Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


ПЕРИКАРДИТ Перикардит



бет56/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

ПЕРИКАРДИТ


Перикардит - жүректің сірлі қабатының қабынуы, жиі висцеральды қабаты зақымданады, әр түрлі аурулардың асқынуы әсер етуі мүмкін.
Этиологиясына байланысты бөлінеді:

  • инфекциялық

  • аутоиммунды

  • жарақаттық

  • идиопатиялық перикардиттер

Этиологиялық жіктемесі:
1.Инфекциялық:

  • ревматикалық;

  • туберкулезді;

  • бактериальды (арнайы емес — коккті, пневмониялы, септикалы;

  • арнайы — іш сүзегі, дизентерия, бруцеллез, сібір жарасы, тілме).

  • суық тиюмен;

  • саңырауқұлақты;

  • вирусты;

  • риккетсиялық;

2.Асептикалық перикардиттер:

  • аллергиялық

  • қан аурулары және гемморагиялық бөртпелер;

  • дәнекер тіндердің аурулары;

  • қатерлі ісіктер;

  • жарақаттық;

  • сәулелердің әсері;

  • инфарктан кейін;

  • зат алмасу бұзылысында (уремия, подагра)

  • глюкокортикостероидтармен емдеу кезінде;

  • гиповитаминоз С

3 Идиопатикалық перикардиттер
Клиникалық жіктемесі:

  1. Жедел перикардит

  • құрғақ (фиброзды)

  • экссудативты ( іріңді -фиброзды, геморрагиялық, іріңді, холестеринды)

  • жүрек тампонадасымен;

  • жүрек тампонадасынсыз;

  1. Созылмалы перикардит

  • жабыспалы;

  • симптомсыз;

  • жүректің функциональды бұзылысымен;

  • әктенген (беріштенген) - «сауытты жүрек» көрінісі байқалады

Жіктелуі:

  1. Созылмалы экссудативті перикардит;

  2. Созылмалы перикардит (тыртықты).

  3. Әктенген, беріштенген «сауытты жүрек» перикардит.

 Этиологиясы:
Аурудың даму себебі, жиі көптеген аурулардың асқынуына байланысты болады.
Патогенез:
Қалыптыда перикард аймағында, перикардиальды сұйықтық болады. Сұйықтық мөлшері 5 -30 мл.Бұл сұйықтық жүректің еркін жиырылуын қамтамасыз етеді.
Перикардит кезінде бұл жүйе жұмысы бұзылады. Біріншіден, эксудативті перикардит дамиды. Перикард аймағында артық сұйықтық пайда болады, ол перикардтағы қысымның жоғарлауына әкеледі. Миокардтағы диастола қызметі бұзылады. Егер бұзылыс ақырын дамыса, науқастың шағымдары болмауы мүмкін, біртіндеп жүрек жетіспеушілік белгілері дамиды. Егер бұзылыс жедел сағат немесе күн ішінде болса, онда жүрек тампонадасы дамиды. Бұл өте қауіпті асқыну, перикард аймағындағы сұйықтық миокардты басып қан айдауын төмендетеді.
Екінші кезеңде, «құрғақ перикардит» дамуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет