Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет57/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Іріңді перикардит (pericarditis purilenta) – жүрек қабының іріңді қабынуы.
Этиологиясы - стафилококтар, энтеробактериялар, гонококк, туберкулез таяқшасы т.б. патогенді микрофлора.
Патогенезі – көбінесе перикардит іріңді хирургиялық инфекциялардың асқынуы ретінде пайда болады. Іріңді медиастенит, бауыр абсцессі, іріңді плеврит, перитонит, тілме, остеомиелит, флегмоналардың көптеген локализацияларында инфекция көбінесе лимфа жолдарымен, кейде қан арқылы перикардты зақымдайды. Жүректің ашық жарақаттарында біріншілік перикардит дамиды. Қабыну қызарудан, ісінуден басталып, перикардта түзілген серозды экссудат іріңдейді. Жүрек қабында 500 – 1500 мл. экссудат түзілуі мүмкін. Инфекция миокардқа таралса, екіншілік миокардит дамиды. Эпикард пен перикард беттерінде фибрин түзілсе, олар бір-бріне жабысып, перикард қуысы бітеледі.
Клиникалық көріністері – жүрек қабына экссудаттың түзілуіне байланысты, жүрек жұмысының әлсіреуі және іріңді интоксикациямен сипатталады. Перикард қуысында экссудат көбейген сайын, науқастың жағдайы нашарлай түседі, жүрегі қағып, қысып ауырады, тынысы тарылады. Стенокардия ұстамасы сияқты аурсыну сезімі сол жақ қолға тарайды. Тамыр соғысы әлсірейді, ырғағы бұзылады. Науқас ентігіп, беті көгереді, мойынның көктамырлары ісініп, айқындала түседі. Ауа жетпегендіктен науқас басын көтеріп отырып, иығынан дем алады, денесі салқындай бастайды. Перикардтағы сұйықтық трахея мен өңешті артқа қарай ығыстырса, жөтел пайда болып, жұтыну қиындайды. Перкуссия кезінде жүректің тұйықтық шекарасы кеңейіп, үшбұрыштана түседі. Перикардиттің бастапқы кезеңінде жүрек аускультациясы перикардтың үйкеліс шуын анықтаса, экссудат жиналғаннан кейін жүрек үні бәсеңдеп, жүрек түрткісі де анықталмайды. Іріңді перикардитте айтылып өткен белгілерден басқа іріңді интоксикация белгілері қатар дамиды: дене қызуының көтерілуі, қалтырау, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, қан анализдерінде лейкоцитоз, нейтрофилез. Рентгендік зерттеуде жүрек көлеңкесінің үшбұрышты кеңеюі – экссудативті перикардиттің белгісі. Диагнозды анықтауда электрокардиография, эхокардиография, ультрадыбыстық зерттеулер қолданады. Перикардтағы экссудаттың түрін, мөлшерін анықтауда және бактериологиялық зерттеу жасау үшін ең нәтижелі тәсіл – перикард пункциясы. Шалқайыңқырап отырған науқасқа, жергілікті жансыздандырудан кейін пункция жасалады. Перикард қуысын пункциялау.
а -төстің төменгі семсер тәрізді өсіндісінің сол жағынан; б-сол жақ парастерналды сызық бойымен бесінші қабырға аралығынан.
Көрсетілген нүктелерден иненің ұшын төстің артына және жоғарғы бағытта жылжытып, үнемі шприцтің поршенін тартып отырып, абайлап перикард қуысына енеді.
Перикардитті сол жақтық экссудативті плевриттен және жүректің кеңеюінен ажырату мақсатында плевралды пункция, рентгендік зерттеу жасалады. Анамнез жинауда, ұзақ мерзім жүрегі ауыратын адамда жүрегінің кеңейгенін білуге болады, және жүрек кеңейгенде іріңді перикардиттегідей іріңді интоксикация болмайды.
Диагностика
Науқасты объективті қарау кезінде цианоз, мойын веналарының бүлеуленуі, аяқтарының ісінуі, бауыр көлемінің ұлғаюы, асцит, тахикардия байқалады.
Аускультативты жүрек тоны тұйықталған немесе перикардтағы үйкеліс шуы (құрғақ перикардитте) естіледі. ЭКГ да ST тісшесінің көтерілуі. Негізгі диагностикалық зертеу әдісі эхокардиография тамыр доплерографиясымен бірге. Бұл әдіс перикард аймағындағы сұйықтық көлемін анықтауға және жүректің жиырылуын анықтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет