Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Қарастырылатын сұрақтар



бет15/39
Дата09.03.2024
өлшемі208.12 Kb.
#494798
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39
Білім беру психологиясы ДӘРІС МАЗМҰНЫ

7 жас дағдарысы.

  • Бала мектепке 6 жастан барады ма, әлде 7 жастан барады ма ол өзінің дамуының қандай да бір кезеңінде дағдарыстан өтеді. Мұндай дағдарыс 7 жаста немесе 6 жаста тіпті 8 жаста болуы мүмкін.

  • 3 жас дағдарысы өзін ұғынумен байланысты болды. «Мен өзім» деген сөзді қолданып бала әлемді өзгертуге ұмтылды. Енді ол қоғамдық қатынастар әлемінде өзінің орнын ұғына бастайды. Ол өзі үшін жаңа әлеуметтік позицияны- оқушы позициясын ашады. Л.И.Божовичтың ойынша 7 жас дағдарысы – бұл баланың әлеуметтік «Менінің» туылуы.Өзіндік сана сезімнің өзгеруі құндылықтарды қайта бағалауға алып келеді. Бұрын мәнді болған нәрсесі енді қосалқы болады, ескі қызығушылықтар өзінің оятушы күшін жоғалтады, олардың орнына басқа жаңа қызығушылықтар келеді.

  • Кіші мектеп жасындағы балада оқу жетекші іс-әрекет болып табылады. оның белгілі бір құрылымы бар.Д.Б.Эльконин бойынша оқу іс-әрекетінің компоненттерін қарастырамыз.

  • Бірінші компонент- мотивация. Оқу іс-әрекеті мотивтелген- ол итермелйді және түрлі оқу мотивімен бағытталады. Екінші компонент- оқу тапсырмасы яғни, бала орындау барысында әрекеттің жалпы тәсілдерін меңгеретін тапсырмалар жүйесі. Оқу операциялары әркеттер тәсілдерінің құрамына кіреді. Операциялар және оқу тапсырмалары оқу іс-әрекетінің негізіг буыны болып есептеледі. Төртінші компонент- бақылау. Алғашқыда балалардың оқу жұмысын мұғалім бақылайды. Біртіндеп олар өздері бақылай бастайды. Бақылаудың соңғы кезеңі- бағалау.

  • Кіші мектеп жасындағы балалардың мотивациясы және өзіндік бағалауы.

  • Мотивациялық ядро А.Н.Леонтьев бойынша тұлғаның ядросы болып табылады. Балада көптеген мотивтер болады, соның бірі- өзінің жаңа статусын бекітетін оқудың әлеуметтік мотиві. Оқудың әлеуметтік мотивіне жақсы оқушы статусымен қатар, міндет, жауапкершілігі, білім алу қажеттілігі жатады. Оларды оқушы түсінеді және оларға оқу жұмысында мағына береді.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет