Дәрістер кешені


ІЛИЯС ЖАНСҮГІРҰЛЫ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ҚҰЛАГЕРІ



бет20/20
Дата26.09.2024
өлшемі82.16 Kb.
#504024
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
lektsiya

ІЛИЯС ЖАНСҮГІРҰЛЫ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ҚҰЛАГЕРІ


Жансүгіров Ілияс (14.30.1984,Алматы облысы,Ақсу ауданы-1983)-ақын.Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан. Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Болашақ ақынның бұдан соңғы біраз уақыты ауылда өтеді. 1919 жылы Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курска түседі. Оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болып кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады.1922 жылы Верныйдағы (Алматыдағы) Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалады. 1925 жылы Мәскеудегі Журналистика институтына оқуға түсін, оны 1928 жылы бітіріп шыққан соң, «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке жіберіледі. Жансүгіров шығармалары жұмыспен қатар Қазақстан Жазушылар одағын ұйымдастыру ісіне де белсене қатысқан. Бұрынғы ҚазАПП (1926) таратылған соң, 1932 жылы Жазушылар одағын ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болып сайланып, 1934 жылы өткен 1-съезге дейін қызмет істейді.Съезде Қазақстан Жазушылар одағының алғашқы төрағасы болып сайланды. 1934-37 жылы. Қазақ саяси баспасының редакторы, сонымен бір мезгілде, 1933-36 жылы. Қазақ АҚСР ОАҚ-нің мүшесі болды. 1937 жылы жалған саяси айыппен тұтқындалып, 1938 жылы ату ақталды. Жансүгіров өлең жазуды 1912 жылы бастаған. Оның «Балдырған», «Қызыл жалау» атты өлең дәптерлері кейін, 1957жылы Ұлттық кітап-ханадан табылды. Жансүгіровтың баспа бетін көрген алғашқы туындылары- «Сарыарқаға», «Тілек» деген өлеңдері. Бұлар 1917 жылы Семейде шығып тұрған «Сарыарқа» газетінде жарияланған.
1923 жылы «Сана» журналында «Мерген Бөкен» әңгімесі басылып шықты. Осыдан соң Жансүгіров өлеңдері «Тілші», «Ақжол», «Кедей еркі» газеттерінде жиі жарияланып, жүрді. 1925- 1928 жылы. Жансүгіров өлеңдері сан жағынан молықса, сапа жағынан да сақталмана, тереңдей түсті, тақырып жағынан да толықты. Мәскеуде оқып жүрген кезіңде «Заводта», Орақ пен балға», «Отарба» өлеңдерін үлкен ақындық шеберлікпен жазып, қазақ поэзиясын тың тақырыппен байытты. 1927 жылы оның «Беташар» атты шағын жинағы «Әйел теңдігі» журналына қосымша ретінде жарық көрсе, 1928ж. «Сағанақ атты тұңғыш жинағы басылып шықты. Осыдан былай қарай Жансүгіров халқына қаламы ұшталған, терең ойлы, талантты ақын ретінде мәшһүр болды. Жансүгіров шығармаларының бастау алар арнасы- қазақ халқының бай ауыз әдебиеті,Абай поэзиясы, орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілері. Оның шығармалары сан салады, көп қырлы. Ол әдебиеттің күллі жанрында қалам сілтеген қаламгер.
Алғашқыда ол лирика жанрымен қатар қоғамдық талапқа сай сол заманның өзекті мәселелерін көтерген шағын жанр-әңгіме, фельетон түріндегі сатира жанрын дамытты. Қоғамдағы теріс мінез, ұсқынсыз әрекет, сыйықсыз қалықтарды тез көріп, өткір әжуа, ащы тілмен сатиралық образ жасау Жансүгіров дарынының негізгі бір қыры. Оның «Сөз Қамысбаевқа!», «Құқ», «Сыйға сый, сыраға бал», «Шалқыбай» т.б. туындылары «Құқ деген атпен жеке жинақ болып басылып шығып, оқырман ілтипатына бөленді. Жансүгіровтің прозалық шығармалары еңбек адамдарының өміріндегі жаңа сипатты бейнелейді. Қаламгер қазақ халқының өмірінде бұрын болмаған жаңару процесін, адамдардың еңбекке деген көзқарасының өзгеруін типтік образдар арқылы суреттеді. Мұның өзі зор тәрбиелік рөл атқарды. Жансүгіров прозасының елеулісі- оның «Жолдастар» романы. «Жолдастар» жаңа дами бастаған қазақ прозасын тың белеске көтерген салмақты шығарма. Романда 1-жүниежүзілік соғыс кезіндегі қазақ ауылының әлеуметтік жағдайы, өмір қайшылықтары, 1916 жылғы көтеріліс, Ақпан, Қазан төңкерістері халық өмірі аясында көркем бейнеленеді. Жансүгіров драматургия жанрында да жемісті еңбек етіп, «Кек», «Түрксіб», «Исатай Махамбет» т.б. пьесалар жазды. «Кек» қазақ ауылындағы тарихи тартыс тақырыбын қозғаса, «Түрксіб» Түркістан- Сібір темір жолын салу жұмысындағы шытырман тартыс оқиғаларын бейнелейді. Жазылып,сахнада қойылып үлгермеген «Исатай- Махамбет» пьесасы тарихи тақырыпты қозғаған жазушының елеулі шығармасы. 1931-36 ж. Жансүгіров ақын ретінде толысып, кемелдене өсті. Бұл тұстағы оның ерекше еңбегі, әсіресе, үлкен эпикалық поэмаларынан байқалады. Әрбір үлкен шығармаларының алдында Жансүгіров сол тақырыпқа шағын өлеңдер жазып, экскурстар жасап отырды. Мысалы, әйгілі «Дала» поэмасының алдында «Бүгінгі дала», «Гималай» т.б. туындылары дүниеге келді. Жансүгіров барлығы 15 поэма жазған.Бұлардың ішінде «Рустем қырғыны»( 1933), т.б. кезінде жарық көре алаған. Ал «Мақпал», «Исатай», «Көбік шашқан» тәрізді поэмалары аяқталмай қалса да ақынның мол дарынын, ерен суреткерлігін танытатын дүниелер.Сондай ақ,»Мәйек»,»Жаңа туған», «Жарық» поэмалары-заман бейнесін, өмір шындығын көркем бейнеленген үздік эпикалық туындылар. Жансүгіровтің алғашқы шығармашылығына «Бұлбұлға», «Әншіге» өлеңдерінен бастап ерекше бір сарын 33-жылдары үлкен бір арнаға ұласты. Ол 1928ж. «Күй», 1931ж. «Құлагер» поэмаларын жазды. Бұл шығармалар Жансүгіровтің эпикалық жанрдағы ізденістерінің сәтті жемісі. «Күй» поэмасында ол өнер тегін, тетігін терең бойлап тани білетін нәзік эстет екенін танытса, «Күйші» поэмасында ол өнердің адам өміріндегі рөлін, азаттық пен азаматтыққа әсерін, махаббат парасатының биіктігін бейнелей тұрып, әлеуметтік қайшылықтар төркінін де аңғартады.. «Құлагер»- Жансүгіровтің алуан сырлы ақыл-ой сезімдерінің ағындап,тасқындап келіп құйған терең арналы туындысы. Шығараға халық композиторы Ақан Серінің өміріндегі трагедия өзек болған. Сюжет желісі-халықтық аңызға айналған тарихзи шындық. Поэмада заман сипаты,адамдар арасындағы әлеумет тартыс, Құлагердің өліміне байланысты жанды көріністер шынайы суреттеліп, сол дәуірдегі халық өмірінің тыныс-тіршілігінен мол мағлұмат берілген. Шығармадағы оқиғаның шымыр дамуы, кейіпкерлердің мінез даралығы, портреттік бейнелер-ақын шеберлігінің айғағы. Поэмада халық өмірі, тұрмысы, әдет-ғұрып,дала табиғаты әсерлі суреттелген. 20-ғасырдың 70-жылдары Жансүгіровтің осы шығармасы негізінде кинофильм түсірілді. Жансүгіров халықтың бай фольклорын жинасуға, оның озық үлгілерін халық игілігіне айналдыруға, басылып кітап болып шығуына да үлкен үлес қосқан. Олардың озық үлгілерін өзі жазған мектеп оқулықтары мен хрестоматияларына еңгізіп,мектеп оқушыларының халықтық тарихынан,өткен өмірінен хабардар болуына зер салған. Осы мақсатта ол «Балаларға тарту» (1925), «Байшұбар» (1923), «Малта», «Шәркей» «1929), «Жұмбақ», «Өтірік» (1932) өлеңдер жинағын жазды. Жансүгіров әдебиет сынына да арналасып,әдеби көркем сын жанрының дамуына ат салысты. Жансүгіровтің, әсіресе, өндіре жұмыс істеген саласының бірі-көркем аударма. Ол Пушкиннің көптеген өлеңдерін, «Евгений Онегин» романын қазақ тіліне аударып шықты. М. Лермонтовтың «Ақынның өлімі», «Тұтқын», «Қанжар», Н. Некрасовтың «Темір жол», М. Горькийдің «Дауылпаз», Гейне мен Гюгоның, татар ақыны Ғ. Тоқайдың ,тәжік ақыны К. Лахутидің классик шығармаларын қазақ тіліне аударып, қазақ әдебиетінің әлем әдебиетімен байланысын кенейтті.
Жансүгіров поэзиясы терең ойдың, үлкен сезімнің поэзиясы оның ақындық ерекшелігі көркем тілінде. Жансүгіровтің казақ әдеби тілін жаңа сатыға көтерген қаламгер.
Ілияс Жансүгіров-жер, табиғат тақырыбын жетік меңгерген дала перзенті. Оның поэзиясында сондықтан да шынайы табиғат суреттерінің тұтас галереясы жасалған.
Ілияс өз шығармаларында зат есімді жұптап та, топтап та қолданады. «Жер түгі» деген өлеңінде ақын өсімдік атауларының бәрін заттық мағына түрінде алған, ақынның шеберлігі соншалық бір өсімдік атауы екінші қолданысқа түспеген.Жетісу сөйленісіне тән лексикалық ерекшеліктердің бірі- мұнда өсімдік атауларының молдығы. Жер бедері таулы, далалы, сай-салалы, өзеңді, көлді болып, ауа райының қолайлығына байланысты жер жанатты Жетісуда неше түрлі өсімдік түрлері кездеседі. Бұл жайында ақын Ілияс Жансүгіров «Жетісу суреттері» атты өлеңінде жырлаған болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет