Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет54/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Диагностика
Физикалық қарау: шамалы айқын тахикардиядан бастап оң және сол қарыншалық декомпенсирленген симптомдарға дейін (мойын веналарының білеуленуі, ісінулер, І тонның әлсіреуі, жүрек ұшындағы систолалық шу, өкпедегі тоқыраулы өзгерістер) өзгереді.
Жүрек пальпациясы, перкуссиясы. Аз симптомды миокардит кезінде жүрек шекараларының өзгерістері байқалмайды. Орташа ауырлықтағы науқастарда жүректің салыстырмалы тұйықтығының солға ығысуымен жүреді. Жүрек ұшы соққысы әлсіреген, кейде жүрек «белінің» жоғалуын байқауға болады.
Жүрек аускультациясы. Жеңіл түрінде жүректің I және II тондарының әлсіреуі байқалады. Ауыр жағдайларда айқын түрде тондардың тұйықтығы дамиды. Кейде жүрек тондары мүлде естілмейді. Ырғақ бұзылысы жиі кездеседі, синусты аритмия, суправентрикулярлы және қарыншалық экстрасистолия, тахикардия, брадикардия және тағы басқа өзгерістер дамиды.
Артериалды пульс, АҚ. Миокардиттің жеңіл түрлерінде өзгеріс анықталмайды, ал сол жақ қарынша жиырылғыштығының азаюы және жүрек жеткіліксіздігі дамыған кезде тахикардия дамиды, сирек жағдайда брадикардия. Кейде альтернирлеуші пульсты анықтауға болады. Систолалық және пульсты қысым жүрек лақтырысы төмендеген кезде азаяды.
Рентгенография: кеуде клеткасында кейде жүрек шекарасының ұлғаюы немесе өкпедегі тоқыраулы өзгерістер анықталады;
ЭКГ: әдетте ST сегменті мен Т тісшесінің тұрақты емес бейспецификалы өзгерістер болады. Жедел миокардиті науқастарында патологиялық Q тісшесі мен V1-V4 оң кеуде тіркемелерінде R тісше амплитудалары кішіреюі тіркеледі. Миокардиттің жедел фазасында жүректік изоферменттер жоғары болғандықтан ЭКГ –дағы өзгерістер қате миокард инфарктісі диагнозымен шатастыруымыз мүмкін. Жиі қарыншалық және жүрекшелік экстрасистола, сирек АВ өткізгіштік бұзылыстары кездеседі. Жыпылық аритмия, сонымен қатар Гисс шоғыры аяқшасының блокадалары ( жиі сол) эпизодтары миокардтың кеңейген зақымдалуын көрсетіп қолайсыз болжамды көрсетеді.
ЭхоКГ: процесстің ауырлығына байланысты миокард дисфункциясының түрлі дәрежесі байқалады (жүрек қуысының дилатациясы, жиырылғыштық, диастолалық қызметінің бұзылысы). Жеделдеу мен созылмалы ағымды миокардит науқастарында, ДКМП-дағы сияқты, жүрек қуысының айқын дилатациясы анықталады. Көп жағдайларда қуыс ішілік тромбтар кездеседі.
Жүректі изотопты зерттеу: с 67Ga, 99mTc пирофосфат пен актомиозинге моноклональды антиденелер анықталады.
МРТ, позитронды эмиссионды томографияда миокард некрозы мен зақымдалу зоналарын көрінеді.
Эндомиокардиалды биопсия: кейде жалған теріс және күмәнді нәтиже беруі мүмкін. Бірақ қазіргі кезде осы әдіспен ғана «миокардитті» анықтауға болады.
Қабынулы клеткалық инфильтрация (жарық микроскобымен қарағанда көру алаңында 3-5 лимфоциттен аз емес) мен некроз немесе кардиомиоциттердің зақымдалуы кезінде «миокардит» деп санауға болады. Клеткалық инфильтрация мен өзгермеген кардиомиоциттер күмәнді диагноз. Интерстициальды қабынулы клеткалар саны мен сапалық құрамы, кардиомиоциттердегі деструктивті өзгерістер ауырлығы мен таралуын, некрозды кардиомиоциттердің болуына қарап миокардиттің ағымын сипаттауға болады.
Қанды себіндіге алу: қан және басқа биологиялық сұйықтықтарды себіндіге алу барысында миокардиттің вирусты этиологиясын анықтауға болады, сонымен қатар жедел кезеңмен салыстырғанда жазылуда вирустарға қарсы антиденелердің титрі 4 есе жоғарылауын көрсететін болады. Инфекциялық этиологияны заманауи молекулярлы -биологиялық әдіс – полимеразды тізбекті реакцияға ерекше көңіл бөледі.
Иммунологиялық көрсеткіштердің динамикалық комплексті зерттеу маңызды орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет