Апаттық құтқару қызметі – басқару және қаржы органдарының жиынтығы, ТЖ
ескерту және салдарын жоюға арналған, бір жүйеге функцияналды біріктірілген,
негізіне авариялық құтқару құрамалар кіреді.
Апаттық - құтқару жұмыстары – адамдарды құтқаруға материалды және мәдени
құндылықтарды, ТЖ аймағындағы табиғи ортаны сақтауға, ТЖ жою немесе оның
басқа да қауіпті факторға жалғасып кетуіне жол бермеуге бағытталған іс – шаралар.
Авариялық - құтқару жұмыстары – бұл жұмыстарды жүргізетін адамдардың
денсаулығына қауіп төндіреді және арнайы дайындықты, экипировка және
құралдарды қажет етеді.
Апаттық – құтқару құрамалары – өздігінен немесе апаттық құтқару қызметіне
кіретін құрылым, апаттық құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған, негізін
құтқарушылар құрайды, арнайы техникамен, құрал-жабдық, аспап және
материалдармен жабдықталған құрамалар.
Авария - механизм, машина құрылғы, объектінің бүлінуі, жұмыс істеуге мүмкіндік
бермейтін, адамдардың денсаулығымен өміріне қауіп төндіреді.
Авиакатастрофа – авиациалық техниканың апатқа ұшырауы.
Аман қалу – адамның экстрималды жағдайда өмір сүру қабілеті.
Азаматтық қорғаныс – қорғаныс, инженерлік – техникалық және ұйымдастыру
шаралар жүйесі, бейбіт халықты қорғау шараларын ұйымдастыру.
Апат аймағы – ТЖ салдарын жоюға арналған жедел және қосымша көмекті қажет
ететін ТЖ аумағының бөлімі.
Биологиялық қауіпсіздік – биологиялық ТЖ салдарынан адамдарды, жануарларды,
өсімдіктерді, қоршаған табиғи ортаны қорғау.
Басқару нүктесі – ТЖ салдарын жою құралдары және нүктелерін бақылайтын
жабдықталған инженерлік немесе көліктік құрал.
Барлау – бір нәрсені арнайы мақсатта зерттеу.
Ескерту дабылы – ТЖ пайда болуы жөніндегі хабарлама.
Дезинфикация – инфекциялық аурудың қоздырғышын жою.
Дегазация – авариялық химиялық қауіпті бейтараптандыру және жою.
Достарыңызбен бөлісу: |