Өндірістік ғимаратты желдету.
Өндірістік зиянды заттарды жою үшін гигиеналық талаптар бойынша өндірістік желдетуді жүргіземіз. Желдету табиғи жəне жасанды түрде болады. Табиғи желдетуде өндірістік ғимараттың ауасы сыртқы ауа температурасымен ауысып нəтижесінде жел болады. Табиғи желдетуде ауа қозғалысы желдеткіш көмегімен жүреді.
8 – дәріс тақырыбы
Өндірістік шаңның адам организміне әсері
Шаң. Ауаның құрамындағы кремний тотығы (SiO2) 70%-дан жоғары болған жерде шаңның мөлшері 1мг/м3-тен аспауы керек, ал кремний тотығы (SiO2) 70%-дан кем жерде 2мг/м3-тен аспауы тиіс. Егер ауаның құрамында кремний тотығы жоқ болса, онда 10мг/м3-ке дейін зиянсыз болып есептеледі.
Шаң- бұл біршама уақыт бойы ауада немесе өндірістік ортада (газда) ұшып жүретін қатты майда түйіршіктер. Шаңдар химиялық құрамымен, өлшемдерімен және түйіршік пішіндерімен, оның тығыздығымен, электро-магниттік қасиеттерімен сипатталады. Шаң адам организміне кері әсер тигізетіндіктен гигиеналық зиянды болып табылады. Оның әсерінен пневмония, экзема, дерматит деген аурулар пайда болуы мүмкін. Шаң организмге үш түрлі жолмен түседі: 1-тыныс алу органдары, 2-асқазан-ішек жолдары, 3-тері арқылы. Майда зиянды бөлшектер дем алғанда өкпеге түсіп жинақталады. Химиялық құрамына қарай шаңдар органикалық, органикалық емес және аралас шаңдар болып бөлінеді. Шаңсорғыш аппараттарды өндірісте шаң аулағыштар деп атайды. Табиғат күштеріне байланысты шаң аулағыштар төмендегідей топтарға бөлінеді:
-құрғақ механикалық шаңаулағыштар (сыртқы механикалық күштер арқылы газдан бөлінеді);
-ылғалды шаңаулағыштар (бөлшектерді жуу арқылы газдан бөлінеді);
-электрлік шаңаулағыштар (электр күштері арқылы бөлінеді);
-фильтрлер;
-аралас шаңаулағыштар (әр түрлі тәсілдер арқылы жүзеге асады).
Функционалды бағыттары бойынша шаңаулағыш жабдықтар екі топқа бөлінеді:
-келген ауаны желдеткіш және кондиционер арқылы тазалау;
-ауаны өндірістік желдеткіш арқылы тазалау.
Шаңаулағыштарды өндірісте пайдаланудың технико-экономикалық көрсеткіштері: 1-өндірістік; 2- аэродинамикалық қарсыласу; 3-тазалаудың жалпы коэффициенті.
Өндірістік ғимараттардағы ауаның шаңдануын болдырмас үшін және жұмысшыларды шаңның зиянды әсерінен қорғау үшін төмендегіше шаралар кешенін пайдалану қажет:
1.Өндіріс процестерін жоғары деңгейде механикаландыру мен автоматтандыру. Бұл шара шаң көп бөлінетінаймақта жұмысшыларды мүлде болдырмауға немесе олардың санын азайтуға бағытталған.
2.Шаң болатын материалдарды тасымалдауда герметикалық құралдар мен қондырғыларды қолдану. Мысалы, транспортта сорғыш пневматикалық қондырғыны пайдалану тек қана тасымалдау кезіндегі мәселелерді ғана емес, сонымен қатар ғимараттан шаң бөлінуді жоятындықтан санитарлы-гигиеналық мәселелерді де шешеді.
3.Ылғалды сусымалы материалдарды қолдану. Жіңішке түтікті форсунка көмегімен суды шашыратып шаңдысуландырып басу көп қолданысқа ие болады.
4.Вакуумдық қондырғылар арқылы жылжымалы немесе стационарлы ғимаратты толық және жүйелі түрде шаңнан тазарту. Өндірістік алаңдардағы шаң тазарту жұмыстарын өте сапалы жүргізетіндіктен стационарлы қондырғылардың желідегі шаңды сейілтудегі гигиеналық әсері жоғары болады.
5.Атмосфераға шығарылатын және ғимаратқа кіретін желдеткіш ауаны шаңнан тазарту.
Сондай-ақ шаңға қарсы жеке қорғаныс құралдарын – шаңқағарлар, көзілдіріктер және шаңға қарсы арнайы киімдер қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |