Дәрістер 1 тақырып. Еңбек психологиясының әдіснамалық және теориялық негізі


тақырып. Еңбек объектісі және құрылымы



бет4/13
Дата26.09.2023
өлшемі43.42 Kb.
#478730
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Еңбек психологиясы лекциялар

4 тақырып. Еңбек объектісі және құрылымы
Отандық психологияда Е. А. Климовтың жіктемесі кеңінен танылды. Онда еңбек обьектісімен сәйкес мамандықтың 5 типі көрсетіледі:
1) Адам-тірі табиғат (т). Бұл тип өкілдері өсімдіктермен, жануарлармен, микроағзалармен байланыс жасайды, мысалы: агроном, зоотехник, ветеринар, микробиолог.
2) Адам-техника (өлі табиғат);(Т). Жұмысшылар еңбектің техникалық құралдарымен жұмыс жасайды. Мысалы: слесарь, техник, механик, электрик.
3) Адам-адам (А). Қызығушылық, танымдық заты-әлеуметтік жүйе, тұрғындар тобы, әр жастағы адам; Мысалы: тауар сатушысы, шаштараз, дәрігер, мұғалім.
4) Адам-белгілер жүйесі (Б). Табиғи және жасанды тілдер, шартты белгілер, сандар, формула. Мысалы: программист, математик, баспа редакторы, тіл маманы.
5) Адам-көркемдік образ (к). Мысалы: суретші-декоратор, реставратор, балет әртісі, драма театрының актері.
Мамандықтың бұл 5 типі мақсаты бойынша 3 класқа бөлінеді:
1) гностикалық мамандық (Г) (грекше «гнозис»-білім). Мысалы «адам-табиғат»: дегустатор, жемісті қабылдаушы, «адам-техника»: мастер-диагност, «адам-адам»: медициналық эксперт, әлеуметтанушы, «адам-белгілер жүйесі»: корректор-бухгалтер, «адам-көркемдік образ» : музыкант, актер.
2) Қалыптастырушы мамандықтар (қ). Мысалы: «адам-табиғат:» өсімдік өсіруші, зооинженер, жануар өсіруші; «адам-адам»: мұғалім, педагог, токарь; «адам-белгілер жүйесі»: машинист-стенографист, бухгалтер; «адам-көркемдік образ»: декоратор, суретші, сылақшы.
3) Таңдамалы мамандықтар. Мысалы: «адам-табиғат» : ұшқыш-бақылаушы, биолог-зерттеуші; «адам-техника»: инженер-құрастырушы; «адам-белгілер жүйесі»: программист, математик; «адам-көркемдік образ» : суретші, сазгер.
Еңбектің негізгі құралдары бойынша әр класты 4 бөлімнен құруға болады:

  1. Қол еңбегі мамандығы, слесарлық жұмыс бақылаушысы, фельдшер-лаборант, картограф, суретші, конструктор.

  2. Машина қол еңбегі мамандығы, экскаватор жүргізушісі, токарь, автомобиль жүргізушісі.

  3. Автоматтандырылған жүйемен байланысты мамандық: цех операторы, магниттік жазба операторы.

  4. Еңбек функциональды құралдарымен байланысты мамандық: еңбектің психологиялық құралы-ойлау эталондары (акробатта-келесі әрекеттің ойлау үлгісі, дирижерда-образды эталондар)

Еңбек шарттары бойынша Е. А. Климов мамандықты 4 топқа бөледі:

  1. микроклимат жағдайындағы жұмыс: лаборант, оператор ЭЕМ, бухгалтер.

  2. ашық жердегі жұмыс: агроном, монтажшы, МАИ инспекторы.

  3. биікте, су астында, жер астында, т. б. : антенашы, теңіз зерттеушісі, өрт сөндіруші.

  4. Адамның денсаулығы, өмірі үшін моральды жауапкершіліктегі жұмыс: балабақша тәрбиешісі, мұғалім, зерттеуші.

Кәсіби білім беруді мамандықтың барлығы бойынша жүргізу мүмкін емес. Әрбір кәсіби іс-әрекеттің құралы, мазмұны, деңгейі ерекшеленеді.
Оқу мамандығын белгілер бойынша ғылыми негіздеу керек. Нәтижесінде мамандар дайындау формасы жасалу керек. Бұл кәсіби мектеп және ЖОО-да оқу болуы мүмкін.
Кәсіби білім алу үшін оқу мамандықтарын таңдау өзекті болып отыр. Бұл таңдау ғылыми негізделуі керек. С. Я. Батышев ең алғаш білікті мамандар дайындау мақсатында оқу мамандықтарын топтастыру мәселесін алға қойды. Мамандық бөлінуінің маңызды нәтижелері:
-еңбекті механикаландыру дәрежесі;
-деңгей және талап етілетін біліктілік сипаты;
-дене және ақыл-ой еңбегі шығындары қатынасы;
Еңбек күрделілігін анықтау критерийлері болып : құрал, зат, өнім, еңбек қызметі, жауапкершілік көрсетілген.
1987ж. кәсіби техникалық білім беру жүйесінде қызмет етуші жұмыскерлерді дайындау үшін мамандықтардың жалпыодақтық санағы бекітіліп, оқу мамандықтарының жалпы саны 1193-ке дейін қысқарды.
Техника түсінігінің астарында құрал, еңбек құралдары жатады. Технология техниканың жасанды құралдарының, өндіріс процестерінің, ресурстарының, басқарудың дамушы жүйесі ретінде кең ұғым болып табылады.
Технология қоғам дамуын анықтау; ғылым мен тәжірибе жетістігін көрсетеді, және мынадай кәсіби профильдерге бөлінеді:
-ақпарат технологиялары-ақпарат алу, талдау, өңдеу;
-экологиялық технология-қоршаған орта;
-экономикалық технология-кәсіпкерлік, бизнес;
-өндірістік технология- материалдық құндылықтар жасау;
-аграрлы, жер өңдеуші техникалық-өсімдіктерді өсіру;
-әлеуметтік технология-адамдар қарым-қатынасының жақсаруы, тұрақтылығы.
Технология түрлері оқу мамандық топтарын қалыптастыру үшін негіз болады. Өндірістік іс-әрекетте әлеуметтік техникалық, физикалық, экологиялық білім өте қажет.
Кәсіби политехникалық білімге қажет факторлар:
-еңбек пен өндіріс интеллектуализациясы;
-электроника, хромотроника, т. б. техникалық жүйелер есебінен технологияны күрделендіру;
-қазіргі кездегі өндіріс пен еңбек үзілісінің технологиялық базисінің дамуы;
-жаңа технологиялар базасы бойынша техникалық құралдарды жетілдіру;
Кәсіби маңызды сапалар-жауапкершілік, сенімділік, қабілеттілік, шешім қабылдай алу, т. б.
Сонымен қатар: технологиялық, политехникалық, жеке тұлғалық болып бөлінген 3 фактор көрсетілген.
Оқу мамандығын жобалауда келесі принциптер жүзеге асырылады:
-педагогикалық технология мен өндірістік технологиялардың өзара байланысы;
-кәсіби өзін-өзі анықтау;
-мамандық мазмұнының прогностикалық бейнесі;
-оқу технологиясы мен кәсіби профильдегі өндірістік технологиялар интеграциясы.
Оқу мамандығы мәселелерін шешуге технологиялық білім беруді жүйелеу негіз болады. Бұл мәселенің шешімі мамандарда-құрастырушылық, білім берудегі мамандыққа кіріспе мәнін күшейту қажеттілігін тудырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет