Дәрістер жинағы «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы»



Pdf көрінісі
бет67/70
Дата01.12.2023
өлшемі1.09 Mb.
#485134
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
4920789353740 Калелова Г.Ж. Лекция Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы

Дозиметрлік бақылау – радиоактивті сәулелену мөлшерін анықтау.
Зақымдау аумағы – қоршаған ортаға, адамдар өмірі мен денсаулығына әсер ететін 
қауіпті концентрациялы химиялық заттар әкелінген және таралған аумақ немесе 
акватория. 
Залалсыздандыру – ластануды, аумақтың зақымдануын, нысандардың, судың, азық 
түліктің ластануын шекті рұқсат етілген шегіне дейін төмендету.
Газқағар – газ тәріздес заттармен шаңдардан тыныс алу органдарын қорғауға 
арналған құрал.
Жол көлік оқиғасы – транспорттық авария, жол жүру кезінде пайда болған оқиға, 
транспорттың қатысуымен адамның дене жарақатын алуы, кейде өлімге жететін 
оқиға. Транспорттың бүлінуі жол, ғимарат, жүк немесе басқа да материалды шығынға 
әкеледі.
Жерсілкінісі – жер қабатында және мантияда аяқ астынан бірігу және ажырау 
нәтижесінде пайда болады. Алыс қашықтықтарға серіппелі толқын түрінде таралатын 
жер бетінің және жер астының тербелістері мен дүмпулері.
Жаралану – ағзаның немесе тіннің абайсызда бұзылуы.


68 
Темір жол авариясы – бір немесе бірнеше составтың бүлінуі, поезд қозғалысының 
тоқтауы, бір немесе бірнеше адамның қайтыс болуы, адамдарға ауыр дене жарақат 
алуы мен сипатталатын темір жол апаты.
Төтенше жағдай – белгілі бір аумақта апат, катастрофа, қауіпті табиғи құбылыс, 
табиғи жағдай нәтижесінде болған, адам шығынына, тіршілік жағдайының 
бұзылуына, қоршаған ортаға шығын әкелген оқиға. 
ТЖ қауіпсіздік – халықты, халықшаруашылық объектілерін, қоршаған ортаны ТЖ 
қаупінен қорғау 
Тіршілікті қамтамасыз ету – тіршілікті қамтамасыз етуге арналған іс-шаралар. 
ТЖ аумағында халықты қорғау – адам шығынын шекті қысқартуға немесе 
болдырмауға бағытталған іс-шаралар. 
ТЖ қаупі бар аумақ – ТЖ қаупі пайда болуы ықтимал аумақ немесе акватория.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет