Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Несептің құрамының өзгеруі



бет131/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Несептің құрамының өзгеруі лабораторлы зерттеулермен анықталады.
Протеинурия- несептен ақуыздың бөлінуі/сау адамнын несебінде болмау керек /Физиологиялық жағдайда ақуыз физикалық күш және ақуызбен күш түсіргенде пайда болады.
Глюкозурия- несепте қанттың/глюкозаның пайда болуы,
Лейкоцитурия- несепте көру алаңында 5тен артық лейкоциттердің болуы, ал Нечипоренко зерттеуі бойынша -2,6х10 1л артық болса.
Гематурия - несепте эритроциттер нефроннан өткен болады, ал өзгермеген эритроциттер- бүйрек тостағаншасынан, несеп ағарлардан, қуықтан шығады.
Цилиндурия- несепте бүйрек шумақтарының эпителиальды мүсіндері.
Бактериурия- несепте бактериялардың болуы. Несепте шырыш- несеп шығару жолдарының шырышты қабаттарының қабынуының белгісі.
Несеп бөлудің өзгеруі.
Поллакиурия - несепке жиі отыру.негізінен қуық пен үрпі қанайналымының қабынуына тән.Қалыпты жағдайда несепке отыру тәулігіне 4-7 рет болады..
Никтурия- несептің түнге қарай /түнде/ басым бөлінуі.
Полиурия- несептің көп бөлінуі, тәуліктік несептің мөлшері. 2литрден артық болуы.
Олигурия- несептің аз бөлінуі, тәуліктік мөлшері 500 мл-ден төмен болады.
Изурия- тәулік ішінде, несеп белгілі уақыт сайын бірдей мөлшерде бөлінуі.
Анурия - несептің мүлдем бүйректен бөлінбеуі.
Ишурия - пациенттің өз бетімен қуықты босата алмауы.
Дизурия - несепке қиналып отыру және несепке отырғанда болатын сыздап ауырғандық.
Странгурия - несеп бөліну кезде болатын сыздап ауырсыну.
Изогипостенурия - полиурия кезінде несептің тығыздығының төмендеуі /1010-1011/.
Қалтырау - қызу көтерілуі бүйректің және несеп бөлу жолдарының қабынуының салдарынан болады.
Терінің қышуы - уремия кезінде мочевина кристалдарының тері бездерінің саңылауына жииналуына байланысты болады.
Бүйрек ауруларында кездесетін синдромдар: ауырсыну синдромы, ісіну, гипертензивті, диурездің бұзылуы, қалтырау, несеп синдромы.
Анамнез. Біріншіден пациентті сурағанда осы аурудың белгілері пайда болардың алдында қандай қабыну ауруларымен ауырғанын анықтау керек, әсіресе диффузды гломерулонефритте дәлелдеу керек. Бурында бүйрек ауруларымен ауырғанын анықтау керек. Пациенттен өңдірістік уланулар,қабылдаған дәрілері туралы мәлімет жинау керек. Ауру созылмалы болса қай себептен асқынуын, жиілігін, клиникалық белгілерін, емделуін және оның нәтижесін дәлелдеу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет