Дәрістер кешені


МҰХАМЕДЖАН СЕРАЛИН ЖӘНЕ МЕРЗІМДІ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІ. «АЙҚАП» ЖУРНАЛЫ



бет14/20
Дата26.09.2024
өлшемі82.16 Kb.
#504024
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
lektsiya

МҰХАМЕДЖАН СЕРАЛИН ЖӘНЕ МЕРЗІМДІ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІ. «АЙҚАП» ЖУРНАЛЫ
Шығармашылық өмірбаяны. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы белгілі қоғам қайраткері, ақын, журналист Мұхаметжан Сералин 1871 жылы Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Өрнек колхозы жерінде туған. Руы – қыпшақ, қыпшақ ішінде тама-бұға, тама-бұға ішінде қожа деп аталады.
Мұхаметжанның әкесі Сералы, атасы Тұрсынбай. Сералы әке-шешесінен жастай жетім қалады; кедейшілікпен күні өтеді; пысық, шешен, өлең шығаратын жан екен. Қазақтың «Айқап»журналының шығуына зор үлес қосқан. Мұхаметжан 8 жасында медресеге оқуға түседі. Мұсылманша орта дәрежелі білім алады. Сонан кейін 1887 жылы,16 жасында Бестөбе болысындағы Арыстан деген бай жездесінің қолына барып тұрады. Солай жүріп, 1891 жылы Қостанайдағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебін өте жақсыға аяқтайды.1900 жылы Троицкі қаласына барып, татар миллионер Яушевке қызметке тұрады.1929 жылы Мұхаметжан дүниеден өтеді. «Өрнек» колхозының жеріндегі «Үлкен зират» деп аталатын зиратқа қойылады.
Яушевтің доверенныйы болып істеп жүріп, елдің саяси-шаруашылық, мәдени тұрмысымен танысуы арқасында, Мұхаметжан Сералин қазақ тілінде журнал шығару қажет екен деген ойға келеді. Өзінің елдегі, қаладағы көңіл жақын адамдарымен сөйлесіп, сол журналды шығаруға әрекет жасайды: қаржы жинайды, өкіметтен рұқсат сұрайды, баспахана қарастырады.
«Айқап» журналын шығарудағы еңбегі. Мұхаметжанның қазақ тілінде журнал шығару жөніндегі ізгі ойы 1911 жылы жүзеге асты; сол жылы қаңтар айынан Троицкі қаласында «Айқап» журналы шыға бастады. Оныңшығарушысы да, редакторы да МұхаметжанСералинніңөзіболды.
Журналдың «Айқап» аталуытектен-тек емеседі. М.Сералин «Қызметиесімырзаларға» аттымақаласында:«Журнал шығарудағымақсат – атақшығару, білімсатуемес, халыққақызмететумәселесі, отырықшы болу, егінкәсібіменайналысу, поселка, қала салу мәселелеріболды. «Айқап» журналы 1915 жылы, қыркүйек айында жабылды.
Сюжетті поэмаларының тақырыбы, ерекшелігі. Көркемдігі.Аударма жанрындағы еңбегі. М.Сералиннің орыс тілінен аударылған екі шығармасы ғана қолымызға жеткен. Оның бірі «Рүстем-Зорап» поэмасы. Ол орыс тілінен аударылып, «Айқап» журналының 1914 жылғы 22, 23, 24-сандары ме 1915 жылғы 2, 3, 4, 5, 9-сандарында басылды, бөлек кітап болып шықпады. Бұл поэма орыс тіліне «Шахнамадан» аударылған.
Мұхаметжан қазақ тіліне аударғанда осыдан тек бірінші кітаптың атын қойған да, басқаларының аттарын қоймаған, « Екінші кітап», «Үшінші кітап» деген сияқты кітаптың ретімен атаған.
М. Сералин поэманы орысшадан дәлме-дәл аудармай еркін аударған: оның кей жерін кеңейтіп, кей жерін қысқартып кетіп отырған: кей жерін дәл аударып, кей жерінің мағынасын ғана берген деуге болады.
Мұхаметжан Сералиннің орыс тілінен аударған екінші бір шығармасы «Жусан». Ол қазақ тұрмысынан көптеген әңгіме, очерк, мақала жазған Сібір жазушысы Антон Сорокиннен аударылып, «Айқап» журналының 1915 жылғы бірнеше санында басылды. Онда қазақ даласының суреті берілген.
Мұхаметжанның «Гүлкашима» поэмасы – қазақ халқының сол кездегі өмірінен алынып жазылған реалистік-романтикалық, сюжетті поэма. Оның негізгі идеясы – адамның бас бостандығы, әйел теңдігі; ізгі тілектеріне жете алмай кеткен екі жастың, бір-біріне шын ғашық қазақ қызы Гүлкашима мен қазақ жігіті Баймағамбеттің әңгімесі.
Поэма үш бөлімді: бірінші бөлімі – жазушының көрген-білген бір оқиғасы; екінші бөлімі – Гүлкашима мен Баймағамбеттің ғашықтық әңгімесі; үшінші бөлімі – автордың қорытындысы.
Бір жылы ақын Қостанайда болған Покров жәрмеңкесіне барады. Бара жатып жолда Тілеуберген деген шалдың үйіне қонады. Тілеуберген Сыр бойынан келген жалғыз үй: кемпір-шал екен, тек Баймағамбет деген жалғыз баласы бар екен. Ақын қонған күні бала бір жаққа кетіп, келмей қалады. Жәрмеңкеде бірнеше күн болған соң, ақын бір күні Тобыл бойында бір кісі өзін-өзі бауыздапты деген хабар естиді.
Қазақ әдетінше бата оқып, көңіл айтайын деп, қайтарда ақын Тілеубергеннің үйіне тағы келеді. Кемпір-шал қатты қайғылы; баласының ақын екенін, білімді екенін айтып, сондықтан оның оқыған кітаптарын, жазған өлеңдерін алып көрсетеді. Ақын кемпір-шалдан Баймағамбеттің өлең жазған дәптерлерін сұрап алып кетеді. Келесі жылы барып Баймағамбеттің моласын көреді.
Әдебиеттер тізімі:

  1. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті Алматы: Қазақ университеті, 2002. -430 б.

  2. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет –Алматы:Білім, 1993. –248 б.

  3. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы –Алматы:Қазақ университеті, 2002. –360 б

9 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет