Клиникалық көрінісі. Атеросклероздың клиникалық көрінісі патологиялық процестің даму деңгейінен гөрі оның орналасқан аймағына тәуелді. Атеросклероз жайылма склероз бола тұра бір немесе бірнеше аймақтың тамырларын басым зақымдайды.
Аурудың түрлері.
1. Ми қан тамырларының атеросклерозы: бас айналу, бастың ауруы,қулақтың шулауы, ұйқының бұзылуы, ұмытшақтық, артериальды қысымның көтерілуі, ми инсульті.
2. Жүрек тамырларының атеросклерозы: жүректің ишемиялық ауруына әкеліп соқтырады.
3. Аорта атеросклерозы – ең жиі түрі. Көбіне зақымданатыны аортаның доғасы мен түбірі, кеуделік және құрсақтық аорта. Аорта доғасының атеросклерозында мидың, жүректің, қолдардың қан айналымы бұзылады, сондықтан бас айналу, талмалар, қолдардың ұйып әлсізденуі, пульстің әртүрлілігі байқалады. Кеуделік аортаның басты белгісі аорталгия – төс артының күйдіріп, батып ауруы. Құрсақтық аортаның атеросклерозы іш қыспасымен білінеді: көбіне тамақты тоя ішкеннен соң іштің ұстамалы түйіп ауруы, ішектің дисфункциясы, арықтау, эпигастрий аймағындағы тамырлық шулар, метеоризм, перистальтиканың баяулануы жєне нитроглицериннен басылатындығын ескеру қажет.
4. Бүйрек тамырларының атеросклерозы: бүйрек жұмысы нашарлап, зәр аз бөлінеді, кейде шықпай қалады ( анурия), адам ісініп азот шлактарымен уланады (уремия), созылмалы бүйрек шамасыздығы дамиды.
5. Аяқ тамырларының атеросклерозы: ауру көбінесе еркектерде болады: темекі шегетіндерде, отырып жұмыс істейтіндерде. Аяқтары тоңғыш болады, жансызданады, науқастардың бір қатарында ұстамалы ақсақтық пайда болады; жүрсе тез әлсірейді, бір жүріп, бір демалады. Аяқардың ұшы жылымайды, түсінің өзгеруі назар аудартады, кейде гангрена дамиды.
6. Көздің тамырларының атеросклерозы: көздің көруі нашарлайды, ауыр жағдайда көзі көрмей, соқыр болады.
Атеросклероздың диагностикасы: қанда холестериннің мөлшерін анықтау және шағымдарына қарай зерттеу.
Атеросклероздың емі.
1. Атеросклероздың қауіпті факторларын жою және салауатты өмір салтын ұстанудың шаралары: темекі тартуды доғару, гиподинамиямен күресу – жаяу жүру, шаңғы тебу, суда жүзу, дене жаттығуларымен шұғылдану, дене салмағын жеңілдету, ќантты диабетті, артериялық гипертензияны тиімді емдеу; үй тұрмысында, жұмыста психологиялық қолайлы жағдай жасау, психотерапияны қолдану.
Емнің басты тәсілі – диетотерапия
1.Майлардың мөлшерін азайту.
2.Гиперлипидемияның дамуына септігін тигізетін қаныққан май қышқылдарының мөлшерін күрт азайту (мал етінің майын, сары майды, қаймақты, жұмыртқаны).
Қанықпаған май қышқылдарын бай тағмдарды кеңінен тұтыну
3.Клетчаткаға бай және күрделі көмірсулары мол (көкөніс, жеміс) тағамдарды молынан тұтыну.
4.Тағам дайындағанда сары майдың орнына өсімдік майын тұтыну.
5.Ас тұзының тәуліктік мөлшерін 3-5 г дейін шектеу.
Осы ережелерге № 10 емдәм сай.
Тыйым салынатын тағамдар: еттің, құстың, балықтың, саңырауқұлақтың қою сорпалары; тұздалған, қақаталған, тағамда; қой, шошқа етініңмайы; шомыр, шалғам, ірі бұршақтар, тұзды балық, консервілер, ақ ұннан жасалған кулинарлық тағамдар, уылдырық, шошқа мен қойдың майлы еті , тәтті тағамдар.
Достарыңызбен бөлісу: |