басты белгі – қабыну
атрофия - әсіресе А гастритінде
Эпителий регенерациясының бұзылуы (метаплазия)
Яғни негізгі үш морфологиялық критерий – қабыну, атрофия, дисрегенерация – процесстің белсенділік, тереңдік, орны және адаптациялық мүмкіндігі туралы толық мәлімет береді.
Гастрит және гастродуоденит жіктелуі
Формасына байланысты:
Орналасуына (локализациясына) байланысты:
Антральды
Фундальды
Пангастрит
Дуоденит
Антродуоденит
Жайылмалы гастродуоденит
Эндоскопиялық көрінісіне байланысты:
Беткейлі
Эрозивті
Атрофиялық
Гиперпластикалық
Ауру кезеңі:
Өршу
Субремиссия
Ремиссия
Гастрит кезіндегі барлық жіктелуіді қолдана отырып дұрыс диагноз қою мысалдары:
1) Созылмалы гастродуоденит, гиперпластикалық антральды гастрит, дуоденит, жалпақ эрозиялармен, көрнекті қабыну белсенділігімен, Нр (+), секреторлық қабілеті жоғары, өршу кезеңі
2) Созылмалы гастрит, фундальды, атрофиялық орта дәрежелі, ішектік метаплазия, Нр (-), секреторлық қабілеті төмен, ремиссия кезеңі
Созылмалы гастрит клиникалық көрінісі
Науқас шағымдары: іш ауруы қатты, жиі, ұстама тәрізді, эпигастрий маңында. Ауру сезімі көбінесе ашқарынға білініп, тамақтан соң азаяды.
Өршу мерзімдігі: әдетте қыркүйек-қазан айлары – мектепке барып, тамақтану стереотипіне байланысты, ал наурыз-сәуірде науқастардың метеолабильдігіне байланысты көрінеді.
Клиникасында 2 типті ажыратады:
жара тәрізді
дискинетикалық
СДГ-тің 40%-да латентті ағым байқалып, морфологиялық өзгерістер дәрежесі клиникалық белгілерімен үйлеспеуі мүмкін. Бұл шырыш қабатта нерв талшықтарының болмай, негізінен моторика бұзылысының айқындалуымен түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |