Дәрістер кешені


Баспасөз ісінің қанат жаюы. Қазақ жеріндегі ең алғашқы газет-журналдар. «Серке»



бет2/20
Дата26.09.2024
өлшемі82.16 Kb.
#504024
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
lektsiya

Баспасөз ісінің қанат жаюы. Қазақ жеріндегі ең алғашқы газет-журналдар. «Серке» газеті. Бұл газет Петерборда татар тілінде шығып тұрған «Үлфәт» деген газетке қосымша ретінде 1907 жылы Петерборда шыққан. Бір нөмірі шығып тоқтап қалған. Редакторы хажы Ыбраимов деген кісі болған.
«Қазақ» газеті. «Қазақ» Орынборда, 1913 жылы 2 ақпаннан шыға бастады; 1918 жылдың аяқ кезіне дейін шығып тұрды. Қалыпты көлемде, алғашқы кезде жетісіне бір рет, кейін жетісіне үш рет шықты. Қазақ арасына көп тарады.
Жоғарыда айттық: XX ғасыр басында қазақ тілінде 200 шақты кітап басылып шықты дедік. Солардың ішінде 65-70 шамалы кітап қазақтың сол кездегі ақын-жазушыларының күнделікті тақырыпқа, сол заман тақырыбына жазған шығармалар жинақтары, дастан, поэмалары, әңгіме, романдары – яғни төлтума шығармалары. Бұлардың тақырып, мазмұны жағынан, көлемі жағынан болсын көрнектілері мыналар деуге болады:
«Насихат қазақия», өлеңдер жинағы, жазған Орынтай Құрымбайұлы, Қазан, Кәрімовтер баспаханасы, 1900 жыл, 20 бет.
«Топ жарған», поэма жазған М. Сералин, Троицк Ф. Селянкин, Х. Сосновский баспаханасы, 1900 жы, 13 бет.
«Әдебиетқазақия», өлеңдержинағыбіріншібөлім, Қазан, Кәрімовтербаспаханасы, 1902 жыл, 44 бет.
«Гүлкәшима», поэма, жазушы М. Сералин, Орынбор, Кәрімовтер, баспаханасы, 1903 жыл, 97 бет.
Ұстанған мақсаттары. Қате-кемшіліктері. XIX ғ. бас кезінде қазақ даласындағы мұсылманша оқу екі бағытта жүргізілді. Бірі – ежелден келе жатқан ескіше, яғни қадым оқуы, екіншісі – жаңа тәртіпке негізделген жаңа – жәдид оқуы.
Қадым оқуы, көбінесе дін сабақтарын ғана оқытып, дүниелік пәндерді аз жүргізетін, араб алфавитінің 28 әріпіне негізделген, қазақ секілді түрік тектес халықтар үшін қолайсыздау ежелден келе жатқан оқуымыз болатын.
Жәдид оқуы, араб әріптерінің негізінде жасалған, тілімізге лайықталып, барлық дыбыстарды толықтырып әріппен беруге бағытталып жасалған алфавит негізінде оқу болатын. Тек алфавит қана емес, бүкіл оқу жүйесі жаңарған, діннен өзге дүниелік пәндерді: тарих, жағрафия, математика, т.б оқытуға көп көңіл бөлетін жаңа жүйе. Ббұл жүйенің басында татар халқының ғұлама тарихшысы, қайраткері Шаһабутдин Маржани, өзі қырымдық, бүкіл түрік халықтарының көсемі танылған Исмаилбей Гаспралы тұр еді. Бұл дәстүрді қазақтар үшін жалғастырушы, дамытушы А.Байтұрсынов болды.
Бұл оқу халықтың қалың бұқарасының тез сауаттануына, ілгеріленуіне үлкен ықпал етті. Болашақ үшін тырмысып, халық ретінде жойылып кетпес үшін ұмтылған жаппай ояту, ояну дәуірі басталды.
Ал, орыс оқуы қазақ жері патша отары болған дәуірлерден бастап біртіндеп ашылып жатты. XX ғасыр басындағы қазақ ақындары осы екі бағытта оқу оқып, екі бағытта тәрбиеленді.
Бұл дәуірде кітап бастыру ісі де едәуір дамыды. 1862-1900 жылдар арасында 70 шамалы қазақ кітабы жарық көрсе, 1900-1917 жылдар аралығында 200-ге тарта кітап басылып шыққан. (Б.Кенжебаев. Қазақ халқының XX ғасыр басындағы демократ жазушылары А-1958)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет