Несепті химиялық зерттеу. Қалыпты жағдайда несепте ақуыз, өт пигменттері, глюкоза/қант/ анықталмайды.
Патологиялық жағдайларда: қант диабетінде глюкоза анықталады, кетон денелер- қант диабетінде, тиреотоксикозда, бауыр циррозында, қалтырауда және т.б жағдайларда.
Несеп тұнбасының микроскопиялық зерттеуі. Тұнбада кездесетін элементтер: эпителиальды клеткалар, лейкоциттер, эритроциттер, цилиндрлар.
Эпителий клеткалардан жалпақ эпителий кездеседі, ол сыртқы жыныс мүшелерінің қабынуында несепке түседі және несеп шығару каналынан. Қалыпты жағдайда көру алаңында 1-2 болады.
Эритроциттер қалыпты жағдайда кездеспеу керек, ол анықталса онда- гематурия. Өзгерген эритроциттер бүйректің патологиясын көрсетеді, өзгерілген несеп шығару жолдарының, қуықтың патологиясын, микрогематурия- бірен-сараң эритроциттің пайда болуы, ал макрогематурия- эритроциттер көп болып несептің түсі өзгереді, «ет жуындысындайға» дейін. Гематурия анықтау үшін Нечипоренко байқауы жүргізіледі,1мл-1000 эритроцит болады.
Лейкоциттер қалыпты жағдайда көру алаңында 3-5 болады, 8 ден көп емес. Лейкоциттер бүйрек, несеп шығару жолдарының қабынуын білдіреді. Несепте лейкоциттің көбеюін лейкоцитурия дейді, ал өте көбін- пиурия дейді. Лейкоцитурия несеп шығару жолдарының қабыну процесстерінде, туберкулезде, бүйректің қатерлі ісігінде кездеседі.Бактериялар қалыпты жағдайда несепте анықталмайды Цилиндрлер - қанның плазмасының глобулиндерінен және несептегі басқа элементерден құрылған бүйрек өзекшелерінің тұнбасы. Цилиндрлер гиалин және эпителиальды түрге бөлінеді, ал эпителиальды цилиндрлер түйіршік, балауыз цилиндрлерге бөлінеді. Гиалин және түйіршік цилиндрлер бүйрек жедел қабыну процесстерге пайда болады , ал балауыз цилиндрлер- созылмалы процестерде. Қалыпты жағдайда цилиндрлер анықталмайды.
Несептен цилиндрлердің бөлінуі цилиндрурия деп аталады. Нечипоренко байқауында қалыпты жағдайда гиалин цилиндрлердің саны 4 камерада біреуден болады/ Горяев камерасы/.
Аддис-Каковский сынамалы тәсілі тәуліктік несептегі қан түйіршектерін санын анықтауға негізделген. Түнгі 2100 таңғы 700 дейінгі несеп жиналады . Эр-1 млн, лейкоцит -2млн. гиалин цилиндрі-20 000.
Нечипоренко сынамалы тәсілі бойынша ертеңгі дәреттің ортаңғы бөлігі алынады, 1 мл несепте: эр. - 1000. лейкоцит - 4000, гиалин цилиндрі – 220 есептейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |