Ішекті жуу, ішек диализі: Уремия кезінде ішекке тәулігіне 70 г мочевина, 2,9 г креатинин, 2 г фосфаттар және 2,5 г дейін зәр қышқылы бөлінеді.Осы заттарды ішектен алу арқылы интоксикацияны азайтуға болады,сондықтан СБЖ емінде ішекті жуу,ішек диализі,сифонды клизмалар қолданылады.
Ең эффективтісі ішекті диализ.Оны ұзындығы 2м екі түтікті зонд арқылы орындайды. Зондтың бір түтігі балонды үрлеу үшін,оның көмегімен зонд ішектің қуысына бекітіледі.
Асқазан лаважы (диализ): Асқазанды жуудың алдында асқазан сөліндегімочевина деңгейін анықтайды.
Егер асқазан сөліндегімочевина деңгейі қандағы деңгейінен 10 ммоль/л және одан жоғарыға төмен болса,онда асқазанның экскреторлы мүмкіндігі жойылмаған.
Асқазанға 1л 2% натрий гидрокарбонаты ерітіндісін енгізеді,содан соң оны сорып алады. Жууды таңертең және кешке жүргізеді. 1 сеанста 3- 4 г мочевина алуға болады.
Азотемияға қарсы заттар: Хофитол – цинарсколимустың тазаланған экстракты, 5- 10мл ампулада шығарылады,көктамыр ішіне және бұлшық етке енгізіледі, емдеу курсы 12 инъекция.
Леспенефрил – спиртті тұнба немесе лиофилизирленген экстракт түрінде шығарылады, инъекция үшін.Күніне 1-2 шай қасық ішке, ал ауыр жағдайларда – 2-3 бастап 6 шай қасыққа дейін.
Артериалды гипертензияны емдеу:
1) Емдәмде ас тұзын күніне 3-5г дейін,ал ауыр жағдайларда 1-2г дейін шектеу.
2) Натрийуретиктер – фуросемид 80-140-160мг тәулігіне.Гипотиазид 25-50мг таңертең,ішке.
3) Орталық адренергиялық әсерлі заттар-допегит 0,25г күніне 3-4 рет,клофелин 0,075г күніне 3 рет.
4) B адреноблокаторлар – анаприлин 120-240мг тәулігіне.
5) АПФ ингибиторлары - капотен (каптоприл) 0,25 – 0,5мг/кг х 2 рет күніне.
Анемияларды емдеу: Ең жиі ферроплекс 2 таблеткадан х 3 рет күніне тамақтан кейін; Ферроцерон немесе конферон 2 таб х 3 рет күніне; ферроградумент, тардиферрон (ұзақ әсерлі препараттар ) 1-2 таблеткадан х 1-2 рет күніне.
Андрогендермен емдеу.Андрогендерэритропоэзді белсендіреді. Ер адамдарға салыстырмалы көп мөлшерде – тестостерон бұлшық етке 400-600 мг 5% ерітіндіні х 1 рет аптасына; сустанон, тестэнатб/е 100-150мг 10% ерітіндіні 3 рет аптасына.
Достарыңызбен бөлісу: |