Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы


Діни реформация және оның капиталистік қатынастардың қалыптасуы мен дамуындағы рөлі



бет63/175
Дата19.10.2023
өлшемі2.79 Mb.
#481135
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   175
lektsii po filosofii

Діни реформация және оның капиталистік қатынастардың қалыптасуы мен дамуындағы рөлі.
Қайсыбір өтпелі заманда рухани өмір де түбегейлі өзгерістерге түседі - ескі өмір құндылықтары әлсіреп, жаңа әлеуметтік нормалар, дүниесезім мен дүниетаным өмірге келеді .
Осы тұрғыдан қарағанда, қайта Өрлеу Заманы христиан дінінде үлкен өзгерістерді тудырды, өйткені моральдық жағынан азғындаған рим-католик шіркеуі, халықтың санасында теріс баға алып, римнен жіберілген әр-түрлі аймақтарға дін басшылары жемқорлық жолына түсіп, қалың бұқараның санасында негізгі езушілер ретінде түсінілді.
Мұндай жағдайда христиан дінінің алғашқы нұсқаларына қайта оралып, оны Орта Ғасырлық схоластикалық бүркемдерден тазарту - өзекті мәселелердің біріне айналады. Осы үлкен көлемді іске барлық жан-тәнін берген неміс теологы Мартин Лютер ( 1483-1546 ж.ж.) болды.
М. Лютер рим-католик шіркеуінің Құдай мен адам арасындағы дәнекерлік қызметін теріске шығарып, адамның жалғыз ғана Құдайға деген сенімі оның құтқарылуына жеткілікті деген пікірге келді. Құдайға қызмет ету - ол жалғыз дін қызметкерлерінің ғана ісі емес, бүкіл халықтың, әр адамның борышы деген пікір айтты. Ал мұның бәрі шіркеудің билігін әлсіретіп, оның догматтарын қысқартты. Мысалы, 7 құпиялықтың екеуі ғана қалды ол - крестеу мен қатысты болу. (причащение). Иконалар алынып тасталды.
М. Лютер дін мен философияның, сенім мен ақыл-ойдың ара қатынасына үлкен ор қазып, христиан дінінің негізгі құжаттарын, киелі кітаптарын ақыл-оймен талдаудың мүмкін еместігін айтты. М. Лютердің ойынша, “ақыл-ой - шайтанның жезтырнағы және сенімге қарсы қылмыс²,- деген сөзге дейін барды.
Олай болса, адам өз ақылы мен еркінің шеңберінде күнәдән құтыла алмайды, өйткені, алғашқы текті күнә оның табиғатын бұзды. Бұл мәселе бойынша, оның пікірі Августиннің ойына жақын болды.
Христиан дінін жаңа өмірге сай етіп өзгертуге өзінің үлесін қосқан екінші ойшыл - ол Жан Кальвин (1509-1564ж.ж.) “Христиандық Сенімге тәлім² деген еңбегінде “сенгеннің надандығы білем дегеннің өркөкіректігінен жақсы² дейді. Ж. Кальвин адамның өмірінің өркөкіректігінен толығынан Құдайдың еркіне, алдын-ала болжауына тәуелді екенін айтады. Ең ақыры Иса пайғамбардың өзі барлық адамзаты үшін емес, тек қана оның кішкентай таңдалған бөлігі үшін зардап шегіп өлді. Ал, бірақ, ол ешкімге белгісіз.
Ж. Кальвин Қайта Өрлеу заманындағы гуманистердің “фортуна² ұғымына үзілді-кесілді қарсы шығып “фатум² ұғымын биік дәрежеге көтерді, өйткені, ол - Құдайдың адам тағдырын алдын-ала болжауы.
Ж. Кальвин Библиядағы айтылған “Шақырылғандар көп, тандалғандар - аз² деген қағиданы толықтырып “тек кім таңдалды - оны ешкім білмейді² деген пікірге келеді. Олай болса, әрбір адам - мен таңдалдым деп ойлауы мүмкін. Егер ол өз кәсіби еңбегінде белгілі бір жетістіктерге жетсе, онда ол оны Құдайдың мені қолдағаны деп есептеуіне болады. Ал біз ол кезде алғашқы капиталдың қорланғанын еске салсақ, Кальвиннің бұл қағидасы алғашқы іскер адамдарға өздерінің Құдай қалаған адамдар екенін сезінулеріне зор әсерін тигізді.
Батыс Европадағы жаңа қалыптасып жатқан капитализмге адамгершілік бағыт берген, әсіресе, Ж. Кальвиннің аскеттік ілімі. Егер сенің істерің саған олжа әкелсе, онда сен масаттанба, тәккәппарланба, керісінше, Құдай қолдағаннан кейін, кем-тарларға көмектес, байлығынды шашпа, жаңа жұмыс орындарын аш, т.с.с..
Сонымен, Кальвинизм капиталдың қорланып өсуіне , кәсіби іскерліктің Құдай қалайтын, адамның абыройын көтеретін, сонымен қатар, өте жауапты іс екеніндігіне, Жаңа дәуірдің моральдық құндылықтарын анықтауға ат салысты.
Бүгінгі Қазақстан қоғамындағы өтпелі дәуірдегі нарықтық экономика, жеке меншіктің қалыптасуы рухани қолдау таппай отыр. Біз басқа елдердің өмір салты, деңгейі, тұтынатын тауарлар, мәдениеті жөнінде көп ақпараттар аламыз. Біздің адамдар “көпшілік мәдениеті² атанған шетел фильмдерін көріп, ондағы өмір жөнінде “безендірілген² көбіне ақиқатқа сай келмейтін пікірлерге ие болады. Сондықтан, жаңа пайда болған іскерлер жинаған ақшалары, капиталын халық ізгілігіне жұмсаудың орнына (жаңа жұмыс орындарын ашу, мәдениетті қолдау, кем-тарларға, кәрілерге көмектесу т.с.) дереу үлкен сарай салып, астына шет елдегі байлар сияқты қымбат машина мінеді. Осы тұрғыдан қарағанда, қазір бізге де сонау Қайта Өрлеу Заманында болған реформацияға ұқсас рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырып, оны қоғамдық қатынастарға тезірек тиімді түрде еңгізуіміз қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   175




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет