Портальдық гипертензия синдромы
Бұл синдромның пайда болуы әр түрлі себептерден болады – бауыр веналары, әсіресе төменгі қуыс веналарындағы қан ағынының бұзылуымен тікелей байланыста болады, ал бұл қақпа венасындағы қысымның жоғарылауы – портальдық гипертензия деп аталады. Клиникалық симптомдары: коллатеральдық қан айналуыдың пайда болуы варикозды кеңіген коллатеральдардан қан кету, бауыр шемені, көк бауырдың үлкеюі. Қазіргі кезде бауырдан тыс портальді гипертензияны екі түрге бөледі: егер де кедергі қақпа венасының бағанасында немесе оның ірі тармақтарында орналасса, онда бұл бауырастылық түрі болып табылады, ал егер кедергі бауыр веналарының өзінен тыс бөлімдерде орналасса, бұл басуырүстілік түрі деп аталады. Клиникалық көріністері. Портальдық гипертензияның бауырастылық формасы шеменнің ерте пайда болуымен, бауыр тұсындағы ауырудың сезілуімен, бауырдың үлкеюімен сипатталады.
Бауырүстілік портальдық гипертензияның негізгі симптомы – көк бауырдың үлкеюі, әдетте бауыр ұлғаймаған. Бұл түрі баяу, бір қалыпты дамиды, бұл кезде өңеш пен асқазанның қан кету мүмкін.Бауырішілік портальдық гипертензия алғашқы симптомдары асқазанның өзгерісінсіз болатын диспепсиялық синдром, метеоризм, іш өту, арықтау. Портальдық гипертензияның бұл формасының соңғы симптомдары – шеменнің дамуы, көкбауырдың ұлғаюы, веналардың варикозды кеңеюі. Бұның бауыр үстілік формасының айырмашылығы – кеңейген веналардың қан кетуі бауыр функциясының кенеттен нашарлауына әкеп соғады. Көкбауыр үлкейеді.
Гиперспленизм синдромы шеткері қанда пішінді элементтердің азаюы, жиі спленомегалиямен қатар көрінеді. Клиникасы: гиперспленизм симптомсыз өтеді, бірақ кейде сол жақ қабырға астында ауру сезімі болады.Гиперспленизм кезінде анемия, нейтропения, лимфоцитопениямен жүретін лейкопения, тромбоцитопения болады. Бұл кезде диагностикалау үшін сүйек кемігінен пункция жасалады.
Цитолиздік синдром кезінде қан сарысуында АСТ мен АЛТ белсенділігінің жоғарылауынан болады, ол созымалы және жіті бауыр аурулары кезінде гепатоциттер некрозының дәрежесін көрсетеді. Цитолиздік синдромға тән ферменттердің жоғары белсенділігі жіті және созылмалы дәрілік гепатит кезінде байқалады; жиі ол 50-100 есе жоғарылайды. Цитолиздік синдромның көруін әр түрлі себепті бауырдағы қабыну үдерістерімен байланыстырады. Бауырдағы алкогольды ауру кезіндегі цитолиздік синдромның ерекшелігі қан сарысуындағы АСТ белсенділігі АЛТ-дан жоғары болады. Негізгі ауру емі цитолиздік синдром айқын болған кезде, қандағы АСТ мен АЛТ белсенділігін қалыпқа келтіреді.
Ұйқы безінің зақымдануының синдромдары
Достарыңызбен бөлісу: |