B12-жеткіліксіз анемияның клиникалық көрінісі:
B12-жеткіліксіз анемия салыстырмалы түрде баяу дамиды және симптомдары аз болуы мүмкін. Клиникалық көрінісі бейспецификалық: әлсіздік, тез шаршау, ентігу, бас айналу, жүрек қағу. Науқас боз, субиктериялық болады. Глоссит көріністері болады – емізікше атрофиясы мен қабыну көріністерімен, лакталған тіл, көкбауыр және бауыр үлкеюі мүмкін. Асқазан секрециясы төмендеген. Фиброгастроскопия кезінде асқазанның шырышты қабатының атрофиясы байқалады. Нерв жүйесінің бұзылысы да байқалады (фуникулярлымиелоз). Неврологиялық көріністер негізінде нерв талшықтарының демиелинизациясы жатады. Дистальдыпарестезия, перифериялықполиневропатия, сезімталдық бұзылысы, шеміршектік рефлекстердің жоғарылауы болады.
В12 жеткіліксіз анемиясына тән триада:
- қан жасау жүйесінің зақымдалуы;
- АІЖ зақымдалуы;
- нерв жүйесінің зақымдалуы.
Қан жасау жүйесінің бұзылысының көріністері:
Тері және шырышты қабаттардың сарғаюы мен бозғылттануы. Тері мен шырышты қабаттардың қызғылтым түсі ақуыз - пигмент комплексінің – эритроцит құрамына кіретін гемоглобинмен негізделген.
Жүрек соғуының жиілеуі байқалады. Егер ағзада оттегі жеткіліксіз болса, белгілі қорғаныш механизмдері іске қосылады, олардың бірі ЖСЖ жоғарылауы.
Жүректегі ауырсыну. Жүрек соғу жиілігінің жоғарылауы тіндерге оттегіні жеткізуді жақсартады. Бірақ бұл кезде жүрекке үлкен күш түседі және ауырсыну сезімінің туындауына әкеледі.
Физикалық жүктемені көтере алмаушылық. Физикалық жүктемеде бұлшықеттерде энергия қажеттілігі жоғарылайды, ол тек жеткілікті оттегі болғанда ғана түзіледі. Қалыпты жағдайда ол жүрек жиырылуының жоғарылауымен орындалады. Бірақ В12 жеткіліксіздік анемиясы кезінде ЖСЖ жоғары болғандықтан, эритроциттердің тасымалдаушы қызметінің бұзылысымен үдейді, нәтижесінде әртүрлі интенсивті физикалық жүктемелер тез шаршауға, ауа жеткіліксіздігіне, бас айналуға және есін жоғалтуға әкеледі.
Ба айналу және жиі талмалар. Бұл көріністер қандағы эритроциттердің жеткіліксіздігінен пайда болады, нәтижесінде миға оттегі жеткізілмейді де соған тән көрініс пайда болады.
Көз алдында «шіркейлердің» пайда болуы. Көз торының (оттегілік ашығуға өте сезімтал) қанмен дұрыс қамтамасыз етпеуінен пайда болады, нәтижесінде зат алмасу бұзылысы, көз көруінің бұзылысы және көз алдында қара дақтар, сақина сияқты көріністердің пайда болуымен жүреді.
Көкбауыр үлкеюі. Қанға түскен үлкен эритроциттер, көкбауыр капиллярларында тоқтап оларды бітеп тастайды. Ол көп көлемде қан жасушаларының көкбауырда жиналуына және оның көлемінің үлкеюіне әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |