Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Асқазан және он екі елі ішек жарасының патогенезі



бет104/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Асқазан және он екі елі ішек жарасының патогенезі:
Қышқыл-пептикалық фактор, моторика мен қышқыл түзудің бұзылуы, шырышты қабат регенерациясы мен морфологиялық қайта құрылу жатады. Жара ауруында стресс факторы маңызды орын алады Гастродуоденальді зонаға стрессор әсері 2 жолмен өтеді:

  1. Нервті жол: бас ми қыртысы- аралық ми-кезбе нерв орталығы-кезбенерв-гастродуо-денальді зона.

  2. Гормональді жол: ми қыртысы-гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті без қыртысы-глюко-кортикоидтар-гастродуаденальді зона.

Жара дефектісі асқазан мен 12 елі ішекте агрессия және шырыш қабат қорғанысының ди-намикалық тепе-теңдігі бұзылғанда дамиды.
Негізгі агрессия факторы тұз қышқылы мен пепсин. Тұз қышқылы тіндерге зақымдаушы әсер етеді, пепсин некрозға ұшыраған тіндерді қорытады. Шырышты қабаттың резисттентілігін қамтамасыз етуде муциннің маңызы зор,ол жапқыш эпителий клеткаларын шығарады. Буферлік жүйеге байланысты муцин қышқылдар мен негіздерді нейтрализдейді.
Жара ауруының негізгі симптомдары:
Ауырсыну-мезгілге байланысты(күз,көктем) күшейеді. Эпигастрий аймағында “қанжар сұққан тәрізді” ауырсыну болады.
Асқорыту немесе аш кезінде қатты ауырсыну болады. Ауырсыну ас қабылдаған соң 15-40мин кейін болса,ерте ауырсыну деп аталады. 1.5-3сағаттан соң болса, кеш ауырсыну дейді. Ас қабылдағанға байланысты,құсудан соң жеңілдік болады.
Құсу-құсық тамақ,өт,қан,нәжіс аралас бола-ды.Құсық тамақ аралас болса-асқазан қорыту қабілетінің бұзылуы, өт аралас болса-дуоденогастальді рефлюкс, нәжіспен болса-асқазан мен көлденең тоқ ішек арасында жыланкөздің болуына байланысты. Жара ауруында қан кету анық және жасырын болуы мүмкін. Қан кету қанды құсықпен (hаematomеsis)немесе қанды нәжіс (mellaena) ретінде болуы мүмкін.
Қыжылдау-эпигастрий аймағында немесе төс артында жағымсыз әсер болады. Ас, антоцид қабылдаған соң басылады. Оның пайда болуы асқазан ішек рефлюксіне байланысты.
12- елі ішек жара ауруы:
Жара 94% науқастарда 12 елі ішек басында орналасады. Екі жара қатарынан болуы мүмкін. Алдыңғы және артқы қабырғада (“целующиесяязвы”) және басынан тыс жара болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет