8 тақырып. Еңбек субъектісінің кәсіби даму кезеңдері
Мектепке дейінгі шақ. Балалардың өз ойындарында ересектерге еліктеуге ұмтылысы және әрекеттерін қайталауы белгілі. Бұл жас кезеңінде сюжеттік-рөлдік ойынның маңызы зор. Олардың кейбіреуі кәсіби бағдарланған сипатқа ие. Балалар дәрігері, сатушы, тәрбиеші, аспаз т.б. рөлдерді иеленіп ойындар ойнайды.
Кәсіби өзін-өзі анықтаудың әрі қарай дамуы үшін алғашқы еңбек бастамалары өте маңызды. Мысалы, киімді күтіп, үйді жинаудың күрделі емес әрекеттерін жасау, т.б. Бұл еңбек әрекеттері еңбекке деген қызығушылықты дамытып, кез-келген іс-әрекетке деген жағымды мотивацияның негізін қалап, ересектердің еңбегі жайлы балалардың білімін дамытады.
Кәсіби өзін-өзі анықтаудың әрі қарай дамуына ересектердің еңбегі жайлы білу әсер етеді. Оның қалыптасуы үшін ересектер еңбегін қадағалау және еңбек мазмұнын суреттеу қажет.
Кәсіби-рөлдік ойындардың, еңбектің қарапайым түрлерін орындау, ересектер еңбегін бақылаудың нәтижесі мектеп жасына дейінгі балалардың еңбектің түрлерін ажырату мен әртүрлі мамандықтарды салыстыру негізіндегі «өзін-өзі анықтауы» болып табылады.
Кіші мектеп жасы. Кіші мектеп жасындағылардың психологиялық ерекшеліктері ересектерге еліктеу болып табылады. Бұл жас кезеңіндегі балалардың екінші бір ерекшелігі – жетістікке жету мотивациясы. Әрине, әуелі жетекші іс-әрекетте, яғни оқуда, оқу, ойын және еңбек іс-әрекетінде жиналған тәжірибе негізіндегі қабілеттері мен мүмкіндіктерін баланың түсінуі өзіне ұнайтын мамандық таңдауға деген тілегін қалыптастырады.
Кіші мектеп жасының соңына қарай қабілеттердің дамуы балалар арасында жеке ерекшеліктердің пайда болуына әкеледі.
Оқу және еңбек іс-әрекеті балалардың шығармашылық қиялының дамуына әсер етеді. Бұл қабілеттілік негізінде еңбектің әртүрінің мазмұны жайлы түсініктердің қалыптасып, нақты мамандыққа еліктеу пайда болады.
Жеткіншек шақ –жеке бас қалыптасуының жауапты кезеңі. Бұл жас кезеңінде еңбектің әр түріне адамгершілік қатынастың негізі қаланып, әр түрлі мамандықтарға жеткіншектердің таңдау қатынасын анықтайтын құндылықтар жүйесі қалыптасады.
Ересектердің сыртқы келбетіне еліктеу нәтижесінде ұл балалар ұшқыш, ғарышкер т.б болуды армандайды. Күш-жігері мол, батыл ер адамдарға еліктейді, ал қыздар топ-модель, эстрада жұлдызы, кино жұлдыз т.б. әйгілі, әдемі әйел адамдарға еліктейді. Мұндай романтикалық мамандықтарға бағдарлану бұқаралық ақпарат құралдары әсерінен болады.
Әртүрлі оқу пәндеріне қызығушылық, шығармашылық және техникалық үйірмелерге қатынасу жеткіншектерде оқу-кәсіби бағытты қалыптастырады.
Жасөспірімдік шақ. Бұл жастың маңызды міндеті-мамандық таңдау. Бұл-реалисттік оптация кезеңі. Жасөспіірмдердің кәсіби жоспарлары арман сияқты сипатқа ие болды.
Олар нақты психологиялық түрде негізделген мамандықты таңдай алмайды. Бұл мәселе көбінесе мектептегі оқуын тастап кеткен қыздар мен жігіттерде кездеседі.
14-15 жаста мамандық таңдау күрделі. Кәсіби бағдарланған арманды шындыққа айналдыру мүмкін емес болғандықтан қанағаттанбаушылық «Мен» образының дамуына түрткі болады. Яғни, мен кіммін? Менің қандай қабілеттерім бар? Менің өмірлік идеалым қалай? Менің кім болғым келеді?-деген сұрақтар туындайды.
Өзіндік талдау кәсіби мектеп оқушыларының кәсіби өзін-өзі анықтауының психологиялық негізі болады. Кәсіптік-техникалық училище, кәсіптік лицейлер, техникумдар мен колледжде кәсіби білім алу олардың нақты кәсіби білім бағдарланғандарын дәлелдемейді. Статистиканың көрсетуінше, оқу-кәсіптік мекемесін таңдау психологиялық жағынан негізделмеген. Орта, жалпы білім алған қыз-жігіттер өздерін психологиялық жағынан өте жайлы сезінеді. Мектепті аяқтаған соң, өздерінің арманындағы мамандықтан гөрі шындықтағы қолайлы вариантты таңдайды. Олар өмірдегі табыс пен жетістікке жеткізетін мамандық таңдауға талпынады.
Өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттерін бағалау, мамандықтың мазмұны негізінде олар кәсіби білім алу мен еңбектің қосымша варианттары жолында өзін-өзі анықтайды.
Балғын жас. 16-23 жаста көптеген жастар оқу мекемелерінде кәсіби білім алады. Кейбіреулері өз таңдауларына ризашылық білдірмейді. Кейбіреулерінде кәсіби оқу барысында таңдауларына деген сенімділігі бекітіле түседі. Бұл кезде жеке бастың кәсіби бағыттылығының кристализациясы жүреді. Болашақ әлеуметтік-кәсіби рөлді игеру нақты кәсіби қауымдастықтың өкілі ретінде өзін сезінуге жетелейді.
Жастық шақ. (27 жасқа дейін). Бұл әлеуметтік-кәсіби белсенділік кезеңі. Мамандық таңдауға деген сенімсіздік артта қалды. Бұл кезде кәсіби тәжірибе мен жұмыс орны бар. Кәсіби өсу бұл кездегі өзекті мәселе. Құрдастарының көпшілігі нақты кәсіби жетістіктерге жетті. Бірақ, кейбіреулері өз өмірін құрып, кәсіби бағдарлансада, кәсіби жоспарларға байланысты психологиялық жайсыздықты бастан кешіреді.
Кәсіби жетістіктердің жоқтығы, анықталмаған еңбек жолының перспективасы «Мен концепциясының» өзіндік бағалауы мен өзіндік талдауын туғызады. Өмірдің жаңа мақсаттары пайда бола бастайды. Кейбіреулеріне тоқталсақ:
30 жасқа қарай кей адамдар үшін кәсіби өзін-өзі анықтау тағы да өзекті мәселеге айнала бастайды. Бұл жағдайды шешудің екі жолы бар: таңдалған мамандықта қалу және соның маманы болу немесе кәсіби миграция, яғни жұмыс орнын не мамандықты ауыстыру.
Ересек шақ. Бұл шақ – өзін жеке бас ретінде тарату, кәсіби-психологиялық потенциалды қолдана алу кезеңі. Осы жас кезеңінде кәсіби және өмірлік жоспарлары құрылады. Мамандық еңбек орынында өз қабілеттерін қолдануға, іс-әрекеттің жеке стилін жасауға мүмкіндік береді.
Кәсіби өмірге тұрақталу, таңдалған мамандыққа қанағаттанушылық кәсіби оптимизм сияқты ерекше эмоциональдық күйдің пайда болуына әкеледі.
Қарттық жас. Зейнеткерлікке щығуға жету кәсіби өмірден кетуге әкеледі. 55-60 жаста жеке бас өзінің кәсіби потенциалын толығымен жоққа шығара алмайды. Жоғары мамандану кәсіби шаршағанға қарамастан зейнетке шығуға сенімсіздік тудырады. Күйзеліс уақыты пайда болады. Ондаған жылдар бойы қалыптасқан өмір салты, стереотиптер бір сағаттың ішінде жойылады. Кәсіби маңызды сапалар, кәсіби білім мен іскерліктер, тәжірибе мен шеберлік қажетсіз болып қалады. Бұл негативті кезеңдер әлеуметтік қартаюды тездетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |