Емдеу нәтижелері әр науқаста әр түрлі болады. Ауру жіті және қысқа мерзімді болуы мүмкін, немесе созылмалы және емдеуге көнбеуі мүмкін. Емдеу барысында пайда болуы мүмкін асқынулар да оның тиімділігіне әсер етеді.
Кейбір жағдайда науқастарға диализ (қаннан қоқыстарды шығаратын жасанды бүйрек аппараты) және бүйрек алмастыру қажет болады
Мүмкін асқынулары
· Бүйректің жітілеу жеткіліксіздігі
· Атеросклероз және онымен байланысты жүрек аурулары
· Бүйректің созылмалы ауруы
· Сұйықтық мөлшерінің артуы, жүректің іркілісті жеткіліксіздігі, өкпенің ісінуі
· Инфекциялар, оның ішінде, пневмококктық пневмония
· Тамақтанудың бұзылысы
· Бүйрек венасының тромбозы.
Қашан дәрігерге көріну қажет
Нефротикалық синдромның симптомдары байқалса, дәрігерге көрініңіз.
Келесі жаңа симптомдар пайда болса, дәрігерге көрініңіз:
· жөтел
· неептің сирек жүруі
· несеп жүргендегі жайсыздық
· ысыну
· күшті бас ауруы
· бөріткен.
Бүйрек жеткіліксіздігі Өткір бүйрек жеткіліксіздігі синдромы
Өткір бүйрек жеткіліксіздігі дегеніміз кенеттен күрт басталып, өте тез дамитын бүйрек жұмысының жеткіліксіздігінің және олигуриямен, азотемиямен, су электролит алмасуының бұзылуымен сипатталатын жағдай.
Этиологиясы. Бұл аурудың себебіне жарақат шогы, күйіктің шогы, көп мөлшерде қанның кетуі, миокардтың өлі етенуі, тоқ жарақаты әкеліп соғады. Сонымен қатар ауыр металдармен, сілті қышқылдарымен, метил спирттің ерітіндісімен және кейбір дәрі – дәрмектердің түрлерімен (барбитураттар, хинин тобының дәрілері, пахикарпин) уланулары жатады. Өткір бүйрек жеткіліксіздігі бүйрек тамырларының және зәр жолдарының бітеліп қалған жағдайларында да дамуы мүмкін. Кейде септикалық жағдайда бүйректің өткір жеткіліксіздігімен аяқталуы мүмкін.
Клиникалық бейнесі. Сырқаттың өту ағымында төрт кезең айқын түрде байқалады: шоктық кезеңі, зәрдің азаюымен және тоқтауымен (олигоанурия) сипатталатын кезеңі, диурездің қалпына келетін кезеңі және сырқаттан айығу кезеңі (бүйректің жұмысы қалпына келу кезең). Алғашқы кезеңінде өткір бүйрек жеткіліксіздігіне әкеліп соққан шоктың белгілері білініп, қан қысымы төмендейді, тахикардия, ауырсыну сезімі сезіледі. Тамыр соғуы жиілейді, әлсізденеді. Екінші өршу кезеңінде зәрдің мөлшері азаяды немесе мүлдем зәр шығуы жоғалады. Ағзада әртүрлі керексіз қалдықтар, жағымсыз заттар жиналып, орталық жүйке жүйесін, басқа да ағзадағы мүшелерді уландырып, олардың атқару қызметін бұзады. Осы кезде науқас әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, басының ауруы, құсу, ауызынан амиак иісінің шығуына шағымданады. Орталық жүйке жүйесі зақымданған науқастарда енжарлық, бағыт – бағдардан адасуы, сезімінің тез қозып, тез әсерленуі, сіңірлері тартылуы, денесінің құрысып тырысуы байқалады. Жүрек қан - тамыр жүйесі зақымдалғанда науқастарда тахикардия, аритмия, қан қысымының көтерілуі, жүрек аймағының ауырсынуы білінеді. Науқасты тыңдағанда перикардтың қажалған дыбысы естіледі, жүректің шекараларының ұлғайғандығы анықталады. Ас қорыту жүйесінің зақымданып, бұзылу белгілеріне лоқсу, құсу, тамаққа деген тәбетінің жоғалуы, кейбір кезде іштің өтуі және үлкен дәретінің қара түсті (мелена) болуы мен сипаталады. Осымен бірге бауыр жеткіліксіздігі дамыған жағдайда терісінің сарғаюы білінеді. Науқастың өкпесі сусінділеніп, ентігу, жөтел, демікпе белгілерімен сипатталынады. Бұл кезеңнің ең бастысы олигурия және анурия. Тәуліктегі зәрдің мөлшері 20 мл ден 300 мл ге дейін, ал зәр салмағы төмендейді (1003 – 1008 дейін). Зәрдің түсі лайлы, қоңырқай немесе “еттің жуындысы” тәрізді болады. Зәрдің тұнбасының құрамында көп мөлшерде эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер, мочевина анықталады. Жалпы қан анализінде анемия, лейкоцитоз байқалады, ЭТЖ артады. Биохимия қан анализінде қалдық азоттың мөлшері көбейеді, ал мочевина мөлшерінің көрсеткіші оданда жоғарғы көрсеткішке жетеді. Қанда ацидоз дамиды. Бүйректің сутегі иондарды шығаруының бұзылуы, қанда қышқыл қалдық заттарының жиналғандығы көрінеді. Анурия, олигурия кезеңі 5 – 10 күннен, 30 күнге дейін созылуы мүмкін. Диурез біртіндеп алғашқыда 500 мл ге дейін көтеріледі, одан соң тәулігіне 2000 мл дейін мөлшері жетіп, көтеріледі. Осының яғни, зәр мөлшерінің көбеюі салдарынан өткір бүйрек жеткіліксіздігінің үшінші полиурия кезеңіне ауысып, науқастың жағдайы жақсара бастайды. Патологиялық өзгерістері біртіндеп жоғала бастайды. Диурездің мөлшері 3000 мл дейін көбейеді. Төртінші кезеңі қалдық азотпен мочевина мөлшерлерінің қалпына келу белгісі науқастың айығу дәрежесіне жеткендігін түсіндіреді. Бұл кезеңінің өту уақыты 3 айдан бастап, 12 айға дейін созылады. Бұл кезде бүйректің сүзу қызметі қайтадан қалыпына келе бастайды.
Емі. Науқасқа №7 емдәм тағайындалады. Бұл емдәмнің түрінің құрамында құнарлы тағамдар болмауы тиіс және ақуыздың мөлшері 20 – 40 г - нан аспауы керек. Егер науқас тамақтанбаса көк тамыр арқылы 40% глюкоза ерітіндісін енгізеді. Науқасты бүйрек ауруларын емдейтін ауруханадағы нефрология бөлімшесіне жатқызып, ем арнайы түрде көрсетіледі. Егер сырқат жарақаттың әсерінен болса, онда науқасты жансыздандыру керек, ал егер қан мөлшерін көп жоғалтқан болса, онда көп мөлшерде коллоид ерітінділерін, эритроциттердің салмағын енгізіп қан көлемін жеткілікті түрде толтыру керек. Уыттануу шогы кезіңде унитиол, гемосорбция, гемодиализдерді қолданып, науқастың асқазаның 5% унитиол ерітіндісімен жуу. Жұқпа кезіңде бактерияға қарсы ем шаралары жүргізіледі. Аурудың олигурия, анурия кезеңінде науқастың салмағын өлшеп, су баланысын қадағалап отыру қажет. Регидронды ауыз арқылы немесе көк тамырға, Рингер ерітіндісін енгізеді. Су баланысын қалыпта ұстап тұру керек. Қандағы кальцийдің мөлшері азайғанда 10% - 20мл кальций глюканат ерітіндісін қолдану қажет. Ацидозды жою үшін натрий гидрокарбонат ерітіндісін көк тамыр арқылы жібереді. Уыттануды жою мақсатымен су - электролит баланысын қалыптастырады, қанды қалдық улы заттардан тазартып, тиімді нәтижелі ретінде гемодиализді, гемосорбцияны, плазмаферезді қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |