Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Ұйқы безінің зақымдалу синдромы −



бет128/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Ұйқы безінің зақымдалу синдромы − ұйқы безінің қабыну ауруларына (панкреатит, киста, ісіктер) тән симптомдар жиынтығы.
Олар:

  • Лоқсу, құсу,метеоризм, іш өту, үлкен дәрет сұрғылтым, жылтырауық, май араласқан болған кезде дұрыс жуылмайды.

  • Жалпы қарау кезінде науқаста терісінің бозғылттығы, лене салмағын тез жоғалту, организмнің сусыздануы, витамин жетіспеушілігінен шаш түсуі, тырнақтың сынуы, терісінің құрғауы байқалады.

Жүйке жүйесінің зақымдалуы. Жедел және созылмал панкреатиттер кезінде бас ауруымен, бас айналуымен, психомоторлы қозумен, естің бұзылуымен, вегетативті бұзылыстармен, сезімталдықтың бұзылуымен бірге жүретін психикалық бұзылыстар болуы мүмкін
Ауру синдромы
Ұйқы безінің:

  • басы зақымдалғанда, ауру сезімі оң жақ эпигастральды аймақта ( Шоффар Риве аймағы;

  • денесі зақымдағанда сол жақ аймақта;

  • шеткі бөлімі қабынған кезде, ауру сезімі сол жақ қабырғаастында сезіледі (Мейо Робсон аймағы).


Ұйқы безінің сыртқы сұйығының жетіспеушілік синдромы
Бұл ұйқы безінің құрамында негізгі ас қорытатын ферменттері мен гидрокарбонаттарының және сөл бөлінуінің бұзылуымен сипатталатын симтомокомплекс.Оны біріншілік ( туа пайда болған) және екіншілік ( жүре пайда болған ) деп ажыратамыз. Ферменттердің жеткіліксіздігінен әдеттегі ішекішілік ас қорыту үдерісі бұзылады, микроорганизмдер шығып, дисбактериоз дамиды. Науқас іштің шұрылдауына, кебуіне, өтуіне шағымданады. Копрологиялық зерттеу кезінде стеато, креато, амилорея байқалады. Бастапқы кездегі патологиялық өзгерістер ұзақ уақыт бір қалыпты болуы мүмкңн. Бұл синдромда біртіндеп ішек қабырғасында асты қорыту және оны сіңіру үдерістері бұзылады. Науқас адам жүдейді, полигиповитаминоз және микроэлементтердің жетіспеушілігінің белгілері пайда болады. Гипопротеинемиялық ісіктер пайда болады.
Ұйқы безінің сыртқы сұйық сөлінің жеткіліксіздігін анықтау үшін қанның сарысуындағы трипсиннің, амилазаның, липазаның, антитрипсиннің мөлшері, зәрдегі амилазаның мөлшері анықталады. Ұйқы безінің сөлі зерттеледі. Ұйқы безінің эндокриндік қызметі жиі өзгеретін болғандықтан, аш қарынға глюкозаның мөлшерін анықтау қажет (глюкозотолерантты тест).
Ұйқы безінің экзокринді жетіспеушілігі үш кезеңге бөлінеді:

  • Бастапқы, жасырын кезеңі, ферменттер көп мөлшерде қажет болғанда ғана білінеді.

  • Айқын панкреатиндік жетіспеушілік кезеңі ( іш өту, стеато, креато, амилорея).

Дистрофиялық кезең (кахексия, гиповитаминоз, ағзалардағы дистрофиялық өзгерістер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет