Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет144/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Патологиялық анатомия
СБЖ үшін баяу түрде бүйректің жиырылуы мен өлшемінің кішіреюі тән. Ол кезде бүйрек шумақшаларының 200—400 дейін азаюы тән. Қалған шумақшалардың гипертрофиясы склероздалғаннефрон қызметін компенсациялау үшін жүреді. Шумақша склерозы кезінде өзіндік каналшалардың босауымен жүреді. Шумақшаларға қарағанда каналшалар регенерацияға бейім. Атрофирленгенканалшалармен бірге, аздаған кисталар да кездеседі.


Жіктелуі



Клиникалық көрінісі

  • СБЖ клиникасы біртіндеп басталады. Аурудың бастапқы стадиясында көрінісі аз болады. Жүйке-жүйесі жағынан шаршағыштық, қызығушылықтың жоғалуы, күндіз ұйқышылдық, түнде мазасыздық, тәбет төмендеуі.

  • Жүрек-қантамыр жүйесі жағынан: гипертония 200-140/130-140 мм.сын.бағ.

  • Обьективті: Тері жабындары сарғыш (урохром жиналуы салдарынан), беттің ісіңкі болуы.

  • Жүрек-қантамыр жүйесі бойынша гипертония, пульс қатаюы, бірінші тонның тұйықталуы, аортада екінші тонның акценті, жиі тамырлық шу естіледі.Терминальді стадиясында перикард үйкеліс шуы естілуі мүмкін. ЭКГ-да РQ тісшесінің ұзаруы болуы мүмкін,Т тісшесінің жоғарылауы немесе төмендеуі.

  • Жиі жүрек жетіспеушілігі дамиды.

  • Тыныс алу жүйесі бойынша жөтел, тұншығу ұстамасы, уремиялық өкпе ісінуі, инфекцияға бейімділік.

  • Асқазан ішек жолдарында анорексия, арықтау, ауыздағы жағымсыз иіс, іш өту, жара пайда болу.

  • Зәр шығару жүйесі бойынша:бүйрек фильтрациясы азаяды, аздаған зәр тұнбасы, зәрде аздаған эритроциттер 2-10, гипоизостенурия, полиурия болуы мүмкін және терминальді стадиясында олигоурия. Креатининклиренсі 5 мл/мин дейін болуы мүмкін, мочевина жоғарылайды.Зәр қышқылы көбейеді.

  • Тірек-қимыл жүйесінде остеомаляция, екіншілік гиперпаратиреоз дамуы мүмкін.

Бүйрек жетіспеушілігін анықтау белгілі бүйрек ауруы кезінде қиын емес. Оның дәрежесін сәйкесінше ауырлығын қан сарысуындағы креатинин концентрациясының жоғарылауымен және шумақшалық фильтрацияның төмендеуімен көрінеді. Клиникалық көрінісі пайда болғаннан кейін электролитті және қышқыл-сілтілі алмасуды бақылап, уақытында жүрек және өкпе бұзылысын анықтау қажет. Бүйрек көлемінің кішіреюі (томограмма,УДЗ), анемия, гиперкалиемия, ацидоз болуы бүйрек жетіспеушілігінің терминальді сатысын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет