11 тақырып. Кәсіпті психологиялық топтастыру
Мұғалім тұлғасы (оның құнды бағдарлары, идеалы) педагогикалық бағыттылығымен сипатталады және оның іс-әрекетінің мәнін анықтайды.
А. К.Маркова бойынша мұғалім тұлғасының құрылымы:
-тұлға мотивациясы (тұлға бағыттылығы және оның түрлері).
-тұлға қасиеті (педагогикалық қабілет), тұлғаның интегралды сипаттамалары ( педагогикалық өзін-өзі тану, шығармашылық потенциал).
Мұғалім қабілеті тұлғаның индивидуалды қасиеті ретінде қарастырылады.
Педагогикалық қабілеті 2 үлкен топқа бөлінеді:
-перцептивтік –рефлективті к қабілеттер;
-проективтік- конструктивтік басқару қабілеттері.
Перцептивтік –рефлективтік педагогикалық қабілеттер, өзге адамды зерттеуге қабілеттілік.
Басқару педагогикалық қабілеттері өзге адамның жеке мінез-құлқына әсер ету қабілеті, оқушының мақсат, мотив-түрткісін де қамтиды.
А. И. Щербаков келесі педагог тұлғасының даралық ерекшеліктерін бөлді көрсетті:
-жоғары танымдық қызығушылықтар;
-балаларға деген сүйіспеншілік;
-дербестік;
-практикалық дағдылар;
- қарым-қатынасқа жеңіл түсе алушылық;
Арнайы педагогикалық қабілеттердің ерекше тобын балаларды тәрбиелеуге деген қабілеттер құрайды. Олардың арасында негізгілері ретінде келесілерді бөліп көрсетуге болады:
1.Басқа адамның ішкі көңіл-күйін дұрыс бағалап, қайғысымен бөлісуге деген қабілеттілік .
2.Балаларға олардың ойларында, сезімдерінде, іс-әрекеттерінде үлгі болуға деген қабілеттілік.
3.Балалардың бойында ізгі сезімдерді тудыру, жақсы болуға деген тілегі мен талпынысын тудыру, адамдарға жақсылық жасап, жоғарғы өмірлік мақсаттарға жетуге деген ұмтылысын тудыру қабілеті.
4.Тәрбиеленуші баланың жеке даралық ерекшеліктеріне тәрбиеленуші әсерлерді бейімдеу қабілеті.
5.Адамның бойында сенімділік сезімін ұялату, өзін шындай түсуге түрткі беру қабілеті.
6.Әрбір баламен қарым-қатынастың қажетті стильдерін таба білу, оның сенімін орнату, өзара түсінісу қабілеті.
7.Тәрбиеленуші жақтан өзіне деген құрмет сезімін тудыру, ресми емес түрде оның қолдауына ие болу, балалар арасында беделді болуға деген қабілет.
Оқытушының оқушыларды және өзін зерттеу кезінде басқа да педагогикалық қасиеттер шыңдалады.
Педагогикалық байқағыштық – бұл педагогтың сырттай аз көрінетін белгілер мен бөлшектер бойынша педагогикалық жағдайдың мәнін түсінуі, оқушының ішкі әлемін, мінез-құлқын сәл ғана көзге түсетін өзгешеліктері бойынша түсінуі, адамды оның мәнерлі қозғалысы бойынша кітап сияқты оқи білу қабілеті.
Педагогикалық оптимизм - оқытушының оқушыға оптимистік болжамды көзқараспен қарауы. Оқушыға оның мүмкіндіктеріне, оның тұлғалық ерекшеліктеріне сеніммен қарай білу және әрбір баланың бойынан сүйенуге болатын жағымды қасиетті көре білу қабілеті.
Педагогикалық тапқырлық - педагогикалық жағдайды жеңіл ұйымдастыра білу, позитивті, құрылымды бағыттылық орната білу.
Педагогикалық рефлексия - бұл өзгермелі жағдайларда оқытушының өзін оқушылардың орнына қоя отырып, өзін сезінуін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |