Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Панкоста ісігі (Pancoast)



бет25/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Панкоста ісігі (Pancoast) - өкпенің жоғары бөлігінің ісігі. Иық өрімі және симпатикалық ганглийлер зақымдалады. Ісік өсуінен омыртқалар да зақымдалады. Қолда ауырсыну, ісіну пайда болады, Горнер синдромы (птоз, миоз, энофтальм және ангидроз, симпатикалық бағанның мойын бөлігі зақымдалуымен байланысты).
Диагностикасы.

  • Кеуде клеткасының рентгенографиясы (алдыңғы-артқы және бүйір проекцияда).

  • Ісік ошақ, фокус, инфильтрат немесе ателектаз түрінде болады.

  • Рентгенографиядағы күдікті өзгерістер 40 жастан асқан адамдарда өкпе обыры болуы мүмкін.

  • КТ ісіктің жайылуы және көкірекаралыққаметастаз бар жоғын анықтау үшін жасалады.

  • Бронхоскопия ісіктің таралуын, гистологиялық зерттеуге материал алу үшін және қарама қарсы өкпені жағдайын бақылау үшін жасалады.

  • Бронх шайынды суы мен қақырықты цитологиялық зерттеу.

  • Браш-биопсиябронхоскопия кезінде жасалады. Ұсақ және перифериялық түйіндерді зерттеуге мүмкіндік береді.

  • Тері арқылы инелі биопсия видеоскопиялық бақылаумен немесе КТ бақылауымен жүргізіліп, ісіктің перифериялық локализациясын анықтайды.

  • Медиастиноскопия және торакоскопия;

  • Лимфа түйіндері биопсиясы. Мойын және бұғана асты лимфа түйіндеріне метастаз болуына қауіптенгенде жүргізіледі;


Өкпенің обыры рентген түсірілімінде
Ісік маркеріне зерттеу: гормондар, антигендер, протеиндер. Карциноэмбриональды антиген ұсақ клеткалы емес ісікте кездеседі. Ұсақ клеткалы ісікке нейрон-арнайыэнолаза – ферменті тән, ол барлық нейроэндокриндік ісікке тән.
Өкпе обырының (рагы) емі

  1. Аурудың 0-I-II сатыларында – ем хирургиялық (лобэктомия, кеңейтілген лобэктомия немесе пульмонэктомия)

  2. III а сатысында – хирургиялық + химиотерапия + сәулелі терапия.

  3. III б сатысында - сәулелі терапия + химиотерапия + хирургиялық ем.

  4. IV сатысында– симптоматикалық терапия



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет