Ажырату диагностикасы. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігін хлоридтер жоғалуымен жүретін бүйрек жетіспеушілігімен салыстыру қажет. Бұл ауруда гипохлоремиялықалкалоз дамиды. Ақуыз тіндерінің ыдырауынан азотемия болады.Зәрде патологиялық қоспалар болмайды. Олигоурия. Анурия байқалады.
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің диагностикасы
СБЖ ерте диагностикасы жиі қиындықтар туғызады,сонымен бірге СБЖ симптомсыз өтуі мүмкін,әсіресе созылмалы пиелонефрит,латентті нефрит,поликистозды ауру кезінде.
Тұрақты нормохромды анемияның полиуриямен және артериалды гипертониямен бірге жүруінде СБЖ туралы ойлау қажет.
СБЖ ерте диагностикасы лабораторлы және биохимиялық зерттеулерге негізделеді.Ең сенімді және информативті болып зәрдің максималды салыстырмалы тығыздығын (осмолярлығын), шумақтық фильтрация және қан сарысуындағы креатинин деңгейін анықтау табылады. Зимницкийсынамасында зәрдің максималды салыстырмалы тығыздығы 1018 ден төмен болуы және Ребергсынамасындашумақшалық фильтрацияның 60 мл/мин. төмен деңгейге дейін төмендеуі СБЖ бастапқы сатысын дәлелдейді.
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігін тексерудегі лабораторлы әдістер
Лабораторлы зерттеуде ең алдымен бүйректің функциялық жағдайын және азот қалдықтарының жиналу дәрежесін бағалау қажет. Зимницкий сынамасын өткізгенде төмен салыстырмалы тығыздықты (изо-,гипостенурия) зәрдің монотонды бөлінуі байқалады.
Тұнбада формалы элементтердің құрамы азайған және протеинурия деңгейі төмендеген. Креатининнің ұсталу деңгейі және креатинуриямен бірге эндогенді креатинин деңгейі бойынша анықталатын шумақшалық фильтрация бүйрек функциясының негізгі критерийлері болып табылады.
Фильтрацияның 40 мл/мин. дейін төмендеуі айқын СБЖ көрсетеді, ал 15-10-5 мл/мин дейін төмендеуі уремия дамығанын көрсетеді. Креатинемия деңгейі науқас жағдайы нашарлауымен бірге жоғарылайды.
Асқынған СБЖ кезінде қанда зәр қышқылының мөлшері жоғарылайды – гиперурикемия пайда болады.
Перифериялық қанда токсикалықлейкоцитозбен (6,0-8,0х109/л) және нейтрофилезбен қосарланған гипохромды анемия анықталады.
Тромбоциттердің агрегациясы төмендеуімен тромбоцитопения болады,ол қанағыштықтың негізгі себебі болып табылады.Сутегі иондары шығуының бұзылуы метаболикалықацидоз пайда болуына әкеледі.СБЖ терминалды сатысында гиперкалиемия байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |