғылыми біліктілікте қолдану. Практикалық жағдайда қолдану зерттеулер негізінде техникалық түсінік пайда болады.
Қолданбалық зерттеулердің өзі үшке бөлінеді:
1) іздену
2) ғылыми- зерттеулер
3) тәжірибелі - конструкторлық жұмыстар
1) Ізденіс зерттеулері нысанға әсер ететін факторларды анықтауға, фундаментальдық зерттеулер нәтижесі ұсынған жаңа техника мен технологияларды жасау жолдарын іздеуге бағытталған.
2) Ғылыми зерттеулер нәтижесінде жаңа технологиялар, тәжірибелік құрылғылар, қондырғылар және т.б. жасалады.
3) Тәжірибелі конструкторлық зерттеулер - жаңа конструкцияларды ғылым мен техникаға енгізу.
Фундаменталды және қолданбалы зерттеулер негізінде жаңа ғылыми және ғылыми-техникалық жаңалықтар ашылады.
Осындай жаңалықтарды бір ретке келтіру және оны өндіріске енгізуді ұсыну жасау (разработка) деп аталады. Ол жаңа техниканы, материалдарды, технологияларды жасауға, белгілілерін одан әрі қарай жетілдіруге бағытталған.
Жасаудың соңғы мақсаты қолданбалы зерттеулер материалдарын өндіріске енгізу.
Қаржыландыру жолдарына қарай ғылыми зерттеулерді үшке бөлеміз:
1) мемлекет бюджетінен
2) шаруашылық келісім- шарт бойынша
3) қаржыландырылмайтын ғылыми зерттеулер
Бюджеттік ғылыми зерттеу жұмыстары мемлекет бюджетінен қаржыландырылады. Шаруашылық келісім-шарт бойынша - зерттеулерді ұжым-тапсырушының келісім шарты бойынша қаржыландырады. Мұндай мекемелерөндірістік немесе ғылыми зерттеу институттары болуы мүмкін. Қаржыландырылмайтын зерттеулер қарапайым қарым-қатынас келісім шарттары бойынша орындалады. Бұл жерде қызметкелерге жалақы төленбейді.
Әрбір ғылыми зерттеу жұмыстарының әрқайсысының өз ғылыми бағыттары бар. Осыған орай олар: техникалық, биологиялық, әлеуметтік, физика-техникалық, тарихи және т.б. бөлінеді.
Техникалық ғылымның бағытына техникалық термодинамика зерттеулерін, ал биологиялық бағытқа биохимия немесе генді инженирияны жатқызуға болады.
Ғылыми зерттеу бағыттарының құрам бірлігі болып: кешенді проблема, тақырып, проблема және ғылыми сұрақтар болады.
Достарыңызбен бөлісу: |