Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет130/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

1.3 Дәріс тезистері.
1.4 ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛ: слайдтар, тақырыптық постер, сөз жұмбақтар, ситуациялық есептер
ӘДЕБИЕТТЕР:
НЕГІЗГІ:

  1. Василенко Х.В., Гребенова А.Л «Пропедевтика внутренних болезней» Москва, Медицина 1989 год.

  2. Аванесьянц Э.М. «Пропедевтика клинических дисциплин» Ростов-на- Дону. Феникс 2002г.

Қосымша:
1.Қағаз және электронды нұсқадағы оқу-әдістемелік құралдар
2. Дидактикалық және көрнекі құралдар
3. Демонстрациялық оқулық фильмдер


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (КЕРІ БАЙЛАНЫС)
1 Бүйрек, зәр жолдарының ауруларымен науқастарға қандай тексеру әдістері жүргізіледі
2.Науқастардың негізге шағымдары, анамнез қалай жиналады?
3. Бүйрекке пальпация, перкуссия калай жасалады?
ДӘРІС ЖОСПАРЫ

1. Бүйрек, зәр жолдарының ауруларымен науқастарды тексеру әдісі


2. Науқастардың негізгі шағымы. Намнез жинау ерекшелігі.
3. Қарау, бүйректі, зәр жолдарын пальпация жүргізу ерекшелігі. Перкуссия жүргізу. Қосымша тексерулер жүргізу
Пациентті сұрастыру


Негізгі шағымдар: Бүйрек және несеп жолдарының ауруларына тән негізгі шағымдар: ауырсынулар - бас ауырсынуы, бүйрек және несеп ағар жолдарының ауырсынуы, жүректің ауырсынуы, несепке отырған кездегі ауырсыну, ісінулер, несеп бөлудің бұзылуы, көрудің нашарлауы, ентігу, қызу көтерілу және тері қышуы.
Бүйрек және несеп жолдары зақымданғанда ауырсыну бел аймағында, несеп жолдарының бойында және қуық тұсында болады. Ауырсынудың тұрақты және ұстамалы түрі, не бір жақтан не екі жақтан бірдей байқалуы мүмкін.
Белгілі иррадиациясы жоқ, екі жақты бүйрек тұсында болатын тұрақты сыздап тұратын ауырсыну жедел және созылмалы гломерулонефритке, пиелонефритке және «қан іркілу бүйрегіне» /жүрек жетіспеушілігі/ тән. Аталған аурулардағы ауырғандықтың механизмі қабыну не қан іркілу нәтижесінде бүйректің үлкейіп, сыртындағы капсуласын керуіне байланысты капсуладағы рецепторлар тітіркеніп ауырсыну пайда болады.
Бүйрек аймағында туындап, несеп жолы бойымен төмен қуық не шат маңына тарайтын ұстамалы ауырсыну несеп тас ауруында болады яғни жүгіріп, секіріп, селкілдеп көлікпен жүргеннен кейін пайда болады.Бұл ауырғандықтың механизмі тастың несеп жолымен қозғала отырып, оның түйілуін тудырып, жарақаттайтынына байланысты. Бұл аурғандық өте күшті болып науқас бұл ауырсыну басылатын ыңғайлы жағдай таппай өте мазаланып домалайды. Бұл жағдайды бүйрек шаншуы деп атайды.
Несепке отырған кезде түйіліп ауыратын ауырсыну циститпен уретритке тән. Жүрек тұсында ауырсыну бүйрек ауруларының салдарынан, тәж артерияларының атеросклерозынан, бүйрек гипертониясынан және уремиялық перикардиттен пайда болады.
Бас ауырсынуы. Бүйрек ауруларындағы бастың ауырсынуы артериялық гипертензияға байланысты, ми тамырларының түйілуінен және бүйрек мазасыздығы салдарынан организмнің улануынан туады..
Артериальді гипертнезия - бүйрек ауруларының салдарынан артериальді қысым көтеріледі. Бұл қысымның ерекшелігі әсіресе диастолалық қысымның көтерілуі. Бүйрек ауруларында /гломерулонефрит, пиелонефрит/ бүйрек ұлпасында қан айналым бұзылып бүйрек қан аздықтан ішкі секреция мүшесі болып қанға ренин бөледі, ал ол ангиотензинге айналып қан қысымын көтереді. Қан қысымы көтерілген кезде пациентте басы ауырады, басы айналады, жүрегі қағып, жүрек тұсында ауырсыну пайда болады.
Ісінулер. Бүйрек ауруларында ісінулер жедел және созылмалы гломерулонефритте, нефротикалық синдромда, бүйрек амилоидозында байқалады. Пациенттен ісінулер қай жерде пайда болып қалай денеге жайылуын және таралу жылдамдығын сурау қажет. Бүйрек ісінулері жүрек ісінулеріне қарағанда көбінесе ертенгісін көз астында пайда болып, кейін аяқтарына түседі, ал өте ауыр жағдайда науқас күп болып ісінеді оны анасарка дейді. Бүйрек ісінулерінде тері бозарып, суық болады. Пациенттер ыңғайлы жағдай іздемейді, ентігу болмайды.
Несеп түсінің өзгеруі. Бүйрек ауруларында пациенттер несептің түсінің өзгеруінеде шағым айтады. Жедел диффузды гломерулонефритте несептің түсі «ет жуындысындай» болады /микрогематурия/, несеп тас ауруында несептің түсі қан араласқаннан қызарып кетеді /макрогематурия/ бұл жағдай бүйректің ісіктеріндеде кездеседі.
Несептің түсі дәрі- дәрмектердің әсеріненде өзгеруі мүмкін: қызғылт- қоңыр несепте қышқыл тұздар /ураттар/ болуынан, сыра түс - бауыр сарғаюынан, қою-қоңыр түс- бауыр үсті сарғаюдан.
Несептің түсі ұзақ уақыт турғаннан, лейкоциттер,шырыш, қан араласқаннан лайланған болуы мүмкін. Тұздар араласқан несеп тура мөлдірленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет