2 тақырып. Еңбек психологиясының негізгі әдістері
Еңбек психологиясының зерттеу әдістері – еңбек ортасының ерекшеліктері мен оның адамға қоятын талаптары, еңбек субъектісі және оның талап ететін еңбек шарттары туралы ақпарат жинау және ақпаратты реттеу әдістері. Профессиографияда әдетте сұрау, бақылау, эксперимент, өзін-өзі бақылау, құжаттар анализы, функциялар мен себептер тіркеу пайдаланады.
Құжаттар талдау. Зерттелетін өндіріс технология кітаптарымен танысу, басылымдардағы мақалаларды зерттеу, нұсқаулар, лауазымдық бұйрықтарды, т.б. жазбаша құжаттарды қарастыру еңбек әрекетінің жалпы ерекшеліктерін анықтап, мыадай шараларды қолдануға мүмкіндік береді:
негізгі кәсіптік міндеттерді, еңбек операциялары мен режимдер сипаттамаларын белгілеу;
мамандармен әңгімелесу мен оларды бақылау жоспарларын дайындау;
жұмыс орнын ұйымдастыру;
күрделі оқиғалар, төтенше жағдайлар, өндірістік брак, кәсіптік зақымдану оқиғаларды статистикалық талдау;
әрбір жұмысшыға жекедара көзқарас салысынан қатынасу.
Сұрау әдісі.Зерттеу мақсатына, сұрауға қатысатын адамдар санына, техника мен уақыт мүмкіншіліктеріне байланысты сұрау әңгіме немесе анкета арқылы өтеді. Әңгіме артықшылығы – ол еркін түрде өтіп, түсініксіз жерлерді анықтауға болады. Сұрауға әртүрлі мамандар қатысады. Оның қыйын жері – адамтабысты жұмыс атқарса да, ол өз әрекетін анық, толық түрде сипаттала алмауы мүмкін. Сондықтан толық ақпарат жинау үшін сұрау алдында тиянақты дайындалған қажет.
Сауалнама– қойылған сұрақтарға жазбаша жауап беру. Оның екі түрі болады: ашық және жабық. Ақпарат жинау кезінде шынайы жауап алу үшін респондентты оның жауаптары өзіне, өзгеге зиян келтірмейтініне, құпиялық бұзылмайтынына сендіру қажет.
Бақылау әдісі. Бақылау арқылы жұмысшылардың еңбек өзгешеліктерін, әртүрлі операциялар орындау барысын, әрекеттің жекедара стилін, адам психикасының сыртқы көріністерін, әртүрлі тұлға ерекшеліктерін анықтауға болады. Оның сыртында еңбек процесіндегі қарым-қатынастар, техникамен айналысу қабілеті байқалынады. Кәсіп әрекетін психологиялық талдау барысында оның өндірістік-техникалық құрылымы айқындалады: кәсіптің адам әрекеті мен жүріс-тұрысына қоятын талаптары анықталады.
Бақылау салыстырмалы түрде өтеді:
-жұмыс тиымдылығы жоғары және төмен жұмысшылар салыстырылады;
-жоғары тәжірибелі және жаңадан келген адамдар;
-жоғары сапалы өнім және брак шығаратын жұмысшылар;
-өнім сапасы;
-операциялар, тәсілдер мен амалдар салыстырылады.
Бақылау әдетте хронометражбен бірге қолданып, әртүрлі іс-қимылдар орындау уақыты тіркелінеді. Оның сыртында «фотография рабочего дня» деп аталатын әдіс пайдаланады: еңбек әрекетінің реті, әртүрлі жұмысқа, дем алуға кететін уақыт тіркелініп, бүкіл жұмыс күні бой пайдалы және пайдасыз жұмсалатын уақыт анықталады.
Өзін-өзі бақылау. Ол екі түрде өтуі мүмкін:
Маманның өзі-өзіне есеп беруі. Бұл жағдайда маманға “дыбыстап ойлау”, яғни әрбір операцияны, құралдармен жасайтын әрекетін, әрбір сигнал қабылдау процессін айтып отыру тапсырмасы беріледі. Бақылаушы адамға оқушы ретінде әрбір іс-қимылды түсіндіру керек болады. Алғашқыда өзі-өзіне есеп беру кезінде бақыланатын объекттер саны аз болып, одан кейін көбейе бастайды. Жаңа жағдайға үйренуімен байланысты белгілі қыйыншылықтар өткеннен кейін мамандар өз әрекетін ерік, толық түрде айтып бере алатынын практика көрсетеді. Кейбір кездерде әрекет вербализациясы адамның түсінбеген міндеттерін санаға еңгізп, оны ұғынуға себепші болып, нәтижесінде еңбек тиымдылығы көтеріледі.
Маманның өзі оқушы ретінде кәсіпті жүйелі түрде үйреніп, еңбек дағдыларын игеріп, еңбек субъектісі ретінде өркендейді. Бұл әдіс еңбек әрекетіне бейімделу процесінің ерекшеліктері мен қыйыншылықтарын анықтауға жәрдем береді. Оны еңбектік әдіс деп аталып, қарапайым, үйренуі жеңіл, көп уақытты талап етпейтін кәсіптерге қатысты пайдаланады. Күрделі әрекетті зерттеген кезде бөлек еңбек операциялары, сатылары анықталып, еңбектік сынақтар өткізіледі.
Еңбектік әдіс кемшіліктеріне қарамай (психолог бақылаулыарын жұмыс күніаяқталғаннан кейін, шаршау күйінде тіркегендігінен көп нәрсені есінен шығарып алуы мүмкін болады), осы әдіспен жиналған ақпарат маңызды, сенімді болып табылады, өйткені психолог жұмысшыда белгілі психикалық актілер болатынын жобалап қоймай, олардың бар екенін анық біледі, өйткені оларды психолог өз басынан кешеді, олар оның тәжірибесінде бар болады.
Эксперимент әдісі. Профессиография барысында өткізілетін эксперимент дайын психограмманы тексеру үшін қолданылады. Бұл мақсатпен әртүрлі кәсіптік дайындығы бар мамандарды бірнеше топқа бөледі. Арнайы әдістемелер, құралдар, сауалнамалар арқылы әрбір топ мүшелерінің бағыттану психограммасында кәсіпке маңызды болып көрсетілген қасиеттері зерттелінеді. Эксперимент нәтижелері жұмыс табыстылығымен салыстырылады. Мысалы, жақсы жұмысшылардың көбі белгілі бір қасиетті зерттегенде жоғары көрсеткіштерге жетіп, ал нашар, табыстылығы төмен жұмысшылар қасиеттері төмен деңгейде болса, осы зерттелінген қасиет кәсіп үшін маңызды болып табылады. Өндірістік эксперимент әрқашанда сыналушының табиғи жағдайында, яғни жұмыс орнында жасалынады.
Өндірістік экспериментте бақылауға көнбейтін, көп кездейсоқ факторлер көп болады. Оның сыртында, сынау өндірістік процеске кедергі болмай, қысқа мезгілде өтуі керек.
Тұлғалық әдістер. Бұл әдістер еңбек субъектісінің жай бақылау арқылы анықталмайтын тұлғалық ерекшеліктерді зерттеуге бағытталған. Кәсіптік табыстылық негізінде жататын әртүрлі қасиеттер мен тұлға қатынастарының көптеген көріністері болады. Оларды адамның өзі (көптеген сұрақнамалар мен тестілерде) немесе басқа адамдар (тәуелсіз сипаттама әдісі) бағалайды.
Осы бағалар бойынша экспериментатор қызметкер тұлғасының қасиеттері туралы қортынды жасайды. Дегенмен, бұл қасиеттер өмірлік жағдайға орай өзгеруі мүмкін.
Еңбек процесін алгаритмдік сипаттау әдісі. Бұл әдіс жиналған ақпаратты реттеу амалдарына жатады. Алгоритм дегеніміз – белгілі міндетті, тапсырманы орындауға әкелетін, жазбаша түрде немесе график, символдар арқылы белгіленетін іс-әрекет реті. Әдіс іс-қимыл барысын ықшам түрде көрсетіп, олардың арақатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Толықтығы, нақтылығы, жүйелілігі арқасында алгоритм жұмысшылар операциясын бақылап, еңбектің қандай сәтінде төтенше, ерекше оқиғалар жиі пайда болатынын, қандай операциялар автоматтандыруды талап ететінін, т.б. құбылыстар айқындалады.
Алгоритмдер озат тәжірибені қарастыру мен таратуында, жұмысшылар дайындауына, еңбек нормаларын белгілегенде пайдаланған жөн болады.
Құрылымдық әдіс. А.И.Губинский ұсынған құрылымдық әдіс еңбек әрекетін негізгі және қосымша операциялардан тұратын құрылым ретінде қарастырып, операциялардың уақыт пен сенімділік сипаттамалары зерттелінеді. Осы әдістің негізгі принциптерінің бірі – иерархия қағидасы. Адам әрекеті бірнеше деңгейде қарастырылады:
-оперативтік деңгейде – орындалатын міндеттер арақатынасының құрылымы ретінде;
-бір тапсырманы орындау деңгейінде – алгоритмдер арақатынасының құрылымы ретінде;
-алгоритм деңгейінде – операциялар арақатынасының құрылымы ретінде;
-операциялық деңгейде – оның компоненттері қарастырылады.
Структуралық әдісті пайдалану кезнде бірқатар қыйыншылықтар туады. Мысалы, құрылымның сыртқы себептермен байланыстылығы, ойлау әрекетін анықтауға болмайды.
Жүйелі талдау. Кәсіптік әрекеттің жүйелі талдауынын ең лайықты әдісін В. Д. Шадриков жасаған. Ол жүйелі бағыт методологиясына сүйеніп, әрекетті бірнеше деңгейде зерттеген жөн болады деген.
Тұлғалық - мотивациялық талдау - бір жағынан, тұлға қажеттіліктерін зерттеу, екінші жағынан, кәсіптік әрекеттегі осы қажеттіліктер қанағаттану мүмкіндігін анықтау. Осы екі аспекттің бірі-біріне сәйкес келуі еңбек әрекетінің мотивациясын белгілейді.
Компоненттік - мақсатталған талдау бойынша еңбек әрекетінің жалпы құрылымындағы әрбір іс-әрекеттің мақсаты мен мағынасы анықталып, оның сыртқы жағын ғана емес, сонымен қатар ішкі, әрекет атқаруға қатысты психикалық процестер мен жұмысшының психикалық қасиеттерінің жүзеге асуымен байланысты болатын жағын да айқындау керек.
Құрылымды-функциональдік талдау барысында әрекеттің біртұтас құрылымы ішіндегі бөлек іс-қимылдар арақатынасының ұйымдасу механизмы мен принциптері анықталады.
Ақпараттық талдау кезінде адам өз жұмысын соларға сүйеніп, бағыттанып орындайтын әрекет белгілері зерттелінеді, олардың практикалық маңыздылығы мен көріну динамикасы қарастырылады, әрекетке қажетті ақпарат алу жолдары анықталады, ақпаратты уақытта ұйымдастыру ережелері қалыптастырылады.
Талдауың психофизиологиялық деңгейінде әрекетке қатынасатын физиологиялық жүйелер айқындалады.
Индивидуальды (жекедара) - психологиялық талдау жұмысшы тұлғасының барлық көріністерін, белгілерін зерттейді.
Әрекет сипаттаудың көрсетілген деңгейлерінің араласу нәтижесінде әрекет көпдеңгейлік, көпқұрылымдық құбылыс ретінде көрінеді.
Сонымен, кәсіптік әрекет зерттеуі екі түрде өтуі мүмкін. Бірінші сатысында профессиограмма және адамға қойлатын талаптар сипатталынады. Екінші сатыда еңбек субъектісі компоненттерінің қатынастығы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |