Тұздардың мөлшері. Натрий -130-156 ммоль/л, калий 3,4-5,3ммоль/л, хлор 97-108ммоль/л, кальций 2,3-2,75ммоль/л, Na,K ,CL- несеп айдайтын препараттардан кейін аязаяды.
Гиперкальциемия- Д гипервитаминозында, гипокальциемия - гиперпаратиреозда, созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде, жедел панкреатитте, мешін ауруында т.б жағдайларда.
Органикалық емес фосфор қалыпты жағдайда 1,2 ммоль/л, бүйрек жетіспеушілігінде, Д-гипервитаминозында көтеріледі, төмендейді- гиперпаротиреозда, кейібір дәрілерден кейін.
Креатинин мөлшері- ер адамдарда 44-97 мкмоль/л, әйелдерде 44-115мкмоль/л, бүйрек жетіспеушілігінде көтеріледі.
Мочевина мөлшері-2,5-8,32 ммоль/л, бүйрек ауруларында көтеріледі, бауыр циррозында төмендейді.
Функциональды әдістер. Зимницкий әдісінің негізгі мәні тәуліктік диурезді 8 рет бөліп жинап/4 рет күндіз, 4 рет түнде/, әр порцияның мөлшері мен салыстырмалы тығыздығын анықтаймыз.
Копрологиялық зерттеу/ нәжісті зерттеу/
Копрологиялық зерттеу ас қорыту жүйесінің қызметін және үйқы бездің белсенділігін білдіреді. Нәжістің жалпы анализіне/копроцитограммаға/ нәжістің физикалық,химиялық қасиеттері және микроскопиялық зерттеу кіреді, нәжісті құрғақ, таза, шыны ыдысқа, несеп және жыныс жолдарының бөліністерін тигізбей жинайды. Нәжісті бөлінгеннен кейін 8-12 сағаттан асырмай, зерттеу керек. Пациент нәжісті зерттеу алдында дәрі ішпеу керек және нәжісте жасырынды қанды анықтағанда 3 күн бойы ет, балық, жасыл жеміс –жидек қабылдамау керек.
Нәжістің физикалық қасиеттері
Бір тәулікте қалыпты жағдайда 120-200гр нәжіс бөлінеді. Нәжістің көлемі өсімдік тағамдардан кейін кобейеді, ал көбінессе ақ уызды тағамдардан кейін және аштықта азаяды. Нәжістің салмағы 1500гр дейін созылмалы энтеритпен панкреатитте кобейеді.
Нәжісті бөлу жиілігі қалыпты жағдайда тәулігіне 1-2 рет болады, энтеритте, колитте-3-5 рет, ал дизентерияда-20ретке дейін тәулігінде/аз мөлшермен/.
Нәжісті түрімен консистенциясы құрамындағы судан тәуелді болады. Қалыпты түрі шұжық тәріздес және тығыздығы бір келкі болады.
Патологиялық жағдайда түрі өзгереді. Іш қатпасында, спастикалық колитте- «қой құмалағындай», ашыған диспепсияда- көбіктенген, энтеритте-сүйық, қатерлі ісікте-лента тәріздес болады.
Нәжістің құрамында стеркобилин болғандықтан түрі қоныр болады. Сүт тағамдарымен тамақтанған кезде түсі сарғаяды. Ал ішекке өт түспеген кезде ағарып кетеді, асқазан, 12 елі ішектен қан кеткенде қараяды, қан тоқ ішектен ақса онда өзгермей шығады. Дәрілік препараттардан және кейбір тағамдарданда түсі өзгереді: щавель, шпинаттан- жасыл, қылшадан-қызылдау, темір висмутынан-қара, барийдан-ағарады.
Нәжістің иісі- спецификалық/өткір,қышқыл/. өте өткір иіс- ашыған диспепсияда. Қалыпты жағдайда шырыш , көрінер көрінбес тұтық сияқты болады, ал энтериттерде-ұсақ қоспалар тәрізді, колиттарда- сызықтардай. Паразит құрттар көзбен көрінеді/аскарида. Власоглав, острица және т.б/.
Достарыңызбен бөлісу: |