Сөздің сыртында болатын негізгі грамматикалық тәсіл: А)Аналитикалық В)Синтетикалық С) Аффикстік
D ) Флексия
Е) Интонация
5. Грамматикалық тәсілдер:
А) Қосарлану тәсілі, бірігу тәсілі
В) Аффиксация, ішкі флексия, қосарлану, бірігу, көмекші сөздер, сөздердің орын тәртібі, екпін және интонация тәсілдері
С) Қосымшалар тәсілі
D) Лексикалық, фонетикалық тәсілдер
Е) Фонетикалық тәсіл
6. Синтаксистің негізгі объектісінің бірі:
А) Деривативті
В) Синтагма
С) Релятивті
D) Сема
Е) Морфема
7. Сөз формаларының түрлері қандай?
А) Мағыналық, объективті форма
В) Дерексіз және деректі форма
С) Ішкі және сыртқы форма
D) Грамматикалық және лексикалық форма
Е) Синтетикалық және аналитикалық форма
8. Атауыш пен көмекші сөз тіркесінен жасалатын сөз формасы қандай ?
А) Синтетикалық
В)Аналитикалық С) Аффикстік
Д) Флективтік
Е) Дыбысталу
9. Сөздердің орын тәртібі басқа грамматикалық тәсілдерден ерекше болатын қандай тілдер ?
А) Қытай, ағылшын
В) Түркі, француз
С) Орыс, герман
D) Финн- угор
Е) Финн- герман
10. Сөз таптарына тән басты жалпылама ортақ мағыналар:
А) Заттылық, атрибутивтік, іс-әрекеттік
В) Сөз тудыру мен сөз түрлендіру
С) Сұраулық мағына
D) Жалпы грамматикалық мағына
Е) Лексика – семантикалық мағына
|
2
|
№ 15
Дәріс
|
Тілдерді жіктеу мәселесі. Типологиялық жіктеме.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Тілдердің құрылымындағы ұқсастық немесе айырмашылық ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы типология деп аталады. Типология грек.typos-таңба, форма, үлгі, logos- сөз, ілім.
Туыс тілдерді салыстырмалы тарихи әдіспен зерттеуде олардың ұқсастық, айырмашылықбелгілерін айқындау әрқашан мүмкін бола бермейді, сондықтан ұқсастық, ортақтық белгілерді айқындауда тілдердің құрылымына сүйену қажет болады, сол арқылы тіл ғылымында лингвистикалық типология пайда болады.
Лингвистикалық типология тілдердің құрылымдық ұқсастығы мен жақындығын олардың туыстығына байланыссыз зерттейді. Жеке тілге тән тип дегенді бірнеше тілдік ортақ белгілердің жиынтығы деп түсінуге болады.
Құрылымдық ұқсастық бір негізден тараған туыстас тілдердің арасында ғана емес, сонымен бірге, әр басқа негізден тараған тілдердің арасында да болуы мүмкін. Басқаша айтқанда, шығу тегі жағынан әр басқа тілдердің арасында да құрылымдық, яғни морфологиялық ұқсастық болады. Типологиялық классификация тілдері құрылымдық яғни морфологиялық ерекшелігі жағынан топтастырады. Олар: аглютинативті тип, аморфты тип, флективті тип, инкорпоративті тип.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. |
Достарыңызбен бөлісу: |