Зерттеудің физикалық әдістері
Қарау. Пациентті қарағанда фельдшер біріншіден оның жағдайын бағалау керек: өте ауыр жағдай, естүссіз- бүйректің ауыр зақымдануында байқалады, бүйрек жетіспеушілігімен білінеді, орташа ауыр немесе қанағатты жағдай- бүйректің жеңіл зақымдануында болады.
Пациенттің төсектегі жағдайы аурудың алғашқы кезеңінде белсенді болады, ал уремиялық комада- пассивті. Коматозды жағдайда пациент зақымданған жағында аяқтарын тізе,жамбас буындарын бүгіп ішіне қарай тартып жатады. Бүйрек шаншуында пациент мазаланып аяқайлап, өзіне орын таппайды.
Жедел және созылмалы гломерулонефритте, нефротикалық синдромда, пиелонефритте пациентте ісінулер байқалады. Бүйрек ісінулерінің ерекше белгілері: науқас беті бозарып ісінген, қабақтары ісінгеннен көз алмалары сығрайып тарылған. Сырқаттың ауыр түрінде ісінулер аяқтарында, қуыстарда пайда болады, кейде анасаркаға дейін.
Созылмалы гломерулонефритте пациенттің терісі бозарып ісінген.Теріде тырнақ іздерін байқау болады,құрғақ тұтықпен қапталған тіл бүйрек жетіспеушілігінің уремиясын білдіреді. Паранефритте зақымданған жағында бел аймағында ісінуді байқау болады.
Пальпация. Бүйректер құрсақ ішінде орналасқан. Сау адамда өкпе доғасымен құрсақ пресі бүйректі сипап тексеруге мүмкіндік бермейді. Құрсақ пресі босап, адам өте тез жүдесе ғана бүйректер төмен түсіп кетіп оларды сипап тексеруге болады.. Бұйрек қатты үлкейгенде ғана сипап тексергенге жақсы білінеді /киста, ісік/. Бүйрек пальпациясын вертикальді және гоизонтальді жағдайда жүргізу керек.
Пальпацияның тәсілдері /техника/. Пациентті арқасына немесе бүйіріне жатқызады. Фельдшер пациенттің оң жағына отырады. Сол жақ бүйректің пальпациясында фельдшер оң қолын бел аймағына 12 қабырғаға жақын қояды. Сол қолын ішіне қабырға доғасынан төмен және оған перпендикулярлы іштің тік бұлшық етінен шетке қарай орналастырады. Пациентті бұлшық еттерін босатып терең демалуын сұрайды. Ауа шығарған кезде фельдшер сол қолын ішке қарай төмен басып артқы қабырғаға тіреледі, ал оң қолымен сол қолға қарай басады. Қолдарын жақындатып фельдшер пациентке ішпен терең демалуын сұрайды, егер бүйрек төмен орналасқан болса, онда бүйректің төмен жағы сол қолдың астымен өтеді. Бүйректі сипап анықтау мүмкін болған жағдайда оның түрін, консстенциясын, үстінің сипатын, ауыратының және жылжымалығын анықтау керек. Сау, өзгермеген бүйректің түрі- ірі бұршақ тәрізді, консистенциясы - шымыр серпінді, үсті тегіс, өзі жылжып, орнынан қозғалып тұрады.
Бүйректі пациент тұрып тұрғанда анықтауды Боткин С.П ұсынған. Ол пациент жатқан кездегідей ережелермен жүргізіледі. Пальпация бүйректің төмен түсүін нефропатозды анықтауға мүмкіндік береді. Нефропатоздың үш кезеңі анықталады: біріншіде- бүйректің төмен жағы анықталады, екіншеден бүйрек тұтас анықталады, үшіншіден бүйрек ары бері еркін жылжыйды, өте төмен түседі немесе омыртқаның басқа жағына өтіп кетуі мүмкін.
Пальпация әдісімен қуықтыда анықтау болады. Қуық толып тұрған кезде қасаға үстінде эластикалық былқылдаған ісіну анықталады, өте толып кеткенде кіндікке дейін көтеріледі.
Перкуссия. Бүйрек үсті ішекпен қапталған, сондықтан перкуссия кезінде тимпаникалық дыбыс беріп, шекара анықтау мүмкін емес, тықылдату әдісі ғана үлкен маңыз береді. Фельдшер сол қолын пациенттің беліне қойып, оң алақанының қабырғасымен не жұдырығымен жәйләп үстінен ұрады. Пациент ауырсыну сезсе, симптом оң болып саналады, Пастернацкий симптомы деп аталады. Пастернацкий оң симптомы тынжытаста, пиелонефритте, паранефритте, миозитте, радикулитте анықталады
Достарыңызбен бөлісу: |