Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


ТАҚЫРЫБЫ: Атеросклероз. Артериалды гипертония. ЖИА(ИБС) стенокардия ЖИА, миокард инфаркты. Аритмиялар МАҚСАТЫ



бет59/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

ТАҚЫРЫБЫ: Атеросклероз. Артериалды гипертония. ЖИА(ИБС) стенокардия
ЖИА, миокард инфаркты. Аритмиялар
МАҚСАТЫ: Теориялық білімдерін бекіту. Атеросклероз, артериалды гипертония, ЖИА стенокардия, миокард инфаркты, аритмиялар ауруларының себептерін, клиникасын, диагностикасынмен таныстыру. Жүрек -қан тамыр ағзаларының статикалық емдеу жоспарын құруға үйрету.



Сабақ кезеңінің атауы

Теориялық сабақ(дәріс,аралас сабақ, мин.)

1

Ұйымдастыру сәті:
а) сабақтарда жұмыс жағдайын ұйымдастыру
б) сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтау

5минут

2

Өткен тақырып бойынша тірек білімді өзектендіру (әдіс -тәсілдер)

15мин

3

Жаңа материалды баяндау (дәріс жоспары)
Дәріс жоспары:
1.

45минут

4

Өткен материалды бекіту(әдістері мен тәсілдері)
Фронтальді сұрақтар:
1.

30минут

5

Сабақтың қорытынды кезеңі:
а) Оқушыларды бағалау
б) Үйге тапсырма

5 минут







100 минут

1.5 ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛ: слайдтар, тақырыптық постер, сөз жұмбақтар, ситуациялық есептер


ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛ: слайдтар
ӘДЕБИЕТТЕР:
НЕГІЗГІ:
1.Ішкі аурулар: анықтамалық. Жаманқұлов Қ.А., Шалқаров С.Ш., Сейтмағамбетова С.Ә., Қалимурзина Б.С.. Алматы - Ақтөбе, 1995. 
Тыныс мүшелерінің аурулары бойынша 
2. Секреты пульмонологии (пер. с англ.). Полли Э. Парсоиз, Джон Э. Хеффнер, Коладкина О.Ф. (ред.) М.; Мед пресс – информ, 2004
3. Заболевания органов дыхания. Макаревич А.Э. – Медицина, Выш. школа, 2000. 
ҚОСЫМША:
1. Kaz Medic.kz сайты
2. . Ішкі аурулар пропедевтикасы: клиникалық лекциялар 2 том. Жаманқұлов Қ.А. Ақтөбе, 1992. 


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (КЕРІ БАЙЛАНЫС)
1. Атеросклероз, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы және емі?
2. Артериалды гипертония, этиологиясы, жіктелуі, клиникалық белгілері қандай?
3. Артериалды гипертония асқынуы, емдеу тактикасы?
4. ЖИА Стенокардия, миокард инфаркты этиологиясы, жіктелуі, клиникалық белгілері
5. Диагностикасының маңыздылығы, зерттеулер түрлері?
6. Емдеу тактикасы, алғашқы көмек көрсету алгоритмдері
алдын алу?
7. Аритмиялар анықтамасы, этиологиясы, синустық тахикардия, брадикардия? Жіктелуі, экстрасистолия, қарыншалар мен жүрекшелер дірілі?
8.Блокадалар, түрлері, диагностикасы, емі?
Сабақтың жоспары:
1.Білімгерлерге атеросклероз, артериалды гипертония ауруларының этиологиясын жіктелуін, патогенезін клиникасын түсіндіру.
2. Диагностикасын, емін, ажырату диагностикасын үйрету.
3. ЖИА(ИБС) стенокардия этиологиясын,жіктелуін, патогенезін клиникасын түсіндіру
4. Диагностикасын, емін, ажырату диагностикасын үйрету
5. Асқынулары орын алғанда, шұғыл көмек жүргізу тактикасын түсіндіру
6. ЖИА, миокард инфаркты және аритмиялар этиологиясын, жіктелуін, патогенезін клиникасын түсіндіру.
7. Диагностикасын, емін, ажырату диагностикасын үйрету
8. Алғашқы көмек көрсету тактикасын түсіндіру,
үйрету


АТЕРОСКЛЕРОЗ
Атеросклероз – эластикалық және эластикалық- бұлшық ет типті (ірі және орта калибрлі) артериялар интимасында липидтердің, мукополисахаридтердің т.б. заттардың ошақты жиналуымен сипатталатын және сол ошақтарда пролиферациялық, фиброздық процестердің дамуымен жүретін тамырлардың кең тараған ауруларының бірі.
Атеросклероздың морфологиялық негізі – тамыр қабырғасында түзіліп, өзегін тарылтатын атеросклероз түймедағы пайда болады. Жүре бара түймедақта мынадай өзгерістер дамуы мүмкін:

  • Арасына қан құйылуы;

  • Тесіліп жараға айналуы;

  • Фиброздалуы және кальцийленуі;

  • үзіліп, тромбоэмболиялық асқынуларға әкелуі;

  • Арасына инфекцияның ұялауы.

Атеросклероз жер бетінде кең тараған аурулардың бірі.
Этиологиясы.
Гиперхолестеринемияның 3 деңгейін ажыратады:
жеңіл – 5,2-6,5 ммоль/л;
орташа – 6,5 –7,8 ммоль/л;
жоғары– 7,8 ммоль/л-ден артық.
Атеросклероз дамуының қауіпті ықпалдары:
егде немесе кәрі жас, еркек жыныс (әйелдерге қарағанда ер кісілерде атеросклероз жиі және шамамен 10 жыл ертелеу дамиды), атеросклероздың тұқымға (генге) байланысты дамуына бейімділік, темекі шегу, артериялық гипертензия (140/90 мм сын.баѓ. биік АЌ);
семіздік, гиподинамия, психикалық жєне эмоциялық стресс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет