Анархизм – жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталып
келеді.
Анархия – 1) мемлекеттік биліксіз əр түрлі қауымдастықтар,
бірлестіктер, одақтар арқылы өзін-өзі басқаратын қоғам құруға тырысушылық;
2) үйреншікті өмірде тəртіпсіздікті, жөнсіздікті, заңсыздықты басшылықтың
жоқтығын білдіреді.
Аннекция – басқа мемлекеттің, халықтың жерін тұтас, я бір бөлігін
күштеп жаулап алу немесе басқаға алып берушілік.
Антагонизм – мүдделі қарама – қарсы күштердің, қостасқан топтар,
партиялар жəне т.б. арақатынасының шиеленіскен түрі.
Антисемитизм – еврейлерге қарсы бағытталған, оларды қудалауға
арналған саясат пен идеологияның түрі.
Апартеид – нəсілдік жағынан бөлу, қорлау саясаты. Ол сайлау
құқығынан айыру, бірдей еңбекке төмен ақы төлеу, көшіп – қонуды шектеу
жəне т.с.с. көрініс береді.
Апартидтер – ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар.
Олар қай елде тұрса, сол елдің заңына бағынады, бірақ саяси құқықтары
болмайды.
Аристократия - Ақсүйектер əулеті, билік жүргізетін мемлекеттік
басқарудың түрі.
Ассамблея – халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы.
Ассоциация – белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мəдени жəне т.б.
мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелердің бірлестігі.
Астыртын партиялар – заң бойынша тыйым салынып, жұмысын
астыртын, жасырын жүргізген партиялар. Əдетте, олар үстемдік етіп отырған
құрылысты күшпен өзгертуді мақсат етеді.
Атқарушы билік – биліктің тармақталуы негізінде істейтін мемлекеттік
басқару орындарының жүйесі. Оған үкімет пен əкімшілік жатады. Парламенттік
республикаларда оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады.
Сондықтан атқарушы билік алдында есеп береді.
Ə
Əлеуметтік саяси ағым. Оны жақтаушылар күштеу арқылы еріксіз
көндіретін органдарды азаматтардың еркін ассоциацияларымен ауыстырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |