3 тақырып. Еңбек психологиясының негізгі түсініктері
Қазіргі қоғам білім беру жүйесіне қоғамның өзгермелі жағдайына жеңіл бейімделетін болашақ мамандарды даярлауға мүмкіндік беретін жаңа талаптар қояды. Мұндай дайындық әртүрлі ғылыми саладағы білімдердің тек жиынтығына ғана тәуелді болмауы тиіс. Оқылатын пәндердің мазмұны мен әдістемесі бітіруші студент психологиялық ойлаудың қызметтік мүмкіндіктерін меңгеріп шығатындай болып, нәтижелі әрі ғылыми тұрғыдан дұрыс жоспарланған болуы қажет.
ЖОО оқу нақты студент үшін болашақта өзінің кәсіби іс-әрекетінде сәтті қолдануға мүмкіндік беретін негізгі теориялық және практикалық білім алу болып табылады. Оқытушының мақсаты - болашақ маманға өзінде жинақталған білім мен іскерліктерді игерту, сонымен қатар оларды тәжірибеде және шындықтағы өмір жағдайында қолдануға үйрету.
Кәсіби білім берудің міндеттері:
Болашақ маман ретінде оқушыларда дүние танымды және жеке адамдының жоғары моралдық қасиеттерін қалыптастыру.
Оқушылардың кәсіби бағыттылығын тәрбиелеу яғни өз мамандығына қызығушылық, балаларға деген сүйіспеншілік , баланы зерттеуге (талпыну) оның психикасымен ерекшеліктерін тануға талпыну.
Оқушылардың психологиядан алған теориялық білімін практикада қолдана білу іскерлігін, оқу – тәрбие жұмысына баланың жеке басының қалыптасупроцесіне бақылау жүргізе білу, бақылау нәтижесін талдай және жалпылай білу іскерлігін дамыту, солардың негізізнде баланың психикалық ерекшеліктерінің пайда болу, даму себебі тұралы қорытынды жасауға үйрету.
Білімдерді меңгерудің табиғи заңдылық қажеттілігіне тек оқытудың белсенді әдістері дидактикаға жауап бола алады.
Педагогикада белсенді оқыту әдістері алуан түрлі. Олар әр түрлі пәндерді оқытуда қолданылады.
а) бағдарламаланған оқыту әдісі;
б) проблемалық оқыту әдістері;
в) интерактивті оқыту әдістері.
1.Бағдарламаланған оқыту бұл П.Я.Гальпериннің ХХ – ғасырдың 50 жылдарында жасаған ақыл – ой іс – әрекетін кезең деп қалыптастыру теориясына негізделген оқытудың белсенді әдістерінің жиынтығы.
2.Проблемалық оқыту – оқытудың белсенді әдістерінің бірі. Проблемалық оқыту арқылы студенттердің белсенді ойлау әрекетінің дәрежесін кµтеру, оларды ақыл – ойдың шығармашылық әрекеттерінің жүйесіне үйрету болып табылады. Бұл жүйені меңгеру ақыл – ой әрекетінің сапасын арттырып, ғылыми диалектикалық ойлауды қалыптастырады
3.Интерактивті оқытуға келесідей әдістер жатады: эвристикалық әңгіме, пікірталас, «Ой шабулы», «Дөңгелке үстел», іскерлік ойындар, практикалық жұмыстар жарысы және оларды талдау .
Эвристикалық әңгіме – бұл ұжымдық ойлау немесе проблеманың жауабын іздеуге құрылған әңгіме.
Пікірталас - ( дискуссия ) бұл арнайы бағдарламаланған оқу бағдарламасының теориялық сұрақтарын талдауы, әдетте бұл сұрақты қоюмен басталады және эвристикалық әңгіме түрінде өріс алады.
« Ой шабуыл » - әдісінің мәні бойынша кұрделі проблемаға жауап іздеу барысында әр түрлі ойға кез – келген идеялар, болжамдар, ұсыныстар, кездейсоқ аналогияларды интенсивті айту, сонымен қатар қатысушылардың керекті немесе керексіз ассоциациялары пайда болуы мүмкін.
«Дөңгелек үстел» әдісі әр түрлі ғылыми аспектілерде теориялық проблемаларды меңгеру жолымен қарастырылатын, тиімділікті арттыратын әр түрлі профильдегі мамандардың қатысуымен өтетін әдіс.
Іскерлік ойын әдісі - мамандарды басқару және әрекет жасауға үйрететін әдіс.
Интерактивті оқытудың жаңа әдісі тренинг болып табылады. Тренинг – бұл арнайы жасалған кіші топтарда қарым – қатынасты ұйымдастыру арқылы өтетін психо – корректілік жұмыс әдісі.
Достарыңызбен бөлісу: |