Дәріс сабақтарының конспектілері 1,2 ДӘріс негізгі жағдайлар. Таным мен шығармашылықтың методологиялық ғылыми негіздері


Ғылыми құжаттармен жұмыстарды ұйымдастыру



бет8/58
Дата19.05.2022
өлшемі0.7 Mb.
#457259
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58
Ғылыми құжаттармен жұмыстарды ұйымдастыру. Зерттеушіге өзіне қажетті әдебиетті іздеу және таңдап алу қабілеті тән болуы керек, яғни екінші сөзбен айтқанда, библиография негіздерінен білімі болғаны артық емес.
Экспериментатор қажетті проблема бойынша әдебиет көздерін іздеу анықтамалық әдебиеттерден басталады (энциклопедия, сөздік, анықтамалар). Сонан соң ҒТИ есеп-тіркеу басылымдарымен және негізгі кітапханалардың библиографикалық көрсеткіштерімен танысу қажет.
Оқырман каталогы :
1) алфавитті
2) систематикалық
3) алфавитті пәндік
Әдебиеттермен жұмыс істеген кезде алдымен дұрыс оқу, түсіну, еске сақтау қажет.
Ғалымдар төрт негізгі мағлұмат әдісін ұсынады:
1) әріп бойынша оқу
2) буын бойынша оқу
3) сөйлем бойынша
4) түсінік бойынша
Есте сақтайтын материалды қысқаша жоспар құру, оны арнайы бөліктерге бөлу.


Бақылау сұрақтары:
1. Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық өнімдердің құрылым бірлігі?
2. Біріншілік құжаттар мен басылымдар.
3. Екіншілік құжаттар мен басылымдар.
4. Жарыққа шығарылатын және шығарылмайтын басылымдар.
5. Мерзімді басылымдар.
6. Құжаттық қорлардың кітапханалы-библиографиялық жіктелуі.
7. Конспект, ғылыми реферативті материалдар және материалға ғылыми шолу.
8 ДƏРІС
Ғылыми ақпаратты өңдеу.
Ғылыми əдебиетпен жұмыс жасауды ұйымдастыру.

Ғылыми əдебиетті тиімді талдау үшін оны санауды, талдау мен талдау əдістерін білу қажет. Əр зерттеуші іздене алуы керек əрі өзінің зерттеу жұмыстары үшін қажетті ақпаратты жинап яғни библиография негізін білгені дұрыс. Библиография оқырманды басылымдармен ақпараттындыру мақсатын қояды ол үшін көрсеткіштер, каталогтар, жалпы щолулар құрылады.


Қызықтыратын проблема бойынша əдеби мəліметтермен танысу процесін анықтамалық əдебиеттермен танысудан (бесаспап жəне арнаулы энциклопедия, өздіктер, анықтамалық) бастау керек. Сосын ҒТИ ұйымдарының есептік- тіркеу баспасын қарастырып, фундаменталды кітапхана библиографиялық көрсеткіштерді қарастырады.
Анықтамалықты-ұсынылған сипатта болатын оқырман билеті үш түрде болады: алфавитті, жүйелі жəне алфавитті-пəнді.
Əдеби мəліметтермен жұмыс жасағанда дұрыс оқып, түсініп əрі оқығанды есте сақтау керек. Ғалымдар оқығанда ақпаратты өңдеудің төрт негізгі тəсілін анықтады. Бұл оқу: əріптермен, буындап, сөздер бойынша (бірінші сөздің бірінші буыны мен екінші сөздің алғашқы əріптері қарастырылады, сөздің қалған бөлігі табылады (угадывается)), түсіну бойынша (тақырыптан тек жекелеген кілттік сөздер алынады да сосын мағынасы синтезделеді, ол бір немесе бірнеше сөйлемдерде болады).
Күрделі текстті түсіну үшін оқығанда көңіл қойып, оны қолдана алуы керек, əрі белгілі ойлау құралдарын білгені дұрыс. Оның бірі жеке сөздерді емес толық сөйлемнің тобымен тіпті абзацтарды қабылдаудан тұрады. Осыдан антиципация деп аталатын – мағынасын түсіну – бірнеше əріптер бойынша сөзді табу, бірнеше сөйлемнен – фразаны, бірнеше фразадан толық бір абзацтың мағынасын табу шығады. Ол үшін дифференциалды алгоритм қолданса болады, соған сай əр абзацты өңдеу кілтті сөздерді анықтаудан басталады, онда негізгі мағыналық салмақ болады, содан кейін мағыналық қатар құралады да текстті кілтті сөздерді бөлу жолымен шағындап қысу жүреді əрі соның негңзңнде лаконикалық көрініс түзіледі (бұл текстті елеу болады, соңында мағынасының дəні қалады) жəне интегралды алгоритм, (текстті қабылдағанда əрекеттің ретін анықтайды. Интегралды деген сөз алгоритм əрекеті барлық текстке толығынан таралатыны білдіреді. Интегралды алгоритмді қолдану үшін оның барлық блогын есте сақтап, түсініп əрі оның мағынасын елестеткен жөн.
Ақпараттық материалды оқу есте сақтаумен аяқталуы керек. Бұл есте сақтау процесі, нəтижесінде ертеде есте болған нəрсені жаңа жолмен байланыстыра бекіту жүзеге асады. Есте тұрған материалды логикалық ойластырған дұрыс: жатталатын материалдың жоспарын құру, оны бөліктерге бөлу, сол бойынша осы материалдың барлық мазмұнын көрсететін олардағы тірек пунктерін бөліп көрсету.
Жадыда сақтаудың əртүрлі тəсілдері бар. Механикалық – көп мəрте қайталап əрі оқығанды жаттауға негізделген. Осылай есте сақтағанды жекелеген элементтер арасындағы логикалық байланыс жойылады. Бұл тəсіл тиімсіз ол шекті жағдайларда – формула, цитата, шет елдік сөздер, датаны жаттағанда қолданады.
Логикалық- мағыналық тəсіл жекелеген элементтердің арасындағы логикалық байланысты есте сақтауға негізделген. Оқығанда жекелеген элементтерді емес, текстті толығымен оның мағынасын, бағытын, маңызын түсіну керек. Текстті есте сақтау үшін бір мəрте тез оқу керек. Дегенмен мұнда логикалық байланысқа маңызды көңіл бөлген жөн. Логикалық-мағыналық есте сақтау тəсілі механикалықтан бірнеше мəрте тиімді.
Жадыда сақтаудың туынды тəсілі əртүрлі мнемониялық құралдар қолдануға негізделген. Таңдамалы мнемониялық құрал біршама кең тараған.
Ақпаратты өңдеу алдында мақсат қойылады – нақты бір материалды есте сақтау. Мысалы, каталитикалық крекингтің ретті технологиясы. Мұндай бағыт, құрал материалды есте сақтауды жеңілдетеді. Басқаша мнемониялық құрал уақытына бағытталу болып табылады, яғни қажетті есте сақтау ұзақұтығы.
Қайталау – есте сақтаудың тиімді əдістерінің бірі. Қайталау пассивті (бірнеше рет қайталана оқылады) əрі активті (айта отырып оқылады) болады.
Екінші тəсіл біршама тиімді, онда жаттау мен өзін өзі бақылау бар.
Жаңа материалды өткенде – конспект, ғылыми рефераттар және ғылыми жалпылама жасайды. Конспект – керек материалдың жинақталып келтірілген түрі, қысқа жəне нақты автордың ойын келтіру. Формула, анықтама, сызба, жаңа түсініктер өзгеріссіз жазылады. Кейде автор сөзін цитат ретінде келтірсе болады. Реферат - біріншілік құжаттардың қысқаша түсінігі. Онда тақырып, зерттеу нысаны, жұмыс жүргізу әдісі, алынған нәтижелер, қорытынды, қолданылатын жері баяндалады. Ғылыми шолу - белгілі бір сұрақтардың талқыланып жинақталған түрі. Ғылыми шолулар мақала есебінде журналдарда, конференция және симпозиумдар материалдарын жариялайтын жинақтарда жарияланады. Сол сияқты олар монографияларда да жарық көруі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет