Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Қарастырылатын сұрақтар


Білім берудегі психологияның негізгі категориялары



бет7/39
Дата09.03.2024
өлшемі208.12 Kb.
#494798
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39
Білім беру психологиясы ДӘРІС МАЗМҰНЫ

Білім берудегі психологияның негізгі категориялары.

Білім берудегі психологияда қолданылатын категориялар (ұғымдар): білім беру, оқыту, тәрбие, даму, қалыптасу, меңгеру, оқу іс-әрекеті, біріккен іс-әрекет.
Категория (грек «кategoria» - пікір айту; белгі) – белгілі ақиқаттың құбылыстары туралы қатынас пен мәнді қасиеттерін беретін ғылыми ұғым. Ғылыми әдебиеттерде категориялар термин, ұғым деп те беріледі. Ғылым тілін түсіну үшін категорияларды білу міндетті.
Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты.
Білім беру мазмұны – «оқушыға берілетін білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, эмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі». И.Я.Лернердің анықтамасы.
Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі үшін, дүниетанымдықты, өнегелі-әдепті көзқарастарды дамыту, оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі.
Тәрбие – мәңгілік категория. Ол адами қоғамның дамуымен бірге дамып және өмір сүреді
Әлеуметтендіру - өз бетімен еркін адамзаттың алдыңғы қатарлы тәжірибелеріне, мәдени бағалы құндылықтарына, нысандарына, бағыттарына белсеңді араласып, оларды терең игеруге, бойына сіңіруге әрекет ету;
Жеке даралық - тұлғаның өзіне тән, қайталанбайтын ерекшелігі, оған ғана тән жеке-психологиялык ерекшеліктер жиынтығы.
Бейімделу (адаптация) - қоршаған орта мен ағза арасындағы байланысты зерттеу кезінде қалыптасады.
«Оқу» терминін психологтар жүйке тетіктері мен негізделген психикалық процестердің жиынтығы ретінде қарастырады. Дидактикада бұл термин оқушының танымдық іс-әрекетіне байланысты қолданылады.
Балалардың психикалық дамуының өрістеу күші қандай? Осы сұрақты дұрыс шешуде оқыту формалары және тәрбие, педагогикалық үрдістің нәтижелілігі осыған байланысты. Бұл мәселе адам психикасы дамуының табиғи, биологиялық туылғаннан және басқа жағынан алғанда ішкі және сыртқы факторлардың дамуымен сәйкес келеді. Адамда туылғаннан қалыптасқан ерекшеліктері бар (мысалы, көздің көру ерекшеліктері, жүйке жүйенің жұмыс т.б.) сонымен қатар өмірде белгілі бір шарттарға байланысты, әрекеттерге байланысты жүре қалыптасқан тәрбиелік немесе рухани қасиеттер қалыптасатынын мойындайды (адамгершілік). Адам бойындағы қасиеттер ненің әсерінен болады, туылғаннан бастап қалыптасқан қасиеттерден бе? Әлде өмірде кейіннен қалыптасқан қасиеттердің әсерінен бе? Бұл қасиеттер табиғи ма, немесе ол ішкі ерекшеліктердің әсерінен қалыптаса ма? Адамның психикасы биологиялық па әлде табиғи ма?
Жалпы психология адам психикасының толығымен биологиялық күйде тұратынын айтқан, нақтырақ айтсақ, психикалық күйдің табиғатынан бар екенін және ол адаммен бірге туылатынын көрсетеді. Бүкіл адамға және жеке адамға ортақ психикалық ерекшеліктер табиғатымен белгіленген, биологиялық құрылымымен анықталған, және де дамудың жетілу үрдісін көрсетеді. Жеке тұрғыдан қарастырсақ, әр адамның өз мүмкіншіліктерінің дамуы табиғи қормен белгіленген.
Соңғы уақыттары, микробиология ғылымының дамуымен гендік механизмдердің тұқым қуалаушылық қасиеттеріне байланысты жаңалықтар ашылуда, мәселен жеке адамның психикалық ерекшеліктері олардың гендеріне туылғаннан енгізіліп қойғаны жөнінде мағлұматтар бар. Ағылшын генетигі Ш. Ауэрбах бұл ойды нақты дәлелдеуге тырысты. Ол әр адамның өз өмірін өз гендерімен бірге қызмет жасап, бірге жүретінін айтты, бұл құбылысты ғалым әр ойыншы қолында карта ұстап бастауымен салыстырады.
Психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде таным үрдістері түйсіктен бастап, қабылдау және ойлаумен аяқталады. Мұның өзінде қарапайым шындық жатыр, адам өзінің қажеттілігінің келісімінсіз еш нәрсені қабылдай да, ойлай да алмайды. Сондықтан қандай да танымдық іс-әрекет құрамына әрекет немесе операция ретінде кіреді, я болмаса ерекше іс-әрекет бойынша қайта құралады.
Көптеген ғалымдар оқушының не нәрсеге қабілетті екенін, және оқытудың нәтижесі болу үшін оқытуды баланың дамуына сәйкес өткізу керек деп тұжырымдаған. Осыған сәйкес балаларды жақсы оқитын және орташа оқитындар,- деп бөлу ыңғайлы болуы мүмкін десе, Англияда «осындай мектеп бар екен, белсенді балаларға арналған мектеп және орташа деңгейдегі балаларға арналған мектеп, бірақ бұл нәрсе жанжалға әкеледі көбінесе», - деген ағылшын педагог психологі Б.Саймон.
АҚШ та баланың қабілеті мен деңгейін анықтайтын коэффициенттік жүйелік тест құрастырылған .Бұл тест арқылы балалардың деңгейін анықтап алып, мектепке қабылдайды. Ақылды балаларға арналған сыныпта жағдайы жақсы, ауқатты отбасының балалары оқиды, бұл жердегі білім стандарты күрделі және көбінесе өз бетімен орындалатын жұмыстарға көп уақыт бөлінеді. Орташа деңгейлі сыныпта білім беру үрдісі, оқыту үрдісі төменгі деңгейде жүреді. АҚШ та бұл тесттік жүйе біреу үшін бақыт, ал ендігі біреу үшін қайғы деп қабылдайды.
Соңғы уақыттары көптеген шетел психологтары 1920-30 жылдардағы америкалық психолог Э.Торндайктың зерттеулеріне жүгінеді. Егер қазіргі заман психологы өз жұмысының нәтижесін көпшілікке ерекше көрсеткісі келсе, ал Торндайк өз жұмысын нақты әрі бәріне түсінікті және ата анаға көмектесу мақсатында жасаған. Э.Торндайк өз еңбектерінде «Арифметиканы оқытудың жаңа әдістері», «Психологияға негізделген оқыту принциптері», деген еңбектерінде оқушының ойлау қабілетін дамытуға, интеллектуалды артуына үлес қосатын еңбектер.
Австриялық психолог К.Бюлер баланың тек ақыл ғана емес, адамгершілік қасиетінің дамуының да туылғаннан екенін айтады. К.Бюлер дамудың үш сатысы теориясын ұсынды: инстинкт, дрессура және интелект. Оларды мидың жетілуі және қоршаған ортамен қатынастың күрделенуімен байланыстырып қана қоймай, әрекетпен байланысты қанағаттануды уайымдаудың дамуымен байланыстырады. З. Фрейд және оның көмекшілері адамды басқаратын жылжымалы даму күшін инстинктпен, қажеттіліктен, қызығушылықтан екенін айтады, оның туылғаннан болатынына қарсы пікір көздеді.
Атақты америкалық психолог Д.Дьюи адамның табиғаты қоршаған ортаға тез берілмейді, егер белгілі бір қажеттілк болса ғана соған бағытталады. Буржуазиялық психолог Г.Ревеш «Талант және кемеңгер» деген еңбегінде 1952 жылы бала бойындағы тұқымқуалаушылық қасиеттерді нақты сипаттап көрсеткен. Ф. Баумгартен «Қабілеттілік және оның мәселелері» деген еңбегінде талантты бала туылғаннан белгілі болады деген. Бұл жұмысы Лейпцигте 1963 жылы жарық көрді. Еңбек капиталының авторы «Дифференциальді психология» деген еңбекті шығарған, А.Анастаси интеллектуальды дамуға балаға берілген тұқымқуалаушылық факторы және әлеуметтік фактор көп әсер етеді деп тұжырымдаған. Адамның психикалық дамуын мынадай параметрлерге сәйкестендіре сипаттауға болады: шарттар, пайда болу кездері, қозғаушы күштер, форма, ерекшелік және даму барысы.
Дамудың қозғаушы күштері–адам дамуының үдемелі қозғалысын айқындайтын факторлар сол қозғалыстың себептері, болып табылады, оны бағыттайды, өз бойында дамудың энергетикалық және қоздырғыш көздерін ұстайды. Дамудың шарттары – ұдайы әрекет үстіндегі ішкі және сыртқы факторлар. Олар дамудың қозғаушы күштері ретінде әрекет етпегенімен, дамуға ықпалын тигізді, оның барысын бағыттайды, динамикасын қалыптастырып, дамудың қайнар көздерін айқындайды. Психология ғылымында психикалық даму параметрлерінің мәнін түсінуде айырмашылықтар орын алған.
Психологтардың пікірінше, орта – дамудың қайнар көзі, қоғаммен қарым-қатынасқа түспей, субьект - бүкіл адамзаттың рухани игілігі болып табылатын сапалық қасиеттерді өз бойында дамыта алмас еді. Осыған байланысты, бала дамуы заңдардың ықпалына емес, қоғамдық – тарихи заңдар ықпалына бағынады. Дамудың биологиялық жолы түрдің қасиеттеріне тұқым қуалаушылық заңдылығымен ие болуы және жеке тәжірибе арқылы жүзеге асады. Адам бойында қоршаған ортада өзін-өзі ұстау мәнерінің туа біткен формасы жоқ. Оның дамуы іс-әрекеттің тарихи қалыптасқан формалары мен әдістеріне ие болу арқылы алға басады. Бала қоршаған ортаға бейімделмейді, оны иемденеді. Иемдену – адамның тарихи қалыптасқан қасиеттерін, және іс-әрекеттің әдістерін өз бойына сіңіру арқылы нәтиже беретін үрдіс. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет