Білімді пысықтау мен бақылауға арналған сұрақтар
1. «Технология» ұғымының мәнін ашыңыз.
2. «Педагогикалық технология» ұғымының мәнін ашып көрсетіңіз.
3. Технологиялық үдеріс нені білдіреді?
4. Педагогикалық технологияның даму кезеңдерін сипаттаңыз.
5. В.П.Беспалько бойынша педагогикалық технологияның мәнін ашып көрсетіңіз.
6. В.М.Монаховтың педагогикалық технологияға берілген анықтамасының мәнін ашып көрсетіңіз.
№2 дәріс. Тақырыбы: Мектепке дейінгі білім беру технологияларының классификациясы
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде инновациялық педагогикалық технологияларды жүйелеу, яғни классификациялау әртүрлі қарастырылады.
Мәселен, шетелдік, соның ішінде Ресейлік мемлекеттік білім беру стандартында инновациялық педагогикалық технологиялары төмендегідей топтарға жүйеленеді:
- мағыналы технология: құрылымы қызметіне қарай анықталынатын технологиялар (оқыту технологиясы, тәрбие технологиясы, дамыту технологиясы және т.б.);
- сипаттамалы технология: арнайы бір әдістің технологиясы, оқу пәнінің ақпараттық мазмұнына сәкес, оқытудың ауызша әдісі пайдаланылады (мәселен, әдебиет күндері, тарих, георграфия және т.б.); оқушы тыңдау, ұғыну, есте сақтау арқылы оқу материалын меңгереді;
- репродуктивті технология: оқу пәндерінің ғылыми-оқу ақпаратын жаңаша өңдеу, жетілдіру іс-әрекеті; белгілі бір үлгі бойынша мұғалімнің басшылығымен тапсырманы бірнеше рет қайталау іс-әрекеті;
- продуктивті немесе өнімді технология: оқушының шығармашылық қабілеттерін, жеке, дара тұлғаалық қабілеттерін арттыратын технология;
- алгоритмдік технология: оқу мінднттерін тиімді шешуді қамтамасыз ететін ойлау үдерісі мен оған сәйкес ақыл-ой әрекетінің реттелген, ойластырылған, өзара байланысқан моделіне негізделген технология; алгоритмдік технология барысында білімді меңгеру бірінен кейін бірі белгілі ретпен, жүйемен келетін өзара байланысқан операцияларды орындау барысында жүзеге асады;
- ақпараттық технология: ақпаратты алу, өңдеу, түрлендіру және тарату технологиясы; қоғамның әрбір мүшесінің үздіксіз білім беру жүйесінде бұл технология адамға ақпаратты кең көлемде жинауға мүмкіндік береді; ғылымда ақпараттық технологияны қолдану тәжірибелік-эксперименттік нобайлауға әдіснамалық ізденіс, диагностикалық жобалауды алып келді; ақпараттық технологиялар қазіргі кезде компьютерлі бағдарламалық оқыту, интеллектуалдық оқытудан эксперименттік жүйені, гипермәтінді, мультимедиа, микроәлем, имитациялық оқыту, демонстрацияны пайдалануға дейін алып келді;
- дифференциациялық (саралау) технология: оқушыларды жеке, дара, дербес ерекшеліктеріне сәйкес топтарға бөліп оқыту;
- интеграциялау технологиясы: ұқсас белгілері бойынша қосу, біріктіру, синтездеу технологиясы; бұл технологияның негізінде жеке тұлғаны жан-жақты дамыту идеясы алынады, мысалы, жинақтық сабақтар, жақын пәндерді біріктіріп қарастыру, мысалы, астрономия мен физиканы біріктіріп, астроизика бір пән ретінде оқыту және т.б.
- суггестотехнология: сендірудің әр түріне негізделген технология;
- ойын технологиясы: қарастыратын жүйені, құбылысты, үдерісті имитациялық нобайлау барысында жүзеге асырады; дидактикалық ойындарды төмендегідей реттелген оқу әрекеті түрінде беруге болады: сабаққа өз бетінше дайындалу басты мақсатты қою объектінің имитиациялық нобайын таңдау осы негізде қойылған мәселені шешу, тексеру, түзету, алынған шешімді жүзеге асыру, оның нәтижесін бағалау, алынған нәтижені талдау және белгілі тәжірибелермен салыстыру, жабық технологиялық цикл бойынша кері байланыс;
- педагогикалық диагностика технологиясы: оқушының тәрбиелік, білімдік деңгейіне педагогикалық болжам технологиясы;
- өзара іс-әрекеттілік технологиясы: оқыту үдерісін әртүрлі формада ұйымдастыруды қарастырады (жекеше, топтық, жалпылама);
- өзін-өзі дамыту технологиясы: өзін-өзі түсіну, өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі басқару өзіне-өзі баға беруді білдіреді;
коррекциялық технология: тұлғаның өзін-өзі жетілдіруге негізделеді; оқыту үдерісі барысында оқыту әдіс-тәсілдері мен формаларына түзетулер енгізіледі, түзетулерді тек қана мұғалім ғана ендірмейді, өз кезегінде оқушылар өз іс-әрекеттерін өздері түзейді, өздерінің жіберген қателерін түзетумен өздері айналысады.
Ал, академик Б.Т.Лихачев технологиялық үдерістерді жүзеге асыруда қолданылатын инновациялық педгогикалық технологияларды төмендегідей құрылымда жүйелеуді ұсынады:
- ірі әдістемелік-технологиялық құрылым: біртұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда рет-ретімен жүзеге асырылатын құрылымдық блоктар;
- технологиялық микроқұрылым: педагогикалық іс-әрекет пен педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың әртүрлі формасы мен әдістеріне қарай анықталады;
- әдістемелік-технологиялық жүйені түрлендіру: әдістемелік-технологиялық түрлендіру жиынтығына пайдалануға негізделген алдыңғы қатарлы, жаңашыл педагогикалық іс-тәжірибелер нәтижесінде жүзеге асырылады;
- технологиялық тәсілдер: оқытудың нақты тәрбиелік және білімдік міндеттерін шешуге бағытталған жүйеленген жеке әдістер;
- технологиялық бөліктер: ірі технологиялық құрылымның жеке бөліктері;
- әдістемелік-технологиялқ тізбек: жеке құрылымдық бөліктің логикалық реттелген қосындысы;
- нәтижені есепке алудың технологияландырылған формасы: жеке қабілеттер мен бейімділікке әсер ететін шығармашылық белсенділікті ынталандырады;
- технологиялық құралдар: компьютерлік құрылғы, машиналық бағдарламалау, әртүрлі құралдар мен құрылғылар, аудио- және видеоаппаратуралар.
Ғалым Б.Т.Лихачевтің педагогикалық технологияларды жүйелеуінің астарында педагогикалық технологияны педагогикалық үдерістің ұйымдастыру-әдістемелік құрылғысын анықтайтын әдіс-тәсіл, құрал, формаларының жиынтығының психологиялық-педагогикалық құрылымы ретінде қарастыру жатады. Б.Т.Лихачевтің осы ұсынған классификациясы педагогикалық технологиялардың мән-мағынасын толықтай ашуға көмектеседі.
Ғалым В.А.Бухвалов оқытудың инновациялық педагогикалық технологияларын 8 түрге бөліп жіктейді:
Достарыңызбен бөлісу: |