Дәрістер 1 тақырып. Еңбек психологиясының әдіснамалық және теориялық негізі



бет12/13
Дата26.09.2023
өлшемі43.42 Kb.
#478730
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Еңбек психологиясы лекциялар

12 тақырып. Профессиография
Қабілеттерді кәсіптік әрекетпен айналысудан бұрын, мысалы кәсіптік оқудан бұрын, оқу орындарына кандидаттар таңдағаннан бұрын анықтаған жөн болады. Қабілеттерді жобалаудың мынадай ерекшеліктері болады:

  • жобалау процессі мен нақты әрекетті игеру мен орындау арасында мол уақыт өтуі мүмкін;

  • адам мүмкіндіктері туралы ақпарат жанама түрде жинақталады;

  • ақпарат сенімділігі төмен болуы ықтимал;

  • жоба ықтималды болады.

Әрекет табыстылығын жобалау кезінде болжамболашақта ықтимал болатын жүріс-тұрыс туралы дәлелденген ықтималды сипаты бар қортынды – жасалынады. Жекедара прогноз ғылыми негізде жасалыну үшін табысты әрекет жобалау жүйесі қалыптасу керек. Оны дайындау сатылары мынадай:

  • әрекетті психологиялық талдау;

  • алғашқы ақпарат жинау әдістерін белгілеу;

  • критерийлерді дайындау;

  • алғашқы ақпаратты біріктірілген диагностикалық бағаға ауыстыру ережелерін дайындау.;

  • әрекет жобалау жүйесінің валидтылығын тексеру.

Әрекет табыстылығын жобалау жүйелерінде пайдаланатын статистикалық алгоритмдерді бес топқа бөлуге болады:

  1. шеткі топтарды салыстырмалы талдау;

  2. корреляциялық плеяда әдісі;

  3. факторлық талдау;

  4. біртіндеп талдау;

  5. регрессиялық талдау.

Кәсіптік кеңес беру жәрдемінің негізгі бағыттарын үш түрге бөлуге болады:

  1. Профилактикалық жәрдем. Мектеп оқушыларын немесе банкрот пен реорганизация қауыпы төніп тұрған ұйым қызметкерлерін кәсіптік және тұлғалық өіз-өзі анықтау қыйындылықтарына біртіндеп дайындау;

  2. Жедел (экстренно) кеңес беру. Терең психологиялық кәсіптік кеңес беру үшін уақыт және мүмкіндік жеткіліксіз болып, клиентке жедел жәрдем көрсетіледі;

  3. Бейімделу қыйындылықтарын басынан кешіп жүрген жас маманға жәрдем көрсету.

Кәсіптік кеңесті қажет етіп жүрген адамдар жас шама, білім деңгейі, т.б. параметрлер бойынша әртүрлі болғасын, және шешуді талап ететін профориентациялық міндеттер спецификасына байланысты кәсіптік консультация әртүрлі болады.
Ерте (балалар үшін) жасалынатын кәсіптік кеңес кәсіпті таңдау қажеттілігі тумай тұрып, оған біраз уақыт бұрын басталады. Оның сипаты ақпараттық болады, яғни бала кәсіптермен танысады еңбек әрекетінің қалаулы түрлері анықталады, баланың икемділіктері мен дағдылары, тума қабілеттері айқындалады. Бұндай профконсультация кезінде психодиагностикалық зерттеулерді пайдалануға болады, өйткені олар баланың көңілін психологиялық қасиеттеріне және олардың дамуына аударады. Жиі бұндай кеңес балаларға ғана емес, олардың ата-анасы үшін жасалынады. Ата-аналар өз баласында кәсіпті өзбетімен таңдау қабілетін қалыптасыруға үйренеді.
Мектептегі кәсіби кеңес беру жасөспірімдердің өзін-өзі анықтауына ішкі дайындықтын дамытуына бағыттанады. Оның компоненттері:

  • ақпараттық;

  • когнитивтік (кәсіпке дайындалу жолдары мен амалдарын білу);

  • моральдық-жігерлік (жасөспірімнің талғамға дайын болуы).

Ата-аналарға кеңес беру профконсультациялық жұмыстың маңызды сатысы болып табылады. Ата-ана бір жағынан, психолог көмекшісі, партнеры болуы мүмкін, екінші жағынан, оның ішкі мәселелері бар кезде (баламен қарым-қатынастың бұзылуы, өз мамандығымен қанағаттанбауы, т.б.) ол кеңесшінің клиенты болып табылады.
Жоғары сынып оқушылары және мектеп бітірген балалар кәсіптік кеңес берушінің негізгі клиенттері болып табылады. Балаларға өз қабілеттерін, қалауларын түсіну, оқу орындары туралы ақпарат беру, бегілі кәсіптерге жарамдылықтарын табу, психодиагностикалық бағалау, т.б. – психологтың алдында тұрған көптеген міндеттердің мысалдары.
Таңдалып қойған оқу мекемесінің мамандығын анықтауға көмек мектептің өзінде немесе кәсіптік оқу орындарының қабылдау комиссияларында көрсетіледі. Кеңесшінің басым болатын міндеті – талапкерге неғұрлым толық ақпарат беріп, өзіне лайық вариант табуға жәрдем көрсету.
Соңғы кезде кең қолданылатын кеңестің ерекше түрі – жұмысы жоқ адамдарға жаңа кәсіп игеруге, жаңа жұмыс орнын табуға, жаңа кәсіп үйрететін оқу орнын таңдауға байланысты көмек беру.
Кәсіпорындар мен ұйымдар кадр бөлімінің қызметкерлеріне кәсіптік кеңес беру кезінде психолог кандидаттардың психологиялық өзгешеліктерін танып-білуге жәрдем көрсетеді.
Сонымен, әрбір адам профконсультант клиенты болуы ықтимал, оларға кәсіптік кеңес берудің әртүрлі әдістері қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет