Дәріс тезистері №1 дәріс. Тақырыбы: Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялық технологиялар оқу пәні ретінде



бет3/30
Дата08.04.2023
өлшемі142.98 Kb.
#471933
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Дәріс Инновация 2023

Р/c

Анықтама

Шығу көзі

1

2

3

1

«Технология» ұғымы

1.1

Технология - өндірістің белгілі бір саласындағы өндірістік үдерістер мен әдіс-тәсілдердің жиынтығы, сондай-ақ өндірістік әдіс-тәсілдер- дің ғылыми сипатталуы.

Ожегов С.И. Словарь русского языка: 70000 слов /Под ред. Шведовой Н.Ю., 21-е изд., перераб. и доп. -М: Руский язык, 1989.

1.2

Технология ұғымы екі түрлі мағына береді:
1. Қандай да бір өндірістік үдерістерді жүзеге асырудағы материал, өнімдерді өндіруге қажетті әдіс-тәсілдер туралы білімдер жиынтығы.
2. Материал, өнімдер, өңдеу үдерісі құралатын, белгілі бір ретпен және әдіспен жүзеге асырылатын операциялар жиынтығы.

Словарь руссого языа. В 4-х томах. Т.4. Под ред. А.П.Евгеньевой. -М.: Русский язык, 1981. - С.363-364.

1.3

Технология - өнімді өндіру үдерісінде жүзеге асырылатын материал, шикізат және жартылай шикізаттың формасын, қасиетін, күйін өзгерту, өңдеу, даярлау әдіс- тәсілдерінің жиынтығы.

Советский энциклопедический словарь. -М.: Сов. Энциклопедия, 1981. -С.1338.

2

«Педагогикалық технология» ұғымы

2.1



Педагогикалық технология - бұл біртұтас оқыту үдерісі мен білімді техникалық және адам ресурсын, олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңтайландыру міндеттерін ескере отырып, меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі.

ЮНЕСКО анықтамасы.
Доклад ЮНЕСКО о положении дел в мировом образовании за 1991 год. - Париж, 1991.

2.2

Педагогикалық технология - оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу үдерісін ұйымдастыру және жүргізуде бірлескен педагогикалық әрекетті жобалау- дың жан-жақты ойластырылған үлгісі.

Монахов В.М. Технологические основы проектирования и конструирования учебного процесса. - Волгоград, 1995. -С.45.

2.3

Педагогикалық технология - педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланатын барлық дара, инструменталдық және әдістемелік құралдар- дың қолдану реті мен жиынтығының жүйесі.

Кларин.М.В Педагогическая технология. – М., 1989. - С.17.

2.4

Педагогикалық технология-қойылған білім беру мақсатын практикада тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәрбиелеу мен оқыту үдерісінің теориялық негізделген әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.

Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. -М.:
Педагогика, 1989. - 192 с.



2.5

Педагогикалық технология- педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың әдістемелік құралы; оқыту мен тәрбиенің әдіс-тәсілдерін, құрал- дарын, формаларын анықтайтын арнайы психологиялық-педагогикалық құрылғылардың жиынтығы.

Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций. Учебное пособие для студентов пед. учеби. заведений и слушателей ИПК и ФПК. -М.: Прометей. Юрайт, 1998.

2.6

Педагогикалық технология – бұл баламен өзара іс-әрекет жасау үдерісінде онымен педагогика- лық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздемелік сипаттамасы.

Щуркова Н.Е. Практикум по педагогической технологии. -М., 1998. - С.19

2.7

Педагогикалық технология - алдын ала жоспарланған оқыту үдерісін тәжірибеде жүзеге асырудың және осы мақсатқа жетуді басқару- дың әдіс-тәсілдерінің жүйелі жиынтығы.

Яцукова И.Л. Подготовка будущих учителей к выбору педагогических технологий. – Автореф. дисс.к.п.н. - Астрахань, 1996. - 24с.

2.8

Педагогикалық технология - бұл оқыту мен тәрбиенің мақсат, мазмұнында айқындалған қажетті өзгерістердің оқушының мінез-құлқы мен іс әрекетінде көрініс табатын әртүрлі дидактикалық, жалпы педагогикалық, психологиялық және т.б. әдіс-тәсілдерінің тұтас жиынтығы.

Околелов О.П. Современные технологии обучения в вузе: сущность, принципы проектирова- ния, тенденции развития // Высшее оброзование в России. – 1994. №2. – С.45.

Оқыту үдерісінің технологиясының мән-мағынасын ашу үшін білім беру технологиясының мәнін ашып көрсетуіміз қажет.
М.Е.Бершадский, В.В.Гузеев және т.б. ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, білім беру технологиясы деп төмендегілерді қамтитын жүйені айтамыз:
- оқушының бастапқы жай-күйінің нобайы;
- оқытудың жоспарланған нәтижесін диагностикалау;
- алдыңғы жай-күйді диагностикалау құралы және алдыңғы даму тенденциясын болжау;
- оқыту нобайының жиынтығы;
- қандай да бір нақты жағдайда оқытудың тиімді нобайын таңдау және құру критерийлері;
-қойылған диагностика, алдыңғы нәтиже, оқыту нобайын таңдау арасындағы өзара іс-әрекеттілікті қамтамасыз ететін кері байланыс тетігі.
Оқыту нобайы оқыту әдісі мен ұйымдастыру формасын қамтитын дидактикалық негіз бен әдіс пен құралдарды қамтитын педагогикалық техникадан тұратын жүйе болып табылады.
АҚШ-та педагогикалық технологияға қызығушылық ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы техникалық құралдарды пайдаланып оқыта бастаған кезде басталып, «білім берудегі технология» термині пайда болды. Бұл оқу үдерісінде техниканы пайдаланумен пара-пар еді. Бағдарламалап оқыту және дидактикалық машина жасалуымен байланысты жаңа «білім беру технологиясы» термині пайда болды, ол оқыту мен тәрбиелеуді қалай құру керек дегенге саяды. Ақырында, ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында америкалық және батыс европалық білім берудегі реформаларға байланысты «оқу үдерісінде межеленген білім нәтижесіне қалай жетуге болады?» мағынасын беретін «педагогикалық технология» термині пайда болды.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет