Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Инструменталды зерттеу әдістері



бет146/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Инструменталды зерттеу әдістері
Инструменталды зерттеу әдістерінің мәліметтері СБЖ кезінде ағзалардың жағдайы туралы маңызды ақпарат береді.

  • ЭКГда – сол қарыншаның гипертрофия синдромы анықталады (АГ нәтижесінде), гиперкалиемия пайда болғанда ЭКГ өзгеруі мүмкін: ST сегменті жоғарылайды және позитивті Т тісшесінің амплитудасы жоғарылайды.

  • Көз түбін тексерген кезде ауыр ретинопатия анықталады.

  • Кеуде клеткасын рентгенологиялық тексергенде өкпедегі өзіне тән өзгерістер анықталады: уремиялық өкпе (сол қарыншалық жетіспеушілікке немесе өкпе капиллярларынан жоғары транссудацияға байланысты өкпе қақпасындағы екі жақты ошақты қараюлар).

  • Сүйектердің рентгенографиясында олардың деминерализациясы анықталады.

  • Асқазан секрециясы төмендеген, ал гастроскопиялық зерттеу кезінде шырышты қабаттың өзгерістері анықталады (атрофия көріністері басым және оның қайта құрылуы байқалады).

Бүйрек жетіспеушілігінің ағымы
СБЖ ағымы негізгі ауруға байланысты анықталады. СБЖ кезіндегі бүйрек жетәспеушілігі басқа ауруларға қарағанда өте тез үдеуімен ерекшеленеді.СБЖ біртіндеп дамуы егде жастағы адамдарда аурудың баяу ағымында,сирек өршулерде және салыстырмалы тұрақты гипертонияда байқалады. СБЖ 30 жасқа дейінгі адамдарда тез үдейді, оларда бүйректің негізгі ауруының өршуі АГ өсуіне әкеледі: жиі бір уақытта ісінулер пайда болады.
Тексеру жоспары.

  1. Қанның жалпы анализі

  2. Зәрдің жалпы анализі.

  3. Тәуліктік диурез және сұйықтық мөлшері.

  4. Зимницкий, Нечипоренко бойынша зәр анализі.

  5. Қанның Б/А: жалпы белок, белок фракциялары, мочевина, креатинин, билирубин, трансаминаза, альдолаза, калий, кальций, натрий, хлоридтер, қышқылды–сілтілі тепе-теңдік.

  6. Радиоизотоптыренография және бүйректі сканерлеу.

  7. Бүйректі ультрадыбысты сканерлеу.

  8. Көз түбін зерттеу.

  9. Электрокардиография.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет