Дәрістер 1 тақырып. Еңбек психологиясының әдіснамалық және теориялық негізі


тақырып. Кәсіби іс-әрекеттегі субъект психологиясы



бет5/13
Дата26.09.2023
өлшемі43.42 Kb.
#478730
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Еңбек психологиясы лекциялар

5 тақырып. Кәсіби іс-әрекеттегі субъект психологиясы
Еңбек ұжымында қалыптасқан моральді-психологиялық ахуал маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Еңбек ұжымының моральдік-психологиялық ахуалы оның құрылымына тәуелді. Ұжым құрылымы екі деңгейде зерттеледі: формалды, формалды емес.
Егер формалды құрылым топ мүшелерінің лауазымдық статусымен байланысты болса, формалды емес құрылымда топ мүшелерінің психологиялық қасиеттеріне негізделген қатынастар қарастырылады.
Ұжымның дамуының бірінші сатысында формалды құрылымы басым: қызметкерлер мінез-құлқы лауазым стереотиптеріне бағытталады, бір-біріне қарайлайды, шынайы сезімдер көбінесе сыртқа шығарылмайды, мақсаттар, еңбек әдістері бірге талқыланбайды, ұжымдық бірлескен еңбек әлсіз байқалады.
Екінші сатыда басқарушының тұлғалық және іскерлік қасиеттері бағаланады, ұйымдағы мүшелер туралы пікірлер қалыптасады, ұжым ішінде топтарға бөліну процесі басталады, лидерлік үшін күрес жүреді. Қақтығыстар ашық түрде талқыланады, жұмыс тобының ішкі өзара қарым-қатынасын жақсартуға қадамдар жасалады. Сонымен, идентификациялану процесі аяқталады, формалды емес құрылым айқын көрінеді, ұжым өз мүшелерінің арасындағы іс-әрекет деңгейлерін басқара алу мүмкіншілігіне ие болады.
Соның негізінде пайда болған топтық бірігу позитивті, негативті немесе комформистік бағыттылыққа ие болады.
Бірінші жағдайда бірінші топ өз мүшелеріндегі ең жақсы іскерлік және адамгершілік қасиеттерін қабылдайды, пайда болған мәселелер инициативті шығармашылық түрде шешіледі.
Екінші жағдайда ұжым қуатының көп мөлшері әртүрлі топтағы қақтығысты, формалды және формалды емес лидерлер арасындағы қақтығысты шешуге бағытталған. Өндірістік жоспарлар екінші кезекке қойылады. Конформистік бағыттылықтар тек көзбояу ретінде, сырттай еңбек іс-әрекетінің нәтижелілігіне қызығу ретінде ғана көрініп, ұжымдық іс-әрекетке деген шынайы немқұрайлықты байқатады. Қызметкерлердің қызығушылық аймағы еңбек ұжымынан тыс жағдайларға бағытталған, мәселен, қоғамдық-саяси іс-әрекет, жанұя, жеке проблемалар және т.б.
Лидерлар кез келген ұжымда болады. Оларға ерекше назар аудару керек, себебі ұжымның моральды-психологиялық климатына олар белсенді түрде ықпал жасайды. Формалды емес лидерлардың арасында іскер, эмоционалды, авторитарлы, демократиялы және, ең маңыздысы, позитивті және негативті лидерларды бөлуге болады.
Лидерлік стиль К.Левин ұсынысы бойынша 3 стильге бөлінеді: авторитарлық, демократиялық,либералдық
Басқару жүйесіндегі кейбір лидерлер жұртпен санасып жатпайды, түрлі шараларды өз атынан жүргізіп, қол астындағылардың бастамасымен орындалған іске сенімсіздікпен қарайды. Қызметкерлердің бетінше пікір айтуына шыдай алмайды. Мұндай лидер ұжым мүшелерімен ресми құқықтық міндеттері мен оған жауапкершілігі тұрғысынан ғана қатынас жасауға тырысады, әркімге нақты ролі мен міндет жүктейді. Осындай лидердың басты кемшілігі маңызды шешімдер мен шаралар қабылдауда жоспар мен жүйелі жинақылықтың болмауында. Осының нәтижесінде кейбір істің жоспары да, нәтижесі де қате болып шығуы ықтимал. Мұндай жетекшінің ең осал жері – ұжым мүшелерінің бастамасын басып тастап, шығармашылық күшті жеке пайдаланғандықтан, кейде ұжымды рухани жағынан қанағаттанбаушылыққа әкеп соқтыруы мүмкін.
Мұндай жерде еңбек тәртібі, жұмыстың белгілі бір жүйесі сақталмайды. Ұжым мүшелері арасында көңілсіздік, жайсыздық туады. Жетекші өз өктемдігін күшейтумен әуре болып, ұжым мүшелерінің хал-жағдайын ойлауға да мұршасы келмейді. Осындай типтегі басқарушыларды қай жерде де әміршіл (авторитарлық) жетекші немесе лидер деп атайды.
Демократиялық типтегі жетекші ұжым мүшелерінің пікірлерімен есептесіп қана шешім қабылдайды. Жұрттың талаптары мен ұсыныстарын тыңдауды қалайды. Мұндай лидер – топ мүшелерінің бастамаларын мақұлдайды, сөйтіп олардың рухани қанағаттануына жағдай жасайды. Ол жиналыс үстінде сын мен өзара сын өрістеуіне мүмкіндік береді. Коллективтен еш нәрсесін жасырмайды. Әркез адамдардың көңіл – күйіне жақсы әсер етіп, олардың ықыласы мен сеніміне бөленеді.
Жетекшіліктің үшінші бір типі либералдық деп аталады. Мұндай кісі ұжым ісіне аз араласады, кейде оларды бетімен жібереді. Ол көбіне басшылықты жүрдім – бардым жасайды. Әрине, мұндай жерде біркелкі жұмыс болмайды. Ұйымдастыру, басқару жұмысының шырқы бұзылады. Осының салдарынан ұжымда тәртіптілік, жинақылық, ширақтық жағы кем болады Мұндай сәтте бетімен кетушілікке , анархиялық пікірлердің ауадай жайылуына жағдай тууы мүмкін.
Қандай да болмасын ұжымды дұрыс басқару үшін, жетекші атаулы өз тобындағылардан көш ілгері жоғары тұратын ақылды да білімді, инабатты да іскер, байсалды, тиянақты болып келуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет