1. Оқу-ақпараттық жүйе - бұл жалпы білім беретін мектептерде кең тараған технология; бұл технология төмендегідей кезеңдерде жүзеге асады:
- тақырып пен сабақтың мақсатын қою;
- негізгі оқу ақпаратымен танысу, конспектілеу, есте сақтау;
- шағын теориялық тапсырмалар мен практикалық жұмыстар орындау;
- репродуктивті тапсырмаларды орындау арқылы оқу ақпаратын жүйелеу, қайталау;
- білім мен репродуктивті білімді сынақтық бақылау.
2. Шығармашылық тапсырмалар жүйесі.
Бұл технология негізге жеке тұлғаның шығармашылық қасиеттерін ашуға бағытталған шығармашылық тапсырмалар жүйесін қолдануды алады. Бұл технологияның негізгі кезеңдері төмендегідей:
- тақырып пен сабақтың мақсатын қою;
- жаңа оқу ақпараты материалдармен танысу, конспектілеу, негізгі ұғымдар мен заңдылықтарды меңгеру;
- шығармашылық тапсырмалар жүйесін орындау;
- меңгерілетін материалдарды жүйелеу, тереңдей ұғыну;
- жинақталған сынақ.
Шығармашылық тапсырмалар жүйесі технологиясы продуктивті технологияның аналогы болып табылады.
3. Жобалау.
Бұл технология өзінің құрылым жағынан шығармашылық тапсырмалар жүйесі технологиясына ұқсайды және дәл сол технологияның кезеңдерін қамтиды бірақ, түбегейлі айырмашылығы да баршылық. Негізгісі - оқу ақпараты әртүрлі нобайлар (мәтіндік, сызбалық, математикалық) арқылы жүзеге асады. Ал, екінші кезеңде жаңа жобалар жасалады. Үшінші кезеңде құрылған жобалар таным құралы боып табылады:
- ақпараттық модельдерді тереңдей ұғыну үшін, олардың мән-мағынасын ашу үшін практикалық жұмыстар орындалады;
- шығармашылық тапсырмаларды шешу оқу бағдарламасынан тыс жаңа ақпараттар алуды қамтамасыз етеді.
Төртінші кезеңде бірнеше тақырыптарды меңгеру кезінде қолданылған жобалар салыстырылады, олардың арасындағы өзара байланыстылық, тәуелділік анықталады, себеп-салдарлық байланысын ашу барысында жүйені дамытудың байланысы ашылып, бірнеше жобаларды бірден қамтитын шығармашылық тапсырмалар орыдалады.
4. Оқу-зерттеушілік.
Бұл технологияның басты мақсаты - оқушылардың зерттеу іс-әрекетімен айналысу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру, негізгі кезеңдері:
- барлық тақырыптарды қамтитын оқу мәселесін қою;
- мәселені шешу әдістемесін анықтау;
- оқулық және қосымша әдебиеттерді оқу, конспектілеу;
- мәселені шешу және болжам жасау;
- жасалған болжамды тәжірибеде тексеру;
- алынған нәтижелерді, шешімді басқа да мәселелерді шешуге пайдалану;
- зерттеу нәтижелеріне сәйкес оқу ақпаратына қосымша түзетулер енгізу;
- жасалынған жұмысты қорғау.
5. Ғылыми зерттеу.
Бұл технологияның алдыңғы оқу зерттеушілік технологиядан айырмашылығы - оқу мәселесінің орнына зерттеуге ғылыми мәселе, ғылыми бағыт алынады. Ғылыми зерттеу оқушылардың өмірлік мәселелердегі шешудегі технологиялық іскерліктерін тексеруге мүмкіндік береді.
6. Ортаны жобалау.
Бұл технологияның негізіне экология заңдылықтарын қатаң сақтай отырып, адамның сұрасына сәйкес табиғи және қоршаған ортаны түрлендіру үдерісі жатады. Ортаны жобалау технологиясының негізіне оқу үдерісінің кезеңінде қарастыратын мәселенің жобасын жасау мен жобалау әдістемесін анықтау жатады.
7. Құрастыру технологиясы.
Бұл технология құрастыру объектісін таңдау мен құрастыру әдістемесін құру көздерін қамтитын субъективті немесе объективті жаңа жүйені жасауға арқа сүйейді. Құрастыру технологиясының кезеңдері:
- құрастыру объектісінің жоспарын құру;
- оқу және ғылыми көпшілік әдебиеттерді іздестіру, оқу;
- құрастыру үдерісінде кездесетін мәселелерді анықтау және шешу;
- объектінің нобайын құру;
- нобайды тәжірибеде тексеру және түзетулер енгізу;
- объектілерді құру барысында ережелерді пайдалану мүмкіндігін қарастыру;
- жұмысты қорғау.
8. Технологиялар интеграциясы.
Оқыту үдерісінің мақсаты, міндеттеріне сәйкес бірнеше технологиялардың бірігуі.
Ғалым В.А.Бухвалов ұсынған оқыту технологиясының классификациясы білім беру үдерісіндегі инновациялық технологияларды тереңірек ашуға мүмкіндік береді, бұнда мұғалімнің іс-әрекеті мен оқушының іс-әрекетінің әртүрлі аспектілері қамтылған.
Я.С.Савельев инновациялық педагогикалық технологиясының интегративтік жүйесін ұсынады:
- іс-әрекеттік бағытына қарай: оқушы-білімгер-мұғалім-сала қызметкері-мемлекеттік қызметкер.
- оқыту мақсатына қарай: қойылған мақсатқа жетуге кепілдік беретін диагностикалық болжау негізінде құрылатын оқу үдерісін жүзеге асыру.
- пәндік ортасына қарай: гуманитарлық пәндер, жаратылыстану пәндері, техникалық ғылымдар пәндері, жалпы кәсіби білім беретін пәндер, арнайы пәндер;
- техникалық құралдарды қолдануына қарай (техникалық ортасына қарай): аудиовизуалды, видеотехникалық, компьютерлік, мультимедиа және т.б.;
- оқыту үдерісін ұйымдастыруға қарай: жеке, топтық, ұжымдық, аралас;
- әдістемелік бағытына қарай: бір пәннің технологиясы, бір құралдың технологиясы, бір әдістің технологиясы және т.б.
Ғалым А.Я.Савельев ұсынған жүйе оқытудың инновациялық технологияларын сәйкесінше оқу технологиясымен бірлікте қарастырады, тұлғаның іс-әрекетін жан-жақты ашуға бағытталады.
Тұлғаға бағытталаған оқытуд көздейтін технологиялар оқушылардың танымдық үдерісін әр түрлі қырынан зерттеуді басшылыққа алады:
- оқу-іс-әрекеттің негізі;
- оқу мотивтері;
- жеке тұлғаның танымдық іс-әрекетінің типологиялық ерекшеліктері және т.б.
Оқу психологиялық-педагогикалық зерттеулерде арнайы іс-әрекет түрі ретінде қарастырылады. Оның ерекшелігі - барлық басқа іс-әрекеттерді меңгерудегі негізі болатындығында.
Білім беру саласындағы инновациялық үдерістерді зерттеу бойынша ғылыми және арнаулы әдебиет көздеріне жүргізген зерттеуіміз көрсеткеніндей, білім беру мекемелерінің дидактикалық жүйелерінде ендіріліп жатқан инновациялық педагогикалық технологиялардың төмендегідей түрлерін атап кеткен жөн:
1. Психотехнология (психологиялық теориялар негізінде құралған):сеземін - сезінемін - көрсетемін қарым-қатынас, мысалы, ӨЕШТ (өнертапқыштық есептерді шешу теориясы). Бұл технология оқушыларда шығармашылық ойлауды қалыптастырады.
2. Ақпараттық-кибернетикалық технология - кері байланыс тетігі негізінде жүйеленген ақпарат, мысалы, компьютерлік техникамен жұмыс.
3. Диалогтық технология (бұл сұрақ-жауап негізіндегі жұмыс емес!). Оқу диалогтарының (М.М.Бахтин, И.Е.Берянд, В.И.Библер, С.Ю.Курганова идеялары бойынша) педагогикалық маңыздылығы төмендегідей:
- мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынастық: оқушының өмірге деген көзқарасын қабылдау, оқушының жеке тұлғасын сыйлау, құрметтеу, оқушының өз орнын өзі анықтауы, оқушының өзін-өзі ұйымдастыра алуы;
- оқушының өзінің ішкі жан дүниесімен өзінің күресуі;
- сұхбаттың оқушы тұрмақ мұғалім үшін де белгілі-белгісіздік шегінен шыға алуы;
- оқу материалының құрылысына оқушы үшін таң қаларлық ғажайыптардың енгізілуі оқушылардың танымдық қызығушылықтарының артуына жол ашады;
4. Имитациялық технология (ойындық ) - оқу модельдері, рөлдік оқыту, шешім қабылдау әдістері;
5. Толық меңгеру технологиясы кері байланыс үшін тестілеу әдісін қолданады.
6. Акмеологиялық технология - тұрақты мотивация негізінде әрбір оқушыны оқыту мен дамытуда жоғары нәтиже мен жетістіктерге жеткізетін технология. Бұл кез келген оқушының жетістігін қамтамасыз ететін оқытудың барлық белсенді әдіс-тәсілдерінің жүйесі, үйлесімі.
7. Зерттеушілік технологиясы - жаңалық ашу арқылы оқыту.
8. Тренингтік технология - оқушылардың іскерліктері мен дағдысын қалыптастыру, білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету.
9.Жобалау технологиясы - оқушылардың жобалау жұмыстарын ұйымдастыру.
10.Видеотехнология - оқытудың аудиовизуалдық құралдарын пайдалану.
Ғалым Н.А.Еньшина соңғы кезеңде жалпы білім беретін орта мектептерде, сондай-ақ жоғары оқу орындарында да қолданып жүрген инновациялық технологияларды атап көрсетеді.
Ал, ғалым В.Я.Ляудис өзінің «Инновациялық оқыту және ғылым» атты еңбегінде инновациялық оқытудың ерекшеліктерін атап көрсетеді.
Педагогикалық үдеріске жаңа бағыт беруде, жаңалық ендіруде көптеген ішкі және сыртқы факторлардың әсері зор. Мәселен, ғалым К.Ангеловский бұндай факторларға төмендегілерді жатқызады:
- жаңалықтың мақсаты;
- жаңалықты ендіру әлістемесі;
- жаңалықтың мотиві:
-оқушылардың белсенділігін арттыруға, ынталандыруға ұмтылу;
-қоғамның сұранысын қанағаттандыру;
-оқыту мекемелеріндегі жаңашылдықты қолдау, қуаттау;
-жаңашылдықтың жұмыс тиімділігін арттыратындығына сенім білдіру;
Əр технологияның мақсаты мен ерекшеліктері болады, жеке тоқталып өтсек:
Мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық кадрларының кәсіби қызметінде келесі технологиялар қолданылып келеді:
• денсаулық сақтау технологиялары;
• жобалық әрекет технологиясы;
• зерттеуші әрекет технологиясы;
• ойын технологиясы;
• жекелік-үйлестіруші технологиясы;
• тәрбиеленуші мен тәрбиешінің портфолио технологиясы;
• ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
Достарыңызбен бөлісу: |