Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


СОЗЫЛМАЛЫ БҮЙРЕК ЖЕКТІЛІКСІЗДІГІ



бет143/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс






СОЗЫЛМАЛЫ БҮЙРЕК ЖЕКТІЛІКСІЗДІГІ


Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі (СБЖ) - бүйректің кез-келген үдемелі ауруларынан кейін пайда болатын, нефрондардың біртіндеп өлуінің нәтижесінде дамитын симптомокомплекс. СБЖ кездесу жиілігі (1млн халық санына шаққанда) шамамен 100-200-500 құрайды.
Қазіргі уақытта созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен науқастардың саны жыл сайын 10-12% ұлғаюда.
Таралуы:
СБЖ терминалды сатысының АҚШ елдерінде кездесу жиілігі миллион тұрғынға 180-200 жаңа жағдай, 1990 ж. 45 153 науқас ем бастаған. Бүгінгі таңда 200 000 науқас СБЖ терминалды сатысы бойынша емді қажет етеді. Оңтүстік Қазақстан облысында (100.000 тұрғынға) зәр шығару жүйесі аурулары бойынша 2008 ж - 2009 ж 9,3% жоғарылаған. Бұл көрсеткіш нефрологиялық аурулардың өсуін көрсетеді. Соның ішінде 95 мүгедек гемодиализде ем алады. 40% барлық науқастардан мүгедектерден - әйел адамдар, 15% — балалар. Олардың бәрі 1 және 2 топ мүгедектері.
Этиологиялық факторлар:

  • Әсіресе бүйрек шумақшалары зақымдалуымен жүретін аурулар (созылмалы және жеделдеу гломерулонефрит) түтікшелер және интерстиций зақымдалуымен жүретін (созылмалы пиелонефрит, интерстициальді нефрит)

  • Дәнекер тінінің жүйелі аурулары(жүйелі склеродермия,түйінді периартериит, Вегенер гранулематозы, геморрагиялықваскулит)

  • Зат алмасуы бұзылысы аурулары (қант диабеті, амилоидоз, подагра, цистиноз, гипероксалурия)

  • Бүйректің туа біткен аурулары (поликистоз, гипоплазиясы, Фанкони синдромы, Альпорт синдромы, диффуздымезангиальдінефросклероз

  • Біріншілік тамыр зақымдануы:қатерлі гипертония,бүйрек артерияларының стенозы, гипертониялық ауру)

  • Обструктивтінефропатиялар: зәр-тас ауруы, гидронефроз, зәр шығару жүйесінің ісіктері.

Патогенезі

  • Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің даму негізі гломерулосклероз салдарынан нефрондардың жойылуы. Ал қалған бүйрек нефрондары жоғары жүктемемен жұмыс жасағандықтан олар өзгеріп жойылады.

  • Осыған байланысты аурудың ерте кезеңінде қанның электролиттік құрамының өзгеруі, ағзада ақуыз алмасуы бұзылып, алмасу өнімдері жиналады. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің соңғы кезеңінде бүйрек жұмысы аз мөлшерде болады. Басқа ағзалар зақымдалады: жүрек, өкпе.

  • Жүйке жүйесі, гормональді фон, қан ұйығыштығы, иммунитет бұзылады. Терімен азот қалдықтары бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет